2.12. Мысырдағы діни-мифтік тәжірибенің философиялық мәні мен
мазмұны
Ежелгі Мысыр мәдениеті б.д.д. IV-II ғғ. жатады. Таяу Шығыстағы
сияқты (Месопотамия, Вавилон, Шумер, Ассирия) осында да әмбебап
мифологиядан бӛлек философия бӛлімі мен ғылым болған жоқ. Мысырда
білімнің рационалды түріне емес, мистикалық, эзотериялық және діни
түрлеріне кӛңіл аударылды. Бұған байланысты Ежелгі Мысыр басшысы
сакральды жағдайда болған.
Абыз аристократтығының әсерімен ӛзіне Құдайлық құқықты иеленген
Құдай ұлы – фараонның культі пайда болды. Сонымен бірге «биліктің үш
бұтағы» – фараон пайда болды. Бұл елде мыңдаған жылдар тарихымен жан
мәңгілік деген сенім негізінде мистикалық дәстүр, мистикалық ойлау образы
ӛмірге келді. Оның тұрғындары абыз кӛмегімен мүмкіндікті тура,
мистикалық білімді алуға (медицина, шарушылық мәселелері мен табиғат
жағдайы, әскери әрекеттерге қарамастан) сенімді болды.
Дүниетанымның материя бірлігі туралы және «абсолютті білімді» алып
жүруші жан, абыздың әмбебап заңдылықтарын жетекшілікке ала отырып,
мифологиялық және діни символдар кӛмегімен қоғамдық танымды иеленді.
Бұл символдар ӛздеріне қоғам қабілеті жайлы ақпараттарды жинап және
сақтап, бүкіл Мысырдың материалдық және рухани («маячки» немесе
қыстырғыш сияқты) мәдениетіне бойлады. Абыздар оккультті білім
сақтаушылары сияқты ақиқатты басқара аламыз, табиғатты реттей аламыз,
болашақты болжай аламыз, Құдайдан еркін жасай аламыз деген сияқты
сенімдермен тұрғындарды сендіруге тырысты. Мұндай түсініктер танымның
рационалды әдістеріне кері ықпал етті
Мысырда жоғары және жалғыз жан ретінде Осирис – Күн Құдайы
есептелді. Исида – оның апасы және жұбайы, Гор – ұлы, қашанда Осириспен
бірге – күн және кӛлеңкемен тартыс символы ретінде бірге болды. Жиі
кездесетін эмблема мен символдарда, Мысыр мәдениетінің ескерткіштерінде
олардың отбасы бейнеленді. Исида бірінші болып адамдарға арпа мен сұлы
сыйлады, ал Осирис қоғамды құрып, адамдарға заңды берді және егісті
жинауды үйретті. Ол ӛзінің осы қайырымдылығын әлемге тарату үшін жолға
шығып, қатыгездікпен емес әуен сазымен жаулап алуды меңзеді.
Осиристі оның ағасы Сет (Тифон) – ұрықсыз дала және солғындықтың
символы ӛлтірді. Осирис Құдай болмас бұрын бүкіл Мысырды аралап, ӛзінің
қайырымдылығымен, ал оның ағасы ӛшпенділігімен адамдар есінде қалды.
Бұл аңыз басқа түрде де, ғарыштық және діни-адамгершілік
мағынасында да кӛрініс тапқан.
Осирис – бұл батып бара жатқан Күн символы. Исида – Ай, күннің
қанша сәулесін алса да, оны сақтай алатын, ал Гор – шығып келе жатқан күн,
әкесінің кегін қайтарушы.
Егер күн – Осиристің кӛрінетін кӛрінісі, онда қайырымдылық оның
имандылығының пайда болуы; батқан күннің орнына қайтадан күн шығады,
яғни ол Осиристің ұлы Гор – әкесінің кегін қайтарушы. Бұл қайырымдылық,
зұлымдылық соққысынан ӛлген, белсенді образда қайтадан пайда болып, сол
«зұлымдық» «зұлымдықты» жеңеді.
Гор Тифонды ӛлтірмейді, себебі зұлымдық жер бетінде қалып,
табиғаттың тәртіпсіз күші ретінде әлсіздікке ұшырайды.
Мысырлықтар сӛз астарына, ол папируста жазылған болса да, естілген
сӛз болса да, үлкен мән берген. Олар сӛзге тек дыбыстар жиынтығы деп
қарамай, сӛз сиқырлы қасиеттерге ие деген түсінікте болды. Мұның бәрі
Ежелгі Мысыр мәдениетінің діни-мистикалық символына жатады.
А.Ф. Лосевтің анықтамасын пайдалана отырып, Ежелгі Мысырда адам
«мифті жасап, сол мифтің ішінде ӛзі ӛмір сүрді»деп айтуға болады. Осылай
жоғарыда айтылғандарды адамдар кӛрініс ретінде емес, ӛздері сол оқиғаның
ортасында болғандай қабылдады. Мысалы, абыз-бальзамшы Анубистің
жасанды басын киіп,ол бетпердені шешкенше Анубис Құдайдың ӛзі ретінде
танылды.
Ежелгі мысырлықтар кӛрінетін және кӛрінбейтін жаулардың қолынан
қаза тапқан денелердің бейнесінен амулет, символдар тағуға үлкен мән берді.
Амулеттің магиялық жазумен және жазусыз екі түрі болды.
Ежелгі мысырлықтар кез келген кескінге кімнің жанын бергісі келсе,
соны бере алады деген сенімде болды. Оларға «ушебти» (кӛбінесе мысық
түрінде) жатты. Олар ӛлгендермен бірге о дүниеде барлық міндеттерін
атқаруға сендірді. Таңқаларлығы, бізге жеткен «ушебтилер» мұражайларда
түнгі уақытта қозғалыстар жасайды екен. Мүмкін сиқыр әсер ететін шығар.
Немесе материя мен жанның бірлік заңдылығы пайда бола ма екен.
Ал біздің заманымызда бұл жағдайды физик-теоретиктер «кван
сиқыры» деп қалжыңдағандай болған.
«Екінші ӛтпелі заманда» Мысырды 150 жылға гискостар бағындырған.
Біздің заманымызда да гискостардың этикалық құрылымы, бірақ гипотеза
бойынша кӛп келіспеушілікті тудырады. Мысырға олармен бірге кӛптеген
еврейлік тайпалар келген. Гискостарды қуғаннан кейін «Библия бойынша»
еврейлік мысырлық құлдық басталды. Библиялық салт-дәстүрді алар болсақ,
былай болжауға болады. Мысырдың жоғары мәдениеті даму деңгейі тӛмен
еврейлік тайпаларға үлкен әсер етті.
Мысыр тайпалары шамамен б.д.д. XIII ғасырда қазіргі Палестина
жеріне басып кірді. Ханаона адамдарының мәдениеті, ӛз ұлттық
ерекшеліктері бола тұра, Мысырдың дін ғұмырына бағынды.
Александр Македонскийдің шабуылдарынан кейін эминизм тарады.
Александрдың ӛлімінен кейін Мысырды басқарған Лагидтар Мысыр дінін,
оған кӛне мифтерді қосып, оның тарауына себепкер болды. Мысырдың
әмірлік кезінде Исида ғұмырымен бірге Мысыр сиқыры кеңінен тараған, бұл
дін күмәншілік (скептизм) кезі болған, бұрынғы кӛне Құдайлар қоғамдық
сауалдарына сай болмаған, ол Германия, Галия, Британия сияқты алыс
жерлерге де жетеді. Исиданың ғұмыры ӛзінің тақуалығымен (аскенттік) және
салтымен пұтқа табынушылық пен Христиан дінінің аралық басқышы болды.
Авитидің әйгілі «Метамарфоздың» авторы, кӛне дәуірде мықты сиқыршы деп
танылған және Исиданың абызы (жрец) болған, ғұмырға айналуды ӛз
туындысында тамаша суреттеген. Мысырлық Исида Лютецидің қамқоршысы
болды, қазіргі заманның Парижі, ал Христиан діні тарағаннан кейін оның
мүсіні христиандықтардың киелі бейнесі болды.
Мысыр дінінің үлкен бӛлігі бірақ нақты кӛрінетін мысырлық негізімен
Христиан дініне еш қарсылықсыз кірді. Бастысы, әрине, Осирис тірілген
мифі сияқты, Исаның қайта тірілу мифі жатады. Иса мен Сайтанның күресуі,
содан кейін жерге Құдай патшалығының келуі, бұл Хора (Гора) мен Септің
күресі іспетті.
Фараон ғұмыры дамуымен, Мысыр дінінің дамуы негізінде ӛзгерістер
болды. Табиғаттың кӛне Құдайлары ақырындап мемлекеттік Құдайларға
айналады – мемлекеттің басшылары, фараон және оның билігі. Осылай Ақыл
Құдайы, ӛліп тірілетін табиғат Құдайы – Осирис, о дүниенің патшасына
айналады. Мысырдың тұңғыш патшасы болғаннан кейін оны жиі фараон
ретінде бейнелейді. Абыз уағызы дін догматикасында және бейнелеу
ӛнерінде ажырамас байланыста кӛрсетуге ұмтылған, Аспан Құдайы мен Жер
Құдайының байланысы – фараон.
Мысыр мифологиясында ең басты «символ» ретінде сфинкс саналады.
Сфинкс – бұл Мысырдың ең алғашқы шығармашылығы және де ең маңызды
«символы». Адамның басы бұқаның денесінде тұр, арыстанның
тырнақтарымен және жанында жиналған қыранның қанатымен. Бұл
«символ» нені білдіреді? Бүгінге дейін бұл жайлы кӛптеген ойлар бар. Оған
қарамастан сфинксті Мысырдың ең басты Құдайы – Исиданың бейнесі
ретінде саналады, ол табиғат бірлігінің бейнесін кӛрсетеді. Бұл тӛрт элемент
жиынтығы микрокосмо мен макрокосмо (адам мен табиғат) – жер, су, ауа
және от – бұқа, арыстан, бүркіт және адам бейнесінің бірлігінде ашылады.
Бұқа, арыстан, бүркіт және адам бейнесінің бірігуінде микрокосмо мен
макрокосмоның тӛрт элементі жиынтығы, от, су, ауа және жер бейнеленген
Сфинкс құпиясының шешімі микрокосмо ретінде адам ӛзіне ӛзге
барлық күштермен бірігеді.
Үлкен пирамида осы символдың кӛрінісі іспетті. Мысырлықтар осы
пирамидалар арқылы әлемдік таным абыздар мен фараондармен тілдесе
алады деп сенді.
Белгілі мысырлық «Ӛлілер кітабында» ӛлгендердің жандары туралы,
олардың мәні, оларға қауіп тӛндірушілер мен олардан құтылу әдістері жайлы
мазмұндалған. Бұл кітап сиқырлы ӛлілерге арналған формулалар жайлы (180
тараудан астам) кең ауқымды қамтиды. Бұл формулаларды ежелгі
мысырлықтар бастапқыда ӛлілер денесіне жазса, кейінде осы «Ӛлілер
кітабына» жазды.
Сондай-ақ, мысырлықтар жерлеу мәдениетіне де аса зор кӛңіл аударды.
Мысырлықтар белгілі адамдар денесін күрделі бальзамдармен ораса,
қарапайымдар денесін құмға орады.
Ежелгі Мысырдағы философиялық ойлау «қолданбалы» сипатқа ие
болды да Үнді, Қытай ойшылдарының деңгейіне жете қоймады. Сонымен,
мұнда философия қоғамдық танымның ерекше формасы ретінде және ғылым
түрінде танылмады. Мысырлықтар ӛзге түрдегі, яғни мифтік және
мистикалық түрдегі ойлау формаларына негізделген ақыл мен білім
формасын иеленді. Бірақ, мысырлықтардың философиялық кӛзқарастары
эзотериялық және діни оқуларында, белгілі «Ӛлілер кітабында» кӛрініс
тапты.
Мысырлық адамдар дүниенің құрылымын түсіну үшін екі кілт
шығарды: біріншісі: сыртқы ішкіге ұқсас, үлкен де кішіге ұқсайды, бәрінде
де бірдей, екіншісі: адамдар – ӛлі Құдайлар, ал Құдайлар – ӛлі адамдар. Ніл
ӛзенінің тұрғындары адамның кім екенін түсінгендер ғана бақытты, тек қана
сол деп осы сӛздің астарын түсінеді. Осы сӛздерді ӛмір бойы жүректе
сақтаған білім күшке айналады.
Плутарх, Фалестің айтуынша мысырлықтарда су туралы ой барлық
заттың пайда болуының себебі болса, ал Пифагорда – сандар магиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |