Архетиптер туралы ілімді қалыптастырған Юнг олардың шығу тегі
мен табиғатын бір мағыналы түрде түсіндіре алмаған, ол тек ұжымдық сана-
сыздық «ортақ рух» ретінде архетиптердің жиынтығы (адамзаттың тайпалық
жады) болып табылатындығын мәлімдеумен шектелген. Архетиптер – бізге
миымыздың құрылысымен бірге мұралыққа ӛтетін әмбебап образдар, жоғары
ақиқаттар, адамзаттың «шифрленген» тарихы. Адамның мақсаты – архе-
типтердің «шифрін тауып», оларды ұғыну. Кейін Юнг архетиптерге мұндай
түсініктеме беруден алшақтап, неғұрлым мистицизмге бой алдырған.
«Кемеліне жеткен» Юнг ілімінде архетиптер арқылы адамзаттың пси-
хикалық тәжірибесінен гӛрі, сол тәжірибе кӛлеңкесінде тұрған «белгісіз мән»
анықтала бастайды. Архетиптерді зерттей келе, ол алхимиялық мәтіндер мен
парапсихологиялық феномендерді, карма мен реинкарнация туралы шығыс
ілімдерін қолданып, архетипті психиканың мифологиялық кӛріністерді
қалыптастыруға, «адамдардың психикалық энергиясының реттеуіштері»
ретінде Құдайлар мен әзәзілдерді ойлап табуға дайындық түрінде түсіндіреді.
Діни символдар мен дәлелденбеген қағидалар Юнг бойынша адамдағы
саналы мен санасыздың арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіреді. Бірақ
еуропалық ӛркениеттің тарихы – үйлесімнің қирауына әкелетін жол. Еуропа-
лықтар мен американдықтар, Юнгтің пікірі бойынша, біртіндеп бүкіл әлем-
дегі тіршілік пен сананың дәстүрлі нышандарын күйреткен. Реформация мен
Ағартушылық, кейін жаратылыстанудың кеңінен ӛріс жаюы, оның ойынша,
«қауымдық есалаңдықтың қиратушы күшіне» айналған ӛзіндік вакуумды
қалыптастырған.
Сана мен санасыздың арасында жаңа үйлесім ізденісі барысында Юнг
ӛз ілімін жиі «батыс йогасы» деп атаған. Дегенмен Юнг ілімінің ресми атауы
– аналитикалық психология. Ол ХХ ғасырда философияның, эстетиканың
дамуына, мифологияның зерттелуі мен түсіндірілуіне үлкен әсер етті.
Фрейдтің Юнгтен басқа тағы бір атақты ізбасарлары қатарында Эрих Фромм (1900-1980 жж.) болды, оның ілімі – фрейдшіл, марксистік және эк-
зистенциалдық идеялардың синтезі. Ӛзінің кӛзқарастарын ол «радикалдық
гуманизм», «диалектикалық гуманизм», «гуманистік психоанализ» ретінде
сипаттаған. Фромм кӛзқарасының қалыптасуындағы Фрейд пен Маркстің
ерекше рӛлі оның ілімін фрейдомарксизм деп атауға мүмкіндік береді.
«Еркіндіктен қашу», «Болу немесе ие болу», «Дзенбуддизм және