Б. А. Әрінова арнайы педагогика және психология негіздері



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі49,56 Kb.
#11672
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арнайы педагогика(ворд)


Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

З.Б. Мадалиева

Б.А. Әрінова

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Оқу құралы

Алматы

«Қазақ университеті»



2016

КІРІСПЕ
Қазіргі уақыттағы әлемдік қауымдастықта инклюзивті білім беру мәселесі әртүрлі мәдениетте өзектілік танытып, оның жасөспірімдер мен балаларды оқытудың басқа түрлерінің алдындағы маңыздылығы мен басымдылығы туралы пікірталастар да көбейіп отыр.

Біздің мемлекетімізде 1990 жылдардың ортасынан басталған демократиялық және әлеуметтік өзгерістер қоғамды ізгілендірудің бірқатар өзекті мәселелерін, яғни адамның басты құндылық екендігін және қоғам оған қамқорлық таныту демократиялық мемлекеттің басты міндеті деп саналатын қажеттілікті түйсінуді алғы шығарды.

Қазақстанда әрбір тұлғаның құқығы мен еркіндігіне кепілдеме беру арқылы тұлға қызығушылығын қоғам қызығушылығынан жоғары қоятын басымдылық ұстанымы жарияланған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатынас мүмкіндігі шектеулі жандардың максималды өз бетімен әрекет ету және қоғамдағы тәуелсіздігіне қол жеткізуді көздейтін әлеуметтік қайта оңалту идеясына негізделеді.

Білім алу құқығы – бұл әрбір адамның құқығы. Ал балалардың білім алуы – олардың әлеуметтенуі, қоғамдық өмірге толыққанды араласуының негізгі және бөлінбейтін шарты. Осыған орай, Қазақстанда инклюзивті білім беруді бірте-бірте дамыту мәселесі 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды білім алуы және олардың басқалармен бірдей білім алу мүмкіндіктеріне шын мәнінде ие болуымен бірлікте қарастырылған.

Әлеуметтік бейімделу – Қазақстандағы инклюзивті білім берудің өзекті бағыты. Қоғам мен мемлекеттың ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға деген қарым-қатынасты қайта өзгертуі Қазақстандық білім беруді модернизациялау жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бейімделу стратегияларының механизмін құрастырудың заңды кезеңі болып табылады.

Қазіргі кезде біздің мемлекет нақты инклюзивті білім берудің тек бастапқы сатысында ғана тұр және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мен ұйымдастыру мәселесі ұйымдастырушылық – құқықтық бағыттағы ғана емес, сонымен бірге ғылыми – әдістемелік бағыттағы шешімдерді де қажет етеді. Осыған сәйкес дамыдуда ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, түзету, әлеуметтендіру және оларды қоғаммен ықпалдастыру мәселесінде туындаған ғылыми қызығушылық та қу құралының өзектілігін анықтай түседі.

Оқу құралының басты мақсаты студенттердің «Арнайы педагогика және психология негіздері» пәнін меңгерулеріне көмек көрсету болып табылады. Педагогикалық мамандықтар бойыгша әртүрлі факультеттерде білім алатын барлық ЖОО студенттері міндетті түрде «Арнайы педагогика және психология негіздері» курсын оқиды, алайда мамандыққа байланысты курстың атының өзгеруі де мүмкін, мәселен, «Коррекциялық педагогика және арнайы психология», «Арнайы (коррекциялық) педагогика», «Арнайы педагогика және психология негіздері», «Дамуында бұзылушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу» және т.б.

Сіздердың назарларыңызға ұсынылып отырған бұл оқу құралы дамуында бұзылушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, түзету, әлеуметтендіру және олардың қоғамға кіріктірулеріне (интеграциясы) қатысты мәселелерге арнылғын көптеген әдебиет көздері мен авторлардың жеке педагогикалық тәжірибесінен алынған жинақтаудан тұрады. Баяндалған теориялық материалдар курстың барлық бөлімдерін, атап айтқанда, акыл-ой тежелуін оқыту тарихы, алигрофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика, емдік педагогика, патопсихология, коррекциялық педагогика, және т.б. жан-жақты, толыө деңгейде қарастырылады.

Мұнда арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен түсініктері берілген, оқу курсының пәні, мақсаты және міндеттері айқындалған. Сол сияқты оқу құралында коррекциялық-педагогикалық қызметтің орны, оның негізгі компоненттері мен құрылымы көрсетіліп, оқытушының кәсіби қызметінің мәнін сипаттауға барынша назар аударылған.

Оқу құралында арнайы педагогика мен психология бойынша оқытылатын әрбір тақырыптағы жетекші мәселелер нақты көрсетіледі, негізгі идеялар сипатталып, олардың шешімін табудың ұстанымдары беріледі, ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері және нормативтік-құқықтық базасы анықталады, дамуында және мінез-құлқында кемшіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жұмыстарының формалары мен әдістері қарастырылады.

Оқу құралының әрбір тақырыбы өзін-өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтармен қамтылған. Оқу құралында оқытушының педагогикалық тәжірибесінде кездесетін арнайы терминдердің қысқаша сөздігі берілген. Оқу құралының соңында аталған курсты оқытуға қажетті негізгі түсініктерден тұратын глоссарий ұсынылған.

Пәндік түсініктердің дәоісткері де барынша көп көлемде қамтылуына байланысты глоссарий мазмұнында тек теориялық материалдарда жоқ терминдер ғана беріледі. Әрбір параграф соңында осы курс бойынша ҚазҰУ-да басылып шыққан негізгі әдебиеттер оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар және қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Аталған курсты оқу барысында мақсатты түрде ең алдымен теориялық материалды мұқият әрі зер салып оқып, содан соң өз бетімен орындауға арналған тақырыптарды талқылау қажет(қажеттілікке қарай, таңдау бойынша да болады).

Теориялық материалдарды меңгеру деңгейін тексеру үшін бақылау сұрақтарын немесе курс бойынша ұсынылатын тапсырмаларды, сол сияқты меңгерілген материал бойынша өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдауға аттестациялық есептеуші материалдарды(тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары және бөлімдерді) қолдануға да болады.

Аталған пән бойынша негізгі сұқрақтарды талдауды жеңілдетіп және қажетті әдебиетті іздеуде көп уақыт жоғалтпауда бұл оқу құралы, әсіресе сырттай оқитын студенттер үшін өте пайдалы.

1.АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ



1.1.Арнайы педагогикалың мақсаты мен міндеттері.

1.2.Арнайы педагокиканың қалыптасуы.

1.3.Арнайы педагогиканың пәндік аймақтары.

1.4.Арнайы психология мақсаты мен міндеттері.

1.5.Арнайы психлогияның пәндік аймақтары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет