Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

215

коршіс беріп қарады. Кейіпкерлер жұмсақ мінезді болып көрінеді. Олардың 
сөилеу  мәнері  де  өзгеше,  ойьш  әрлеп,  әсемдеп айтады.  Міне,  мұның бэрі 
новеллалық ертегінің жанрлық белгілеріне жатады.
„  Новеллалық ертегіде  гұмырнамалық  (биографиялық) тұтастану  бол-
маиды^  онда  кейіпкердің  туганынан  бастап,  тірлігінің  соңына  дейін  ай-
тылмайды,  кейіпкер  омірінің  бір,  яки  бірнеше  кезеңі  ғана  корсетіледі.
Сондықтан  новеллалық  ертегідегі  оқиғалар  кейіпкердің  азамат  ретінде
қалыптасу  тарихымен,  я  болмаса  соның  бір  маңызды  кезеңімен  байла-
нысты  болмайды.  Мұның  бэрі  бұл  жанрдың табиғаты  мен  коркемдік  ны-
санасынан  туған  деп  ойлау  керек,  ойткені,  егер  бұрынғы  батырлық жэне
қиял-ғажайып  ертегілерде  басты  мақсат  —  кейіпкерді  мадақтау  болса,
новеллалық ертегіде  кейіпкер  арқылы омірдегі  кемшіліктерді  сынау — не-
пзгі шарт болып отыр. Егер бұрын халық идеалы дэріптеліп, ал, элеуметтік 
мэселе коп қозғалмаса, енді ол бірінші орынға қойылады.
Осы айтылғанның бәрі новеллалық ертегінің айтылу мэнерін де, яғни
стилін де  өзгертеді.  Енді  бұрынғы эпикалық пафостың орньша жай баян-
дау, ғажайыпты түрде эсірелеудің орнына көркем түрде сынау пайда бола-
ды. Ертегінің шыншылдығымен бірге сыншылдығы да артады: ежелгі діни
нанымдар  мен  түсінік-пайымдар  жоғалады,  я  болмаса  күлкіге  айналады.
Бұрынғы хайуанаттар жайьшдағы ертегілерде де осындай көне түсініктерді
күлкі  ету  бар-ды,  бірақ  ондағы  сын  (сатира)  көркем  шарттылықпен  шек-
теулі еді, сондықтан шындықты бейнелеу толық болмайтын.  Ол ертегілер
шыққаннан бергі уақытта өмірде сан алуан озгерістер болды, соған сәйкес
тіршілік,  іс-эрекеттер,  адамдар  пайда  болды.  Оларды  сынап  корсету
қажет  болған  кезде  бұрынғы  стиль  мен  тэсіл  жеткіліксіз  болды.  Сойтіп,
күнделікті  болмыста  озінен  элсіздер  мен  кедей-кепшіктерге  үстемдік
жүргізіп,  оларға  зорлық  жасаушылардың  жэне  омірде  кездесетін  алдау,
өтірік  айту,  ұрлау тэрізді  жағымсыз  қылықгарды  сынап-мінеу  үшін  жаңа
жанрда жаңа тәсілдер  пайда болды,  ертегінің стилі жаңа тақырыптар мен 
дүниетанымға сэйкестенді.
Сілтемелер және ескертпелер:
1. Ғабдуллин М.  Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы,  1974.  126-127-6.
2.  Мұндай жағдай орыс ертегілерінен де байқалады // Қараңыз: Аникин В.  П. 
Русская народная сказка. М.,  1977.  С.  170-178.
3.  Мархұма  //  ӘӨИ  қолжазба  қоры.  №  114-бума.  Осы  сюжеттес  ертегілерді 
қараңыз:  Сонда. №  109,  114,  119, 320-бумалар.
4.  Отыншы  уэзір  //  Труды  общества  изучения  Киргизского  края.  Оренбург,
1922.  Вып.  III.  С.  175-177;  Аяз  би  //  Қазақ  ертегілері.  Алматы,  1957  1-т 
405-423-6.
216

САТИРАЛЫҚ ЕРТЕГІ
Егер новеллалық ертегілер адамның басынан кешкен шытырманды, эрі 
қызгылықты, тіпті, эдетген тыс уақнғалармен байланысты болса, сатиралық 
ертегілер қанаушылар мен арамтамақ адамдарды әшкерелеп, кэдімгі ауыл 
емірін  бейнелейді.  Новеллалық  ертегілер  ғибрат  боларлық  белгілі  бір 
тұрмыстық  шындықты  жақтауды,  қайсыбір  кеселді  келісті  үлгі  күшімен 
аластауды,  әлдеқандай  бір  мораль  уағыздауды  мақсат  тұтса,  сатиралық 
ертегілер  қоғамдық  дертті  кекесінді  де,  кесіп  түсетін  күлкі  арқьшы 
эшкерелеуді  көздейді.  Новеллалық  ертегілердегі  уақиға  хан  сарайлары 
мен  қалаларда  өтеді.  Ал,  сатиралық ертегілердегі  уақиға орны -   әдеттегі 
ауыл, кейіпкерлері -  ауылдағы малшы мен бай, молда...
Сатиралық ертегілер -  элеуметтік мазмұны  жағынан  ширыға түскен, 
кемелденген  сананың  жемісі.  Бай  мен  кедей  бірімен-бірі  тату  тұрған  ба? 
Сондықтан  халық  ертекте  қанаушы  тапты  қатал  әшкерелеп,  қарапайым 
кедейдің  байдан  моральдық  артықшылығын  баса  көрсетеді.  Халықтың 
мэңгілік  арманы  -   қанаушыларын  тізе  бүктіру  сатиралық  ертегілерде 
көрініс  табады.  Әмбе  бұл  арман  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған 
өмір  аясында немесе құрғақ қиялда емес,  күнделікті  шындық өмірді  бей- 
нелейтін  ертегіде  жүзеге  асырылып  отырады.  Сөйтіп,  ертегі  кедейдің  өз 
күшіне деген  сенімін артгыра түседі.  Бұдан  біз  сөз  өнері түріне  айналған 
сатиралық  ертегілердің  халық  прозасыньщ  басқа  жанрларынан  кешірек,
таптық  қоғамның  кеселді  дерттері  оарынша  аиқындалған  дэуірде  кең 
дамығаңың  көреміз.  Сатиралық  ертегілердің  бізге  жеткен  сипаты,  негізі- 
нен,  ХҮ-ХУІІІ  ғасырларда,  яғни  Қазақ  хандығы  тұсында  қалыптасқан 
болу керек.
Сатиралық ертегіде ақымақгар мен қу тазша, Алдар көсе, Қожанасыр 
бейнелерінің  болуы  -   жалпы  ертегі  жанрының  жаңа  көркем  сапаға 
көшкенінің  белгісі,  өйткені,  бұл  кейіпкерлер  қоғамның  дамуына  сәйкес 
өзгерген  халық  дүниетанымымен  байланысты  пайда  болған.  Басқаша 
айтқанда, ел енді ежелгі нанымдар мен салттарға сын көзбен қарап, оларды
217

ұстанган  кісілерді  мазақ қылатын  болған.  Сол  себепті  ертегі  кейіпкерінің 
бұрынгы  жақсы  қасиеттері  (тектілігі,  адамгершілігі,  адалдығы,  т.с.) 
басқаша бағаланып,  кейіпкер өзгеше, тіпті,  бұрынғыға кереғар сипаттала- 
тын болган. Дүние озгеріп кетті, ал, ертегі кейіпкері сол қалпында қалған, 
сондықтан  оның  ескі  салт  пен  түсінік-пайымға  адалдыгы  елдің  күлкісін 
келтіреді.
Ертегі  кейіпкерінің  өмір  жағдайына  бейімделе  алмауы  оны  елге 
ақымақ  қылып  корсетеді.  Ол  маңайындағы  адамдарға  үқсамайды.  Басқа 
жүрт есеппен омір сүріп, өзіне қажетті  шаруа істесе, ол керісінше істейді: 
қақпанға  түскен  аңдарды  босатып  жібереді,  іші  араға  толы  қапты  сатып 
алады, өлген кісіні тірілтемін деп, таяқпен сабайды  [1].
Алайда, бүл ертегілердің кейіпкері  қаншалықты ақымақ болғанымен, 
ол  -   жаны  таза,  қайырымды,  ешкімді  жәбірлемейді.  Осы  қасиеттері  оны 
ертегідегі  басқа  кейіпкерлерден  әлдеқайда  артық  етіп  корсетеді.  Ертегі 
де,  халық  та  сол  жақта,  оны  бақытқа  кенелтеді.  Ол  -   халық  өте  жоғары 
бағалайтын  қасиеттердің  иесі,  сондықтан  басқа  адамдардың  қадір- 
қасиеті  сол  арқылы  бағаланады.  Соның  қасиеттері  арқылы  ертекшілер 
қайырымдылық  пен  әділеттіліктің  идеясы  осындай  болса  деген  өз  ойла- 
рын айтады.
Мүндай  ертегілерде  кейіпкердің  іс-эрекеттері  күлкілі  етіп  суретте- 
леді,  олардың  ақымақтығы  ғажайыпты  (фантастикалы)  емес,  түрмыстық 
(бытовой) қиял арқылы әшкереленеді.  Ертегілерде көрсетілген жағдайлар 
(күйеуін шешесіне тамаққа қанша түз салу керек екенін біліп келуге жүмсау, 
күйеуінің өз  есімін үмытып қалуы,  өзіне келген еркекті  эйелдің сандыққа 
тығуы, т.  т.)  өмірде  болуы  мүмкін  емес,  ертегі  сынға алып  отырған  нәрсе
-  осы «логикаға сыйымсыздық».  Болмыстағы шын нэрсені әдейі логикаға 
сыйымсыз етіп көрсету -  түрмыстық қиялдың көркем тэсілі.
Ақымақтар  туралы  ертегілерде  түрмыстық  қиялдың  ең  басты  шар- 
ты  болып  саналатын  алогизм  нығая  түседі;  оның  істері  мен  сөздерінде 
эдеттегіден тыс  сипат  (эксцентричность)  басым  болады,  сөйтіп,  кейіпкер 
аңқау  (чудаковатый)  болып  көрінеді.  Бүл,  әсіресе,  Қожанасыр  туралы  ер- 
тегілерге  тэн  (қазақтардың  өте  аңқау  кісіні  Қожанасыр  деп  атауы  тегін 
емес).
Бірақ  көркем  жанр  ретінде  атқаратын  қызметіне  байланысты 
сатиралық ертегі ақымақтықты да, аңқаулыісгы да өз мақсатында пайдала- 
нып,  оларға  басқа мағына береді.  Ақымақ болып  көрінетін кейіпкер  шын 
мэнінде өте ақылды да, оның дүшпандары Р  нағыз ақымақ болып шығады. 
Бүл -  жалпы ертегі эстетикасының заңдылығы.
218

Ақымақ  бала  туралы  ертегілер  өте  кең  тараған.  Сараң,  ақымақ  та 
тасжүрек  ағайындылар  еті  тірі,  еңбек  сүйгіш  біреуін  (ол  көбінесе  кен- 
же  бала  болып  келеді)  қызғанышпен  күндеп,  қуғынға  үшыратады.  Олар 
кенже  баланың  үйін  өртеп,  шешесін  өлтіреді,  өзін  де  қүртпақ  болып, 
қүдыққа  лақгыруға  әрекеттер  жасайды.  Бірақ  осының  бэрінде  жағымды 
кейіпкер  өзін  қуғындаушыларды  қатырып  алдап,  қазаға  үшыратады 
(«Тоғыз тоңқылдақ,  бір  шіңкілдек»,  «Кейқуат»).  Ол топас,  қысқа  ақылды 
жеті  қарақшыдан  да  кегін  қайтарады  («Момынбай  мен  жеті  қарақшы»). 
Әділетсіз, топас жан ақымақ баланың табылған алтынды қайда жібергенін 
де аңғара алмайды («Ақьімақ бала»).
Ақымақ  бала  туралы  ертегілердегі  негізгі  назар  сарандық  пен 
әділетсіздікті  әшкерелеуге  аударылады.  Адамның  табиғатынан  ақылды, 
я  ақылсыз  болып  тууы  заңды  нәрсе,  оған  талас  жоқ,  ал,  әділетсіздік  пен 
тасбауьфлық  арқылы  өз  бақытын  талап  ету  -   әлеуметтік  мэнді  мәселе. 
Міне,  осындай  жолға  түскен  адамдармен  күресте  ақымақ  бала  да  үнемі 
жеңіске жетіп жүреді.
Ақымақ бала мен тазша туралы ертегілер тобының жігі аса нақты ажы- 
ратылмайды. Мүнда әлеуметтік сатира онша күшті емес. Ертегі жалқаулық, 
сараңдық, дөрекілік сияқгы  түрмыста кездесетін  кемшіліктерді  сынайды. 
Тазша  сатиралық  ертегілердің  қаһарманы  ретінде  шығыс  халықтарының 
көбіне  мэлім.  Тазша  -   кедейдің  кедейі.  Оның  жалғыз  байлығы  -   ақылы 
мен  айласы,  тапқырлығы  мен табандылығы,  қайраты  мен  қажырлылығы. 
Тазшаға кез  келген қалың қалталыны  алдау  мен  қалаған затын  қағып  алу 
сөз  емес.  Ол,  тіпті,  керек  болған  жағдайда  ханды  да  үрлап  әкеткен,  ал, 
екінші бір ханды өз еркімен тұзаққа асылдырған.
Жалпы,  қазақ  фольклорында  тазша  бейнесі  екі  түрлі  болып  келеді. 
Бірі  -   шын  тазша  да,  екіншісі  -   жалған  тазша.  Алғашқысы  -   сатиралық 
ертегінің  кейіпкері  болса,  соңғысы  -   қиял-ғажайып  ертегі  мен  эпоста 
көрінеді.  Мүнда  бас  кейіпкер  эртүрлі  жағдайға  байланысты  тазша  кей- 
піне  түсіп,  болашақ  әйелінің  аулына немесе  жау  ішіне танылмай  келеді. 
Бүл  образ  шьну  тегі  жағынан  алғанда  ежелгі  замандағы  бозбаланы  ер- 
жету  сынағынан  өткізу  салтымен  байланысты.  Ал,  фолыслорлық  көркем 
шыгармаларда  тазша  бейнесі  жанрдың  поэтикасына  сәйкес  бейнеленіп, 
элсізді дэріптейтін халық эстетикасы түрғысынан көрінеді.
Біраз  ертегі  халық  арасына  кең  тараған  кейіпкерлердің  аттарымен 
байланысты айтылады. Орта Азияның басқа халықгары сияқты қазақтарда 
да  Жиренше  шешен,  Алдар  көсе,  Қожанасыр  есімдері  мен  образдары 
төңірегіне  топтасқан  сатиралық  ертегілер  тобы  бар.  Бүл  қаһармандар
219

(Қожанасыр,  АлДар  көсе,  Жиренше)  қьіргыздарга  да,  түркімендерге  де, 
өзбек, эзербайжан, түріктерге де жақсы таныс.
Қазақ  халқының  сүйікті  кейіпкерлерінің  бірі  -   Алдар  көсе  туралы 
ертегілер  циклы  әлеуметтік  мазмұны  жагынан  әлдеқайда әткір.  Мүндагы 
кейбір сюжеттер  шыгу тегі  жагынан ерте  заманда пайда  болган біраз сю- 
жеттерді бсйына сіңірген [2]. Сондай сюжеттердің бірі Алдар көсенің шай- 
танды  жеңуі  туралы  ертегілер  ақьшды,  қу,  алды-артын  болжагыш  адам- 
дарды  дәріптейді,  ақымақгық пен  сарацдықты  ашық эшкерелейді.  Алдар 
көсе  шайтанды  ұста дүкеніне  айдап  кіргізіп,  тең  бөлеміз  деген  астықтан 
озіне  артық  алады,  дүниедегі  қорқатын  нэрсем  деп  қазы-қарта  жейді, 
ақырында, шайтанның мойнына мініп, серуен қүрады, т.т. Алдар көсе мен 
шайтан  туралы  ертегілерде  әлеуметтік  арна  жоқ,  онда  жалпы  адамзатқа 
тән жагымсыз қылықтар кел екеленеді. Демек, мұның езі осы сюжеттің ете 
кене екенін керсетеді.
Ал, Алдар кесе мен Шыгайбай жэне мазмұны жагынан онымен үндес 
ертегілер  тобы  басқаша.  Мұнда  Алдар  кесе  байды  табан  астында  алдап, 
аузындагы  майлы  етті  қорқытып  алады,  оның  сараңцыгын  келекелейді, 
ақыры,  алдап  согып,  әлпештеп  отырган  сұлу  қызын  алып  кетеді.  Бұл  ер- 
тегілер  тобындагы  күлкі  объектісі  -   жай  гана  ақымақ,  сараң  адам  емес, 
бір тамшы  су сұрасаң бермейтін, дүниесінің үстінде дірілдеп-қалшылдап 
отырган  дүниеқор  бай.  Алдар  кесе  мен  бай  туралы  ертегілер  элеуметтік 
мэні жагынан ете еткір.
Ертегі  қанаушылар  мен  олардың  қолшоқпарларының  бойындағы  ең 
жагымсыз  қасиеттерді  ашып  береді.  Байга  тэн  қасиеттің  бірі  -   шектен 
шыққан  сараңдық.  Олар  езіне  қызмет  қылушыларды  аштықпен  азаптай- 
ды,  еңбек ақысын телемей,  оларды  эртүрлі  айла-тэсілдермен  алдауга ты- 
рысады  («Бай  мен жалшы» жэне  Алдар  кесе туралы  кептеген  ертегілер). 
Мұндай  озбырлыққа келгенде  модца да байдан  қалыспайды:  Сары  молда 
Отежанның ала жазгы еңбегіне қауынның дэнін гана телейді.
Сатиралық  ертегілердің  езіндік  бір  түрі  -   анекдот.  Оның  басты 
ерекшелігі  мынада:  анекдот  белгілі  бір  ұзақ  сонар  уақига  туралы  эңгіме 
емес,  қысқа  гана,  аса  елене  бермейтін,  қалт  еткен  бір  құбылысты  күлкі 
арқылы  керкем  ернектеп,  маңызды  қорытынды  жасайды.  Анекдотқа  кір- 
гізілетін құбылыс  қаһарманның еміріне ерекше езгерістер енгізбейді, тек 
оның  кейбір  сапалық  қасиеттерін  аша  түсу  үшін  иллюстрация  ретінде 
қолданылады.
Фольклорлық  анекдоттар,  әдетте,  қала  емірімен  немесе  белгілі  бір 
жер  аттарымен  жэне  Ахмет  Ахай,  Қожанасыр,  Жалайыр  Тұрлымбет
220

сияқты кейіпкерлермен байланысты болып келеді. Қазақ анекдоттарының 
көпшілігі аты шығысқа мэшһүр,  эрі сүйікті тұлға Қожанасыр атымен бай- 
ланысты.  Қазақ  Қожанасыры,  сырт  қарағанда,  ақыл-ойы  шамалы  ғана 
қарапайым  жан.  Ал,  сәл  еңкіш  тартқан,  иегінен  арғыны  көре  алмайтын 
оның сырт түлғасына арырақ бойлап, терең үңілсеңіз, Қожанасырдың бей- 
не бір бет перденің артында жасырынып түрған жылы да жүмсақ, күлкілі 
де  жабырқау  жүзін  көресіз.  Ол  адамдарға  сенімділікпен  қарайды  («Мен 
сізге  сенемін  ғой»,  «Қожа  қалай  сот  болды»),  жаманатты  жағдайларға 
мысқыл  білдіреді  («Менің  шапаным  үшін  шу  шықты»),  т.т.  Түрмыс 
ауыртпалықтарын  жеңіп,  дүлей де  қүбылмалы  өмірден  жанына  сая табу- 
да  Қожанасырға  қызмет* ететін  тапқырлығы  мен  әзіл-қалжыңы  болады. 
Қожанасырды халықтың сүйікті қаһарманы еткен де осы ішкі еркіндік пен 
сабырлы рух.
Анекдот  — өте  сергек  жэне  өміршең  жанр.  Ол  халық  өмірінің  эр 
кезеңінде  туып  отырады.  Мәселен,  жоғарыда  қарастырылған  анекдот- 
тар,  негізінен,  ХУІІІ-ХІХ  ғасырлардың  жемісі  болса,  біршама  анекдот 
XX  ғасырда  туған  және,  тіпті,  бүгінгі  шақта  да  пайда  болып  жатыр. 
Мүның  себебі  -   анекдоттың  ерекшелігінде.  Қазіргі  анекдоттар  қоғамда 
немесе түрмыста болып жатқан алуан түрлі жағдаяттарға деген халықтың 
көзқарасын, бейресми қатынасын білдіреді. Өзі онша жақтырмаған оқиғаға 
немесе  ситуацияға  байланысты  халық  дереу  анекдот  шығарады,  сөйтіп 
күлкі  арқылы  жұртшылықтың  ойын,  пікірін  жария  етеді.  Сол  себепті 
бүгінгі анекдот өте қысқа болып, эңгіме шұғыл аяқталады және баяндалған 
жэйттің шешімін ашып  айтпайды.  Оны тыңдаушыға қалдырады, өйткені, 
анекдоттың  міндеті  —  күлдіріп  отырып  сынау.  Сондықтан  да  анекдот
сатиралық ертегінің құрамында қарастырылады.
Сатиралық  ертегілердің  қаһармандары  Я  өздерінің  элеуметтік 
жағдайьш,  өмірдегі  эділетсіздікті  түсіне  де,  сезіне  де  білетін  жэне  оған 
қарсы күресе де алатын жандар.  Сөйтіп,  ертегі эрбір қаһарманға нақтылы 
әлеуметтік сипаттама береді.  Сатиралық ертегілердің қаһарманы — барын-
ша жалпылай қорытылған әлеуметтік тип.
Әлеуметтік  өмірде  жэне  тұрмыста  кездесетін  кемшіліктерді  сынау 
міндетіне  сай  сатиралық  ертегілердің  өзіндік  формасы  жасалған.  Ер- 
текші  әңгіменің  кейіпкері  арқылы  жэне  тікелей  өз  атынан  қаһарманның 
адамгершілігі,  оның  жаулары,  кейіпкерлердің  қоғамдық  жэне  әлеуметтік 
жағдайлары  туралы  баяндайды.  Олардың  мінездемелерінен  сөз  етіп 
отырған  мэселесіне  байланысты  ертекшінің  шьш  тілегі  немесе  тэлкегі
айқын аңғарылып отырады.
221

Кәдімгі тұрмыстық ахуалдар сатиралық ертегілерде танту, сандыраққа 
дейін жеткізіледі. Ертегіл ік қаһармандар үшін логика сақталмай, сатиралық 
ертегілердегі өмір шындығының өңі айналдырылып баяндау қалыпты ше- 
карадан  шығып  кетеді.  Уақиғаның  табиғи  желісінің  бүлайша  бүзылуы  -  
сатиралық ертегілерге тэн нәрсе, өйткені, соның арқасында ғана қаһарман 
қоғамның күштілерімен  күресте жеңіске жетеді.  Ал, өмірде мүндай жеңіс 
мүмкін емес. Әдетте, айтыс пен тартыста күштінің жеңетіні белгілі ғой!
Адам мінезінің қасиеттері де сатиралық ертегілерде шегіне жеткізіліп, 
қаһарманның сараңдық,  ақымақтық,  тапқырлық сияқгы  басты бір  қасиеті 
ғана бөлініп алынады.
Сілтемелержәне ескертпелер:
1.  «Делдір тентек»,  «Кеген  тентек»,  «Намаз  сатып  алган  бай»,  «Қожанасыр 
дуана»,  т.б.  ертегілерді  қараңыз:  ОҒК  қолжазба  қоры,  №  265,  182-бумалар  және 
ӘӨИ қолжазба қорындагы №  116,  117,  120-бумалар.
2. Турсунов Е.Д.  Генезис казахской бытовой сказки. Алма-Ата,  1973.

«ҚОБЫЛАНДЫ  БАТЫР» ЖЫРЫ ХАҚЫНДА
Қазақ  халқы  есте  жоқ ықылым  заманнан  бері  мәдениеттщ  сан-сала- 
лы түрін жасап біздің дэуірімізге дейін алып келген.  Өзінің өмір салтына 
лайық  киіз  үй,  ыдыс-аяқ,  ат-тұрман  әбзелдері,  зергерлік  бұйымдар  мен 
киім-кешек,  ою-ернек  сияқты  заттық  мэдениеттің  алуан  түрлі  үлгілерін 
ойлап тапқан.  Осылармен  қатар  рухани  мәдениетті де дамытып  отырган. 
Атап  айтқанда,  адамның күнделікгі тіршілігінде  орын  алатын неше түрлі 
әдет-гұрып  пен  ырымдар,  эр  алуан  ойын-сауық  пен  ән-күйлер  көптеп 
саналған.  Солардың  ішінде  ерекше  орын  алатыны  —  халық  әдебиеті. 
Халық  эдебиетін  гылымда  фольклор  деп  атайды.  Оның  қүрамына  өте 
ерте кезде пайда болган мифтер мен хикаялар, аңыздар мен әпсаналар, ер- 
тегілер  мен  хикаяттар,  жүмбақтар  мен  жаңылтпаштар,  сондай-ақ  кейінгі 
дэуірлерде туган жырлар мен дастандар, айтыстар мен олеңдер, мақалдар 
мен  мәтелдер  енеді.  Осы  аталган  жанрлардың  өзі  іштей  түр-түрге 
болінеді. Мысалы, жырлардың батырлық, ғашықгық, тарихи деп аталатын 
түрлері  бар.  Олардьщ  эрқайсысы  бэріне  ортақ белгілерімен  бірге  өзіндік 
қасиеттерімен  де  ерекшеленеді.  Батырлық  жырдың  ең  басты  ерекшелігі
— елін,  туған  жерін  шапқыншы  жаудан  қорғаған  батырды  дәріПтеп,  оның 
ерлік істерін паш ететіндігі.  Қазақта мүндай жыр көп:  «Алпамыс батыр», 
«Қамбар  батыр»,  «Ер  Тарғын»,  «Ер  Көкше»,  «Ер  Қосай»,  «Ер  Сайын», 
«Едіге»  т.б.  Бірнеше  жырдан  түратын  «Қырымның  қырық  батыры»  де- 
ген үлкен  көлемді  эпопеяның өзі-ақ қазақ халқының қаһармандық жырға
қаншалықты мэн бергенін корсетеді.
Аталған эпостардың қатарына «Қобыланды батыр» жыры да жатады. 
Бүл -  халық арасына кең тараған, өте көркем шығарма. Бірнеше варианты
бар.
«Қобыланды  батыр»  сюжеттік  күрамы  жағынаң. бірнеше  қатпардан 
түрады  жэне  эр  замашшң  көршіеін  қамтиды.  Мүнда  адамзаттың  алғаш 
рет  қауымдасып  өмір  сүрген  шағындагы  анимистік,  тотемистік  наным- 
дар  мен  үгымдар  көмескі  елес  түрінде  сақгалып,  көркемдеуіш  қүрал 
қызметін  атқарады.  Мысалы,  дүниедегі  нэрсенің  бэрінің жаны  бар,  олар 
да  адам  тэрізді  өмір  сүреді,  сөйлейді  деген  анимистік  үғым  бүл  жырда 
Тайбурылдың ерекше  екенін  айту үшін  эдемі  көркемдеуіш  қүрал ретінде 
қолданьшып, тыңдаушыга зор әсер етеді. Қобьшанды қиналған шақга Тай-
224

бурылмен сырласады,  сонда Тайбурыл  «жоғарғы  ерні жыбырлап, төменгі 
ерні қыбырлап, иегімен сыбырлап», сөйлей жөнеледі,  батырға  ант  берш 
камыкпау  И
| ,  . айтадь, 
Сол  силкхы  алгашкы  ^ м д а п а й д а
кұрал
ретінде қолданылған
«Әулие қоймай  қыдырып 
Етегін шеңгел сыдырып, 
Жеті  пірге танысқан. 
Әулиеге ат айтып, 
Корасанга қой айтып...»
болашақ  батырды  тілеп  алған.  Тіпті  экесінің  80  шешесінің  60  жаста 
болуының өзі жаңа туған нәрестенің ерекше  адам болатынынан хабар бе-
Жырда  тағы  бір  көне  наным,  яғни  алдағыны  болжаи  алатын  шаман 
түралы  ұғым  Құртқаның  бёинесін  ашу  үшін  жүмыс  істеп  тұр.  «Құртқа» 
деген  сөз  ежелгі  түркі  тілінде  «көріпкел,  болжағыш»  деген  ұғымды  бш- 
дірген.  Демек,  жырда  бұл  есім  өзінщ  ежелп  мағынасын  сақгаған  бе
РеТШ«Қобшіандьі  батыр»  жырында  нақгы  бір  тарихи  оқиға  суреттел- 
мейді.  Мұнда  бірнеше  дэуірдің  сығымдалған  сұлбасы  көрсетіледі.
Мәселен," Қобыландының  қызылбастармен  соғысы  -   орта  ғасьфлардагы 
қият-қыпшақгар  мен  ирандықгардың  жэне  оғыздардың  бір-бірім 
^ л ы   қ а ^ м Рқат а наста  болғаньшан  елес  береді.  Тарихтан  белгш  
ІХ-ХІ  ғасырларда  Арал-Балқаш  арасын  мекендеген  оғыздарды  батьіс 
Сібірден  ауған  қыпшақгар  ығыстырған  болатын.  Одан  кешнгі  уакы 
тарда  селжүктермен  қатар  ирандықтар  да  Дешті  ^ ШІ^ а^ ш а б у ы л д а п  
отырған  Олар  ұрыс  кезінде  шатаспас  үшін  өздерінщ  бөріктерін  кызыл

 
болған  да
кезеңді
Қүртқа  атгы  қызына  үйленуі  мен  қызылоастсін
кала  Қырлы  қалаларын  аза  ететін  жэне  Кобіктімен  шаиқасатын  эпи
зодтарынан  байқауға  боладьі^ндеш е,  бұлардың  бэрі "   '^ ь ш Т и м е т а п  
тьФ»  жырының  бір  оқиғаны  емес,  бірнеше  дэуір
эпоска тэн  эсерлеп,  көркемдеп  бергенін  аиғақгаиды.  Оиымызға тағы  оір 
эпосқа тән 
ғ  
« ........г 
іСяпмяк  пен  казактың
дәлел  -   я 
үрыстары
жүруі
жүрген  Қобь] 
эгысады?  Бүл
фольклорға тән 
т
а
р
и
х
и
 
тұтастану рандыльіғы  эсер  етіп тұрғанын
зандьшық^ойынШаГЭТбста  №  ■

  болған  ° Қ ™ Р  
шасып  жүреді.  Бұлай  болуының  себебі -  халық қандаи
айту  керек.  Бүл 
мен  түлғалар  ар
15-2511
225

бір ауыртпалық басына түскеқде бұрынғы батырлар туралы әңгіме-жырды 
қайта түлетіп, айтады.  Сол тұста ескі мен жаңа аралаСып кетеді. Мүны біз 
бүкіл қазақ фолыслорынан да, «Қобыланды батыр» жырынан да көреміз.
Қазақ халқы ХҮІ-ХУІІІ ғасырларда  бірнеше  мәрте  қалмақтардың 
аяусыз  шабуылына ұшырағаны  аян.  Елдің тәуелсіздігіне  қауіп төнген 
кезде  жыраулар  мен  жыршыларымыз  жаңа  жыр  шығарумен  шектел- 
мей,  бұрынғы  батырлардың ерлігін мадақтайтын эпостарды қайтадан, 
жаңғырта  жырлап,  сол  батырларды  енді  қалмақтармен  соғысатын 
етіп  көрсеткен.  Сөйтіп,  жыршылар  заман  талабына  сай  жырлап, 
әрбір  жырға  өз  кезеңінің  өте  зәру  болған  қазақ  мемлекетін  қорғау 
тақырыбын  енгізіп,  жаңа  сипатты  шығармалар  тудырған.  Бұл  сарын, 
әсіресе,  «Едіге»,  «Ер  Тарғын»,  «Қырымның қырық батыры»  жэне  сол 
шақта туған «Қабанбай»,  «Олжабай»,  «Абылай» сияқты туындыларда
басымырақ көрінеді. 

.
Ал,  «Қобыланды батыр»,  «Алпамыс батыр»,  «Қамбар батыр»  секілді
жырлар  ежелгі рулық-тайпалық қоғамның тұсында туғандықган,  бұларда 
рудың, тайпаның мүддесі жоғары тұрады. Ерте заманда пайда болғанымен 
олар да кейінгі уақыттардың көріністерін  бойына сіңірген. Сол себепті де 
«Қобыланды  батыр» жырында бір  жағынан, қыпшақ,  қият пен қызылбас, 
қалмақгар,  екінші  жағынан,  қала  мен  дала  тіршілігі  қатар  көрінеді.  Де- 
мек,  «Қобыланды  батыр»  жыры  ІХ-ХІ  жэне  ХУІ-ХУІІ  ғасырлардағы 
оқиғаларды жинақтап, араластыра бір Қобыландының басынателіп, соның
іс-әрекеті етіп, эпикалық құлашпен, поэзия тілімен баяндаиды.
Қобыланды -  халықтың идеал батыры. Оның бейнесінде елді қорғау шы 
батырға керек ең ізгі қасиеттер жинақгалған. Батыр сондай болса екен де- 
ген арман-қиялын халық қаһармандық эпос пен оның бас кейіпкері арқылы 
айтып,  жүзеге  асырып  отырған.  Қобыланды  да,  Алпамыс  та,  Қамбар  да, 
_ бәрі  осындай  баһадүрлер.  Халық түсінігі  бойынша,  хас  батыр — орасан 
күштің  иесі  ғана,  емес.  Ол  сондай-ақ  ештеңеден  тайсалмайтын  ержүрек, 
достыққа  өте  адал,  ешқандай  жаманшылықты  білмейтін,  ешкімге  қиянат 
жасамайтын,  қара қьшды  қақ жарған  әділетті  адам.  Батырға аңғалдық та 
тэн, ол сенімпаз эрі қайырымды, кең пейілді жэне рақымды. Міне, осының 
бэрі түгелімен Қобыландының бойынан табылады.  Ол жас кезінен бастап 
баһадүрлік міндетке даярланады. Әкесінің жылқышысы Естеміс батырдан 
тэлім-тэрбие  алып,  қаһарман  жігітке керек қару-жарақты қолдана білудің 
айла-эдісін  үйренеді.  Алты  жасында  тәлімгерінің  айтқанына  көнбеи, 
қаһарлы қызылбастьщ ханы Көктім Аймаққа тайсалмай баруы, ай астына 
қойылған жамбыны атып түсіруі, сөйтіп, Құртқаны алуы -- Қобыландының 
есейе-келе  туған  жерін,  қыпшақ  елін  жауға бермейтін ғаламат адам
болатынының белгісі, кепілі.  Оның батыр ретіндегі іс-эрекетінің барлығы 
қыпшақ  жұртының  мүддесін  көздейді.  Туған  жері  мен  елі  үшін  қандаи 
мықгы  жау  болса да  қарсы  шығатын  батырдың  жиынтық образын  халық 
осы  Қобыланды  арқылы  бейнелеген.  Сонымен  бірге  өз  қалауындағы 
батырын  қаншалықгы  дэріптегенімен  халық  оның  әділетсіз  соғысын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет