Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


XVIII ғ. Еуропадағы ағартушылық философия (Вольтер



Pdf көрінісі
бет153/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   313
Байланысты:
treatise20490

  
7.3. XVIII ғ. Еуропадағы ағартушылық философия (Вольтер, 
Гольбах, Дидро, Руссо және т.б.) 
 
XVIII  ғасырды  Еуропада  Ағартушылық  дәуір  деп  атайды.  Ағылшын, 
неміс,  француз,  орыс,  қазақ  халықтарының  ӛзінің  Ағартушылық  дәуірі  бар. 
Жалпы алғанда ол феодалдық қоғамға қарсы бағытталып, орта таптың, соның 
ішінде  жас,  прогрессивті  буржуазияның  мүддесін  қорғады  және  негіздеді. 
Бірақ ағартушылық әр елде әр түрлі сипатта болды. Бұл кезеңнің ойшылдары 
сол  кездегі  тәртіпті  сынға  алды,  әлеуметтік  дамуда  оқу  мен  білімнің  және 
тәрбиенің  шешуші  рӛл  атқаратынын  негіздеуге  тырысып,  «барлық  қайғы-
қасіреттің  себебі  мен  адамдардың  бақытсыздығы  олардың  надандығынан» 
деді  (Гельвеций).  Олар  XVII  ғасырдың  метафизикасынан  бас  тартып, 
тұрмыстық  мәселелермен  айналысқандықтан  да  ӛзінің  назарын  XVIIІ 
ғасырдағы материалистік теорияларға аударды. Олардың мақсаты элитарлық 
білім  емес,  халықтың  практикалық  ӛмірін  жетілдіру  және  жақсарту.  «Бұл 


ӛмір  жердегі  ӛмірге,  қарапайым  адамның  рақаты  мен  қызығушылықтарын 
бағытталған. 
Антитеологиялық, 
антиметафизикалық, 
материалистік 
практикада  олар  антитеологиялық,  антиметафизикалық,  материалистік 
теорияларға сәйкестендірілуі керек» (К. Маркс).  
Еуропадағы ағартушылықтың отаны – Англия (Бэкон, Локк, Гоббс, Юм 
және  т.б.).  Еуропадағы  классикалық  ағартушылық  философияның  негізін 
қалағандар Дидро, Д. Аламбер, Вольтер, Монтескье, Руссо болды.  
Олар  прогресс  идеясын  негіздеді,  ғылым  мен  философияның 
жетістіктерін  кӛпшілікке  танытты,  30  жылға  жуық  уақыт  бойы  35  томдық 
«Энциклопедия немесе ғылым тілі мен ӛнердің, кәсіптің түсіндірме сӛздігін» 
шығарумен  айналысты.  Дидро  «Энциклопедияның»  бас  редакторы  әрі 
идеялық қолдаушысы болды. Ӛзінің соредакторы – математик әрі философд 
Аламбермен  бірге  бұл  жобаға  Вольтерді,  Тюргоны,  Руссоны,  Монтескьені, 
Гольбахты,  танымал  жаратылыстанушылар  Бюффон  мен  Добантонды  және 
дәуірдің басқа да кӛптеген танымал қайраткерлерін тартты.  
 Бұл дәуірдің ең кӛрнекті ӛкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1755 жж.) 
болды, ол табиғи факторларға сүйене отырып, қоғамның мәні мен генезисін 
түсіндіріп  беруге  тырысты.  Сондай-ақ,  «Әлеуметтанудағы  географиялық 
бағыттың» негізін қалаушылардың бірі болды. Халықтың мінез-құлқы, оны 
басқарудың  жолдары  мен  заңдары,  Монтескьенің  ойынша,  сол  халық  ӛмір 
сүріп отырған жердің аумағына, топырағына, ауасына байланысты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет