2.2. Даму ауытқушылықтары түрлерінің жіктемесі
Психологияда дәстүрлі түрде психикалық үрдістердің – когнитивті, эмоционалды және кұш-жігерді реттеушілік сияқты негізгі үш түрін бөліп көрсетеді. Олар дамудағы ауытқушылықтың көпшілігінде танымдық, эмоционалдық және реттеушілік сияқты аталған үш топқа сейкес ыңғайлы көрсеткіш ретінде көрініс табады.
Психологиялық көрсеткіштерге бағытталғын мотивациялық қ ажеттілік сияқты келесі жіктеме операционалды аймақтағы кемшіліктерді айыра білуге құрылады. Мұның негізінде психикалық даму үрдісінде бірде мотивациялық қажеттілік, бірде операционалды орындаушылық әрекеттер кезектесіп қалыстасады деген Д.Б. Эльконинннің тұжырымдары алынады. Сонымен қатар тағы бір өте қарапайым, алайда дамудағы ауытқушылықтың монофакторлық және мультифакторлық деген тәжірибелік мәні бар жіктелім де кездеседі. Бұлардың алғашқысына, мысалы, қандай да бір мүшенің немесе жүйенің патологиясын құрайтын негіздегі көру, есту кемістігі немесе қозғалыс аймағындағы ауытқушылықтар жатады.
Дамудағы мультифакторлық ауытқушылықтар екі немесе одан да көп патологиялардың комбинациясынан, атап айтқанда, зағиптық немесе саңыраулықтың ақыл-ес кемістігінен және т.б. құралады.
Сол сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері немесе кейбір психикалық функциялар тәрізді жеке жіктелімдер де қолданылады. Бұл жерде түйсіну, есте сақтау психомоторика, антиципация (алдын ала білу, сезу), оқу, жазу, санау, дыбыстап айту және т.б. секілді әрекеттерде кемістіктері бар адамдар тобын да бөліп көрсетуге болады.
Аталған топтардың әрқайсысының өз ішінде көру, есту, сезу және т.б.; қабылдаудың заттық құрылымына қарай; заттарды түйсіну, кеңістік, сурет, адамдардың түрлері және т.б. топшалар құрылуы мүмкін.
Біз жіктелімнің ерекше түрі туралы айттық десек те болады. Бір-бірімен байланыссыз қоланылатын мүндай бірнеше жіктеме эмпирикалық деп аталады. Бұдар көпжинақты, бірақ жоғарыда көрсетілген категориялықтан өзіндік айырмашылықтары олар тәжірибелік бағытты біршама танымал деп саналады.
Олардың кейбіреулерінен мысал келтірейік. Осындй жіктемелік топтардың бірі дамуда (немесе дамуында ауытқушылықтары бар балалар тобында) төмендегідей ауытқушылықтарды бөліп көрсетеді:
Сенсорлық кемістігі бар балалар (көру, есту, тірек-қозғалыс аппараты);
Психикалық дамуында тежеу бар балалар;
Астеникалық, реактивтік және кикілжіңдер жағдайындағы балалар;
Психопатия формадағы мінез-құлықты балалар;
Ақыл-есі кем балалар;
Психикалық аурулардың (шизофрения, эпилепсия және т.б.) алғашқы белгілері көрінетін балалар.
Т.А. Власов және М.С. Певзнердің эмпирикалық жітемесіне қайта оралайық:
ОНЖ органикалық бұзылуына байланысты дамуында ауытқушылықтары бар балалар:
ОНЖ функционалдық дамымай қалуына байланыс ауытқушылықтары бар балалар;
Астеникалық, реактивтік және кикілжіңдер жағдайындағы балалар;
Ақыл-есі кем балалар;
Психикалық аурулардың (шизофрения, эпилепсия және т.б.) алғашқы белгілері көрінетін балалар.
Сөйтіп, келесі жіктеме бүкіләлемдік денсаулықты қорғау және оныншы қайта қараудың халықаралық жүйесінде осы уақытқа дейінгі қолданыста болып келген «Психикалық мінез-құлықтық бұзылудың жіктемесіне» келейік. Ол да эмпирикалық сыныпқа кіреді және бірнеше бөлімнен тұрады.
Олардың біріншісі – көріну дәрежесіне қарай дифференцияланатын: жеңіл, бірқалыпты, ауыр, және терең, сол сияқты «басқа» және «анықталмаған» ақыл-ес кемістігі.
Одан әрі қарай мектептік дағдылардың (оқу, санау, жазу) және сөйлеу әрекетінің спецификалық бұзылуын қамтитын «Психикалық дамудың бұзылуы» айдары беріледі.
Жалпы дамудың бұзылуы ретінде гипербелсенді бұзылу және стереотипті қозғалыстармен сәйкестенген ақыл-ес кемістігі, балалар аутизмі, атипикалық аутизм, Ретта синдромы жеке белгіленеді. Аспенгер синдромы және басқа да жалпы бұзылушылықтар осыған кіреді,
Келесі сынып – мінез-құлықтың гиперкинетикалық бұзылуы және белсенді зейіннің патологиясына қатысты «балалық шақта және жасөспірім кезеңде басталатын міез-құлықтық және эмоционалдық бұзылушылықтар» деп аталады.
«Мінез-құлықтың бұзылуы» деп аталатын бөлім өз кезегіде отбасы шарттарымен шектелетін мінез-құлықтық бұзылушылықтарды; мінез-құлықтың әлеуметтік бұзылушылығын; оппозициялық-дөрекі түрін және т.б. біріктіреді.
«Мінез-құлықтың, эмоциялардың бұзылуы» атты айдарға мінез-құлықтың, эмоциялардың депрессивті және басқа да бұзылушылық түрлері енеді.
Алайда әртүрлі елдердегі ұлттық жіктемеге сәйкес халықаралық жүйеде қабылданған тәжірибенің қабылдануын жоққа шығара алмаймыз. Бізде қазіргі уақытта В.В. Лебединскийдің дамудағы ауытқушылықтардың жіктемесі айрықша белгілі болып отыр Ол дизонтогенездің мынадай алты түрін бөліп көрсетеді:
Психикалық бұзылушылық – аөыл-естің артта қалушылығы болып табылатын типтік модель .
Дамудың кешеуілдеуі – инфантилизмнің әртүрлі нүсқалары, мектеп дағдыларының бұзылуы, жоғары қабаттардың функциясының жетіспеушілігі және т.б. көрініс табатын көпформалы топтар. Олардың ақыл-ес кешеуілдеуінен айырмашылығы – парционалды ретардация және әртүрлі қайталанбастық дәрежесі.
Зақымданған психикалық даму деп баланың ұзақ уақыт бойы дұрыс дамып келе жатып, бір кезле (жарақат алуы немесе орталық жүйке ж.йесінің бұзылуы) сияқты сипаттағы жағдайды айтады.
Дамудың дефициттілігі деп көру, есту және тірек-қозғалыс аппаратының өте қатты бұзылуының жағдайындағы психофизикалық дамудың әртүрлі нұсқаларын айтады.
Бұрмаланған даму – кешеуілдеген және зақымданған дамудың дамымай қалуымен біркелкілігі.
Дисгармонды даму – тұлғаның қалыптасуындағы бұзылушылықтар. Психопатияның әртүрлі формалары дизонтогенездің бұл түрінің типтік моделі болып табылады.
Бұл жіктеме де эмпирикалық деп саналады. Бұған кіретін топтар сапалық құрамына қарай (көп түрлі) және біршама шағын болып көрінеді. Сол себепті де олар қолданыста өте ыңғайлы болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |