«Заңдардың рухы туралы» еңбегінде ол «табиғи» және «позитивті»
заңдардың түрін анықтайды. Мысалы, әлем табиғи заң болса да, адамдардың
бірін-бірі таптау сезімін тудырмайды, бірақ олар сонда да ӛзін-ӛзі «толық»
және ӛзгелермен тең сезінбейді. Позитивтік заңдар адамдардың
(халықаралық құқық), билік пен оның қол астындағылардың (қоғамдық,
саяси және азаматтық құқық) арасындағы қатынастарды реттейді. Қоғамның
қызмет ету, даму заңдары табиғи ортаға, яғни табиғаты мен климатына
байланысты болады.
Монтескье биліктің үш тармағын – заң шығарушы, атқарушы және сот
биліктердің арасындағы міндеттерді теңестіріп, аражігін ажырату керектігін негіздеуді алғашқылардың бірі болып ұсынды. Оның ілімінің
логикалық соңы XVII ғасырдың соңында Францияның конституциялық
актілерінде, 1787 жылы АҚШ-тың Конституциясында кӛрініс тапты.