Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


болмысы  мен  білім  болмысын



Pdf көрінісі
бет59/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   313
Байланысты:
treatise20490

болмысы  мен  білім  болмысын  ашуға  және  дәлелдеуге  бағытталған, 
сондықтан  антикалық  философиядағы  антропологиялық  бетбұрыс  одан 
басталады.  Егер  софистер  «барлық  заттың  ӛлшемін»  адам  деп  білсе,  ал 
Сократ үшін Гегель атап ӛткендей «барлық заттардың ӛлшемі ойшыл адам».  
Сократ  софылықтардың  идеологиялық  қарсыласы  болды,  афиналық 
аристократияның жақтасы болып демократтарға сын кӛзбен қарады, бұл әлі 


талқыланбаған  заңдар  шегімен  ұстап  тұрылмайтын  басқару  түрі  Грекияға 
пайдасынан гӛрі зиянын кӛп тигізеді және афиндік мемлекетке ӛлім қауіпін 
әкеледі деп санаған.  
Ӛзінің  зерттеу  пәніне  Сократ  танып  білуші  адамды  таңдап,  ӛзінің 
ізденістерінің  мақсаты  жайында  былай  деген:  «Афиналықтар,  шынын 
айтатын  болсам,  даналықты  іздеуден  басқа  мені  ештеңе  де  олай 
басқармайды.  Бұл  қандай  даналық  болды  екен?  Бұл  тура  мағынасында 
адамның даналығы (яғни адам адамға қатысты қандай мағлұмат білуі мүмкін 
екендігі), осындай мағлұмат бойынша, мүмкін, мен дана шығармын».  
Егер  софистер  ӛздерінің  зерттеулерін  риторика,  физика  математика, 
астрономия  сияқты  ғылымдар  аймағында  жүргізіп  және  адам  қызметінің 
мәселелерімен  айналысса,  Сократ  олардан  әлдеқайда  кӛпке  барды.  Ол 
натурфилософиямен (онтологиямен) айналысуды сенімсіз әрі керексіз санап, 
оны толықтай шеттетіп тастайды: әлем түсіндіріп немесе ӛзгертетін адамның 
жұмысы емес, ол тәңірдің жаратылысы, ол үшін құдіретті сана керек. Оның 
кӛзқарасы  бойынша  философия  –  ол  білгішсіну  емес,  ол  қалай  ӛмір  сүру 
керек  екендігі  жайындағы  ілім,  ол  ізгілікті  адам  мен  әділетті  мемлекеттің 
қалыптасу құралы. Оның бүкіл интеллектуалды әрекеттері этика сферасында 
шоғырланған.  Сократ  ӛзінің  зерттеулерінің  ортасына  адам  субъектісінің 
мәселесін қояды.  
Адам  болмысы  –  оның  жаны  (түсінетін).  Сократтың  түсінуі  бойынша 
«жан» аясында «мен саналымын» яғни интеллект жиынтығы, ар-ұят, мораль, 
адамгершілік мінез-құлық және белсенді ойлау шы.  Бұл  әлемде  барлық 
нәрсенің  мақсаты  –  адам.  Оның  алдында  тұрған  ең  қиын  мәселе  –  ӛзін-ӛзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет