қоғамды қопарды. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі
адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті
ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге
ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен ӛзіне дейінгі философтардың ой-
пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін кӛре білді. Сократтың
ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.
Сократ ӛзінің ақиқатты ізденушілігімен демократтар, аристократтар
үшін нағыз қауіп болды. Грек демократиясы ӛздерінің саяси бақталастарын
қатаң жазалады: оларды қуғынға ұшыратып немесе ӛлім жазасына бұйырды.
Оны құртуға себеп те табыла кетті. Ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды
– ақиқатты немесе ӛмірді. Сократ ӛзіне сенімді болды. Оның ӛлім жазасы –
«әділетсіздікпен»
күрес.
Жүйе
ӛзін-ӛзі
солай
қорғады.
Сократ
алғашқылардың бірі болды.
Сократтың жасаған таңдауы оның ішкі еркіндігінің қалауы
болды. Оның оқушылары ондай қайсар болмады. Әйтсе де бірде-бір грек
философында мұншалықты кӛп әрі сенімді оқушылары болмады. Оның
таңдауы Диоген Лаэрцийдің сеніміне, Пифиидің «Сократ ӛзінің барлық
даналығынан да жоғары» деген мадақтауына ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: