Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


метафизикалық  Ерік-жігер



Pdf көрінісі
бет211/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   313
метафизикалық  Ерік-жігер  сияқты.  Ол  жалғыз  болғанымен,  белгілері  сан 
алуан.  Ең  басты  белгілеріне  мыналар  жатады  –  гравитация,  магнетизм, 
химиялық ұқсастықтардың күші, жануарлардың ӛзін-ӛзі сақтауға ұмтылысы, 
жануарлардың  жыныстық  инстинкті  мен  адамдардың  түрлі  сезімдері 
(құштарлықтары). Бірақ Канттың философиясынан ӛзгешелігі, Шопенгауэрде 
Ерік жасырын зат болса да танылады немесе оны тануға мүмкіндік бар деді. 
Оны Күш немесе Жігер (Энергия) деп атау түсініктірек болады.  
 «Ерік  пен  Елестер  ретіндегі  әлем»  деп  аталатын  кітабында 
Шопенгауэр  еріктің  онтологиясын  қарастырып,  барлық  философтардың 
жіберген қателігі – адамға негіз болатын интеллект деуінде, шын мәнісінде, 
адамға  негіз  болатын  тек  ерік-жігер  ғана  деді.  Ерік-жігер  адамның  негіз 
болып қана қоймайды, ол сондай-ақ әлемнің де ішкі негізін құрап, оған мән 
береді.  
Шопенгауэр бойынша біздің болмысымызды екі әлемге бӛлуге болады 
–  
«бергі жақ» беті және «арғы жақ» беті. Алғашқысында себептілік заңы 
үстемдік  етсе,  екіншісінде  заттардың  нақты  формасы  мен  құбылыстар  аса 
маңызды емес, жалпы трансцендентті мәнді нәрселер маңызды. Күнделікті 
ӛмірде  ерік-жігер  эмпирикалық  (тәжірибемен  келеді)  сипатқа  ие  және  оған 
шектеу  қойылады.  Адам  күнделікті  тұрмыста  үнемі  таңдау  жасайды,  бірақ 
солай бола  тұра,  еркін ерік-жігерін  тежеп,  шектеп отырады.  Шопенгауэрдің 
ойынша,  «эмпирикалық  әлемнен  тыс»  болған  кезде  ерік-жігер  себептілік 
заңына  тәуелді  болмайды.  Бұл  жерде  ол  заттардың  нақты  формасына, 
уақытқа байлаулы емес; адам мен әлемге негіз болатын мәнге ие болады.  
Жаратылыстану  ғылымын  жақсы  меңгерген  Шопенгауэр  табиғаттың 
барлық  қасиет-белгілерін  әлемдік  Ерік-жігердің  шексіз  бӛлшектенуімен, 
«объективтенуімен» 
түсіндірді. 
Адамның 
тәні 
де 
осындай 
объективтендірілген.  Ол  индивидті  және  оның  ой-елес,  түсініктерін  әлемдік 
Ерік-жігермен байланыстырады. Әлемдік Ерік-жігердің елшісі бола тұра, бұл 
ой-елестер мен түсініктер адамның ақыл-есін кӛрсетеді Тән арқылы әлемдік 
Ерік-жігер  адамның  барлық  әрекетінің  басты  тірек  күшіне  айналады.  Әрбір 
ерік  актісі  тәннің  әрекетін  туғызады  немесе  керісінше.  Аффектілердің 
(эмоциялар  мен  құштарлану)  табиғаты  мен  адамның  мінез-құлқына  түрткі 
болған себептер де осымен түсіндіріледі. Бұл аффектілер мен мінез-құлықтар 


белгілі  бір  орында,  уақытта  және  жағдайдағы  адамның  тілек-қалауларымен 
анықталады.  Ал  ерікке  қажеттілік  (мотивация)  заңына  бағынбайды,  бірақ 
адамның мінез-құлқына негіз болады. Ол адамға әуел бастан «берілген» және 
адам оны ӛзгерте алмайды. Шопенгауэрдің бұл ойы дау туғызуы мүмкін еді, 
бірақ  оны  кейінірек  З.Фрейд  ӛзінің  санадан  тыс  әлем  туралы  ілімінде  қайта 
қарап, негіздеді.  
Еріктің адам рухы формасында даралануы объективтенудің ең жоғары 
деңгейін білдіреді. Ол ӛнерде ерекше танылады, ӛнерде ерік шынайы, «таза» 
түрінде  іске  асады.  Шопенгауэрдің  осы  пайымдаулары  данышпандық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет