Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Вольтер (Франсуа Мари Аруэ)



Pdf көрінісі
бет155/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778 жж.) философияны әлемнің 
ақылға  сыйымсыз  жақтарымен  күресу  құралы  деп  түсіндіреі.  Оның  басты 
философиялық  шығармалары  «Фиолософиялық  хаттар»,  «Ньютон 
философиясының  негіздері»,  «Философиялық  сӛздік»,  «Кандид»  деп 
аталады.  
Қоғам, адам  және  бостандық  мәселелерін қарастыруда  теңдік  деп  заң 
мен  құқық  алдындағы  теңдікті  айтады.  Ӛзінің  «Философиялық 
сӛздігінде» Вольтер еркіндік  ұғымын  еріктің  еркіндігі деп түсіндіреді, ол 
жүйелі,  мақсатпен  жасалған  әлемдегі  тәртіпсіздіктерге  жол  береді  дейді. 
Вольтер  шіркеуді  және  феодалдық  тәртіпті  сатаң  сынға  алып,  XVIII 


ғасырдың 
соңындағы 
француз 
буржуазиялық 
революциясының 
идеологиялық дайындығын шыңдаған ойшылдардың бірі болды.  
Философияда  Вольтер  Локктың  сенсуализмін  жалғастырып,  оның 
ізбасары  болды.  Тәжірибе  –  таным  кӛзі  деп  есептеді.  Сондай-ақ,  ол  белгілі 
бір  деңгейде  агностик  те,  деист  те  болды.  Вольтер  Құдайдың  бар  екенін 
рационалды  жолмен  дәлелдеуге  тырысты,  ал  бұл  сыр  ақтару  туралы  діни-
мистикалық  ілімге  қайшы  келетін  еді.  Құдайдың  болмысын  әлемнің  қатаң 
жаратылысымен  дәлелдейді.  Ол  діннің  «практикалық»  пайдасын  ғана 
мойындайды,  себебі  дін  «қарапайым  халықты»  тізгіндеп  ұстау  үшін  ғана 
керек,  сондай-ақ  ол  «тәртіптің»  де  кепілі  деді.  Сонымен  бірге,  Вольтер 
католицизмге,  ырымға,  ескі  нанымға,  фанатизмге  қарсы  күресті.  Оның 
философиясының қайшылықты жақтары кӛп болды: католицизмді түбірімен 
сынай  отырып,  Құдайдың  бар  екенін  және  діннің  қажеттілігін  мойындайы; 
абсолютизмді сынайды да, «ағартушылық абсолютизмді» қолдайды. Вольтер 
ірі буржуазияның идеологы болды, себебі теңсіздік мәңгілік бола береді және 
ол әлемнің мызғымас заңы деп есептеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет