Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Ӛмір философиясы»: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон



Pdf көрінісі
бет210/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   313
Байланысты:
treatise20490

8.9. «Ӛмір философиясы»: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон. 
 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  кейінгі  кезеңде  Германия  мен 
Францияда  «ӛмір  философиясы»  деген  атау  алған  жаңа  ағым  қалыптасты. 
«Ӛмір  философиясының»  негізін  салушы  Артур  Шопенгауэр  (1788-1869 
жж.)  рационализмді  де,  Гегельдің  идеализмін  де,  Фейербахтың 
материализмін  де  сынға  алды.  Ол  ӛзінің  философиялық  жүйесін  «Кант  пен 
Платонның  және  үнді  буддистері  идеяларының  қоспасы»  ретінде  дүниеге 
келді  деп  айтты.  Кант  ұсынған  категориялардың  ішінен  ол  тек  «себептілік» 
категориясын ғана мойындайды, дегенмен одан ӛзге уақыт және кеңістікті де 
категориялардың  қатарына  қосады.  Практикалық  ақылдың  теориялықтан 
басымдылығы  жӛніндегі  Канттың  ойларынан  ӛзінің  ерік  бастауларының 
басымдылығы 
жӛніндегі 
ілімінің 
бастауларын 
кӛреді. 
Үнді 


философиясындағы  «майя»  ұғымы  мен  «нирванаға»  берілу  идеалы  оның 
назарын ерекше аударды.  
Шопенгауэрдың ойынша, біздің тәжірибемізге феноменалдылық тән, ол 
категориялық  тәртіпке  түскен  және  «майяға»  ұқсайтын  ой-елестеріміздің 
жиынтығынан  тұрады.  Бізді  қоршаған  құбылыстар  әлемі  –  субъектілердің 
(адамдардың)  сезімдік-интуитивтік ой-елестерінің  жиынтығы.  Жер,  теңіздер 
мен  үйлер,  адамдар,  адамдардың  тәні  ой-елес  нысандары  болуымен  мәнді. 
Сондай-ақ,  субъект-адамдардың  ӛздері  де  ой-елес  нысаны болып  табылады, 
сондықтан феномендер әлемі тіпті ой-елестен басқаша, ол буддалық «майя» 
секілді қиял әлемі.  
«Құбылыстардың»  арғы  жағында  «жасырын  заттар»  әлемі  бар,  ол  бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет