тұрады деген Гельмгольцтың идеясы жаңакантшыл Э. Кассирердің «символдық формалардың философиясында» ӛзінің жалғасын тапты.
Жаңакантшылдардың қатарында екі мектеп ерекше аталады.
Жаратылыстану ғылымдарының логикалық-әдіснамалық мәселелерімен
айналысқан
Марбург мектебі
мен
гуманитарлық
ғылымдардағы
құндылықтар және әдіснама мәселелерімен айналысқан Фрейбург (Баден)
мектебі.
Марбург мектебінің негізін салушы Герман Коген деп есептелінеді, ал
оның ізін жалғастырғандар Пауль Наторп пен
Эрнст Кассирер және т.б.
болды.
«Канттың тәжірибе теориясы», «Канттың этиканы негіздеуі», «Канттың эстетиканы негіздеуі», «Иммануил Кант» және «Таза ақылға сын» еңбегінде түсініктеме» деп аталатын еңбектерінде Г. Коген (1842-
1918 жж.) И. Канттың трансценденталды идеализмін сыни тұрғыдан жан-
жақты талдады. Ол Канттікіне қарағанда, бір ізге түсірілген идеализмді
негіздеуге тырысты. Идеализмді ол ғылымның – математика және
математикалық жаратылыстану сияқты ең жоғары түрінің мүмкіндіктерін
түсіндіруге қажетті логикалық және гносеологиялық ілім деп түсіндірді.
Коген болмысты «сезілетін» емес, категориялық оймен түсінілетін
дүние деп ұқты. Уақыт пен кеңістікті сезімтал интуицияның формалары деп
емес, логикалық ойлаудың категориялары деп түсіндіреді. Оның пікірінше,
шындықтың «белгілері» деп санамен қабылданатын дүниелер шын мәнісінде
ғылыми ұғымдар тудырған дүниелер.