Арнайы психология психикалық дамудағы ауытқушылықтың себеперін,мәнін,заңдылықтарын,балалардың танымдық әрекетінің және эмоционалды-еріктік аясының ,тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Арнайы педагогика мәдениетпен анықталатын қарапайым педагогикалық жағдайларда білім алу қиындық туғызатын немесе мүмкін емес физикалық және психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбиелеудің теорилық және қолданбалы аспектілірін әзірлейтін педагогиканың құрылымды бөлігі,саласы.
«Арнайы педагогика»және «арнайы білім беру» ұғымдар қазіргі уақытта әлемдік білім беру жүйесіндегі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибегі заманауи гуманистік бағдарлармен сипатталады.Special (ерекше,индивидуалды) ұғымның ағылшынша тібірі осы педагогика саласындағы тұлғалық бағдарды атап көрсетеді.Арнайы педагогиканың объектісі ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға арналған арнайы білім беру үдерісі болып табылады.
Арнайы педагогика пәнін арнайы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі ; қоғамға әлеуметтік бейімделу мен ықпалдасу мақсаты бойынша баланы дамутудағы кемшіліктерін жеңуге бағытталған коррекциялық педагогика жұмысының әдңстері ,мазмүны мен үстанымсдары құрайды.Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін ,олардың тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарын зерттейді.
Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту,білім алуда ерекше қажеттіліктерді бар тұлғаларға арнайы білім беруді педагогикалық феномен ретінде қарастыру және кемтал тұлғаның бідім алу мәселесін шешцге бағытталған.
Арнайы білім берудың субъектісі - мүмкіндіктері шектеулі тұлға. Арнайы педагогиканың негізгі мақсаты – дамушы тұлғаны әлеуметтенуге және өзін-өзі қызмет көосетуге үйретуді кһздей отырып ,мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды болып саланатын тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру және әлеуметтенудің жоғары деңгейіне өол жеткізу.
Арнайы педагогика мақсатына қол жеткізу үшін ждамудағы ақаулықты түзету және теңестіру; орнын ьолықтыру;реабилитация(ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметтік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезеңінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алуға қажетті емдік-педагогикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру қажет.
Арнайы педагогиканың міндеттері
Теорилық міндеттері:
арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориялыө және әдістемелік әзірлеу;
дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқуты мен тәрбиелеудың мазмұны мен әдістерін ,ұстанымдарын айқындау;
арнайы білім беруді қажет ететін адамдарға педагогикалық білім беруді айқындау;
балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және еркерту үшін педагогикалық құралдарды зерттеу ,әзірлеу және жүзеге асыру .
Тәжірибелік міндеттері:
түрлі арнайы білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жолдарын ,әдіс-тәсілдерін анықтау;
арнайы педагогикалық технологияларды жасап ,дайындау;
арнайы
даму мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік-еңбектік бейімдеу үшін кәсіптік бағдарлау бағдарламаларын әзірлеу;
арнайы білім беру жүйесіндегі озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
Достарыңызбен бөлісу: |