Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


тән ауруы мен рухани уайымдардың болмауы



Pdf көрінісі
бет76/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   313
тән ауруы мен рухани уайымдардың болмауы  деп білеміз», – деп жазған 
делінген.  
Эпикур  ілімінің  ең  жоғары  ұстанымы  рахат  ӛмір  болатын.  Ол 
бақыттың негізгі критерийі болды (нағыз бақыт ретінде). Осы концепцияны 
ойластырғанда,  Эпикур  екі  түрлі  рахатқа  мән  береді:  «жан  тыныштығы 
ләззаты» (яғни адам тәнінің қиналмауы) және «іс-қимыл қозғалыс рахаты». 
Ол  ӛзінің  ӛмірлік  мақсатын  адамдарды  ӛлім  алдындағы  қорқыныштан 
және  тағдырынан  құтқарсам  деп  кӛретін.  Оның  ойынша,  Құдай  табиғатқа 
және  адамзат ӛміріне  қатысы  жоқ, ӛмір  мен  адамның  жаны  материя  секілді 
деп  есептеген.  Оның  ілімінде  философия  практикалық  қызмет  түрінде 
қарастырылды, оның мақсаты – «бақытты ӛмір». Эпикурдың ойы бойынша 
бақыт  дегеніміз  –  жан  тыныштығы  (атараксия).  Оған  тек  сана-сезімнің 
арқасында, сондай-ақ адам жаны, сезімі қиыншылықтардан аулақ болса ғана 
жетуге болады деп есептеді. 
Оның  ілімін  оқуда  негізгі  орынды  этика  бостандығы  алады. 
Адамзаттың  ӛмірі  тағдырына  байланысты  емес  деп  тұжырымдайтын. 
Бостандыққа апаратын жолдың шегі жоқ дегенді дәлелдеген ол, Демокриттің 
атомистік  іліміне  сүйенетін.  Философтың  ойы  бойынша,  адам  бостандығы 
физикалық  ӛмір  бӛлшектерінен,  атомдардан  құралады.  Демокриттің 
атомистік  кӛзқарасын  бӛліскенімен,  оның  ойлары  да  бір  келісімге  келе 
алмайды.  Демокрит  бойынша,  атомдардың  қозғалысы  сыртқы  механикалық 
қажеттіліктен туған, олар бос кеңістікке құлайды деп есептеген. Эпикурдың 
ойы  бойынша,  атомдардың  қозғалысы,  ішкі  факторларымен  –  атом 
салмағының  нәтижесінде  пайда  болады  дейді.  Бұл  атомдарға  белгілі  бір 
деңгейдегі  бостандықты  қамтамасыз  ете  отырып  ӛз  еркімен  түзу  сызықты 
қозғалыс  траекториясынан  ауытқуына  мүмкіндік  береді.  Осы  бір  «кішкене 
табиғат  бостандығы»  адамның  қоғамдағы  бостандығымен  байланыста  деп 
тұжырымдайды Эпикур.  
Эпикур  теориясында  материалистік  сенсуализмді  де  дәріптейді,  біздің 
сезім  мүшелеріміз  алдамшы  емес,  қателіктер  тек  сезім  мүшелерін  дұрыс 
қабылдамаудан  туындайды,  ал  сезім  мүшелері  «тӛреші  емес»,  сондықтан 


қателеспейді,  тіпті  иллюзия  мен  галлюцинация  сезінудің  жалған  екендігін 
дәлелдемейді.  Сезім  мүшелерін  дұрыс  қабылдау  осы  ілімнің  негізгі 
критерийі болып табылады.   
Эпикур  ілімі  адамзаттың  абыройына  деген  сыйластықпен  оған  деген 
сүйіспеншілікке бағытталған. Оның ұстанымы, бақытқа апаратын жолға түсу 
үшін,  алдымен  оның  жолында  тұрған  кедергілерді  құрту  керек.  Ол  үшін 
жаныңды  тағдыр  алдындағы,  Құдай  алдындағы,  тән  аурулары  алдындағы 
қорқыныштардан арылту қажет. Ӛмірден ләззат алу үшін «табиғаттың және 
ӛмірдің берген қажеттіліктерін» пайдалана білу керек. Осындай тӛзімділіктің 
нәтижесі – толық атараксия, сабырлылық. Мұндай жол философқа тән, оның 
ӛзі «ешкімге кедергі келтірмей» ӛмір сүру қағидасын ұстанған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет