Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет213/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   313
Фридрих  Ницше  (1844-1900  жж.)  –  философ-иррационалист,  ХХ 
ғасырдағы  Еуропа  философиясында  ең  кӛп  дау-дамай  туғызған  кӛрнекті 
философтардың  бірі.  К.Ясперстің  айтуынша,  ол  С.Кьеркегормен, 
К.Маркстермен  бір  қатарда  тұрған  жаңа  ғасырдың  замандасы.  Фридрих 
Ницше  ӛте  қиын  кезеңде  ӛмір  сүрді:  Бисмарктің  қатал  саясатымен 
Германиядағы  біріктіру  процесі  ӛте  қиын  жүріп  жатты.  Жүздеген  жылдар 
бойы әбден үйреншікті болып, немістің жанына ұялаған және оны сақтағысы 
келген  неміс  халқының  ұғым-түсініктері  мен  нормалары,  ережелері 


жарамсыз  болып  қалды.  Тамаша  білімді,  еуропалық  мәдениеттің  ең  озық 
үлгілерінен – ұлы ақындардан, философтар мен музыканттардан тәрбие алған 
неміс зиялылары сол кезде Еуропадағы ең алдыңғы қатардағы деп саналған 
неміс мәдениеті идеялары мен мәдениетін әрі қарай дамытуға құлық білдірді. 
Адамдардың  аз-ақ  бӛлігі  ғана  түпкілікті  ӛзгерістердің  қажеттілігін 
мойындады. Солардың қатарында Фридрих Ницше де болды.  
Ӛзінің  шығармашылығының  бірінші  кезеңінде  Ницше  ежелгі  грек 
мәдениетіне  бет  бұрды.  Ежелгі  грек  мәдениетінде  трагедияның  ӛмірлік 
күшін  ерекше  бағалайды.  Антикалық  мәдениет  ол  үшін  құндылықтар 
мәдениетінің  идеалы  болып  табылады,  себебі  ол  адамның  табиғатына 
бейімделген,  соны  нақ  бейнелейді.  Шопенгауэрдің  әлем  бұл  бір  түс  сияқты 
деген  идеясын  дамыта  келіп,  Ницше  мәдениет  пен  ӛнердің  апполониялық 
және  дионисиялық  бастаулардан  нәр  алатынын  кӛрсетеді.  Ӛнердің 
апполониялық  түрінде  жекелеген  құбылыстар  дәріптелсе,  екінші  түрінде  – 
«қайғыдан  рахат  кешудің»  дӛрекі  түрі,  «бас  жазу»  мен  жүгенсіз  құмарлық 
мадақталады.  
Қазіргі  замандағы  мәдениеттің  аполлониялық  бастаулардан  нәр  алуы, 
яғни  ғылыми  ойларға  тым  иек  артып,  жасанды  оптимизмге  сенуі  оның  ең 
әлсіз  тұсы.  Бұл  сократтық-аполлониялық  мәдениет  әбден  ескірді.  «Афина 
қоғамының  титығына  жеткен»  де  осы  мәдениет  болатын,  себебі  Сократтың 
парасаттылығы  шынайы  құндылықтарды  ақылға,  табиғи  рухты  – 
майевтиканың логикасына бағындырды.  
Мәдениеттің  бұл  түрінің  басты  мақсаты  парасатты,  яки  дұрыс  таным 
мен  білім  болды.  Осылайша  біржақты  даму  «оның  ӛмірлік  күшінің 
сарқылуына» әкелді.  
Ницше  шығармашылығының  екінші  кезеңінде  адамды  «тазарту» 
мәселесімен  айналысты.  «Адами,  тым  адами.  Ерікті  адамдарға  арналған 
кітабында» ол ескірген кӛзқарастарды жеңіп, ӛзінің құндылықтарына қайта 
баға бере алған рухы еркін адамдар туралы айтады. Ницше әлемді танудағы 
ғылымның  жетістіктері  мен  мораль,  дін,  мәдениет,  мемлекет,  отбасы  және 
адам  туралы  түсініктерді  қайта  бағалау  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Ғылымдағы 
кӛпшілікке белгілі жетістіктер, қоғамдық сананың формалары мен қоғамдағы 
әлеуметтік институттар туралы түсініктердің қалыптасу себебі – әуестік пікір 
тудырады, ал ескірген рух пікірге нандырады, ол нанымды қайта бағалаудан, 
сүзгіден ӛткізу керек.  
Ӛзінің  шығармашылығының  үшінші  кезеңінде  Ницше  нанымды 
ӛзгертудің  жолдарын  табуға  тырысты.  «Кӛңілді  ғылым»  еңбегінде 
Шопенгауэр  қайта  оралу  идеясын  бейнелеу  үшін  құм  сағаттың  образын 
пайдаланады,  Заратустра,  адамнан  да  жоғары  әлем,  Құдайдың  ӛлімі 
туралы  айтады. Сондай-ақ,  ойын семантикасы  мәселесін кӛтереді, ол  сӛздің 
тіркесімділігі  мен  мағынасына  үңілу,  ену  және  ықпал  етуден  тұрады.  Бұл 
еңбектегі ойын тақырыбы И.Хейзингтің, Л.Витгенштейннің, М.Хайдеггердің, 
М.Фуконың, Ж.Делезаның, Ж.Деридтің ойларына әсер етті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет