1.4. Арнайы психология мақсаты мен міндеттері
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы. Сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалардың түрлі реабилитациялық категориясы және әлеуметтік бейімделу дайындығы мен білім алу, тәрбие, даму бөлімдерінің психологиялық заңдылықтары. Аталмыш ауытқулар туыла немесе жүре келе жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болған. Психилогия ғылымында арнайы психологияның орны бөлек.
«Арнайы психологияның» көптеген синонимдері бар: коррекциялық психология, аномальды даму психологиясы, дамуында ауытқуы бар балалардың психолгогиясы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі – туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде адекватты жеке тұлғаны дамыту барысында өзгеріске ұшыраған функциялардың өтемақысын қалыптастыру арнайы психологияның басты мақсаты болып табылады. Дамуында түрлі ауытқуы бар тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен тәрбиесі, білім алу жүйелері арнайы психология негізінде құралады. Сонымен қатар арнайы психология арқылы осы категориядағы тұлғаларды оқыту жолдары мен кәсіби кеңес, кәсіби бағдар жүйелері құралады. Дамуында ауытқуы бар тұл,һғаларды ұзақ тәжірибелік зерттеу кезінде нақты психологиялық білім жиынтығы жинақталған. Арнайы психология дамуының бастапқы кезеңінде өзііндік термин сөздер болмаған, олар көбінесе медицина ғылымынынан енгізіп отырған. Мұндай термин сөздер осы категориядағы анатом-физиологиялық ауытқуларды білдіретін болған. Сөйтіп, «кемшілік», «аномалия», «диагностика», «соқыр», «саңырау, мылқау», «түзету» және де т.б. сөздер медицина ғылымынан енген деп саналады.
Психологиялық және физикалық дамуда этиология және симптоматика ауытқуларының орнығуы арнайы психологияның ұйымдық-категориялық аппараты құрылымының басталуына түрткі болды. «Психологиялық даму» арнайы психологияның негізгі мағыналарының бірі болып есептеледі.
Адамның уақыт шеңберіндегі жүйелі түрде психикалық үдерісінің өзгеруі тұлғаның сапалық, сандық және құрылымдық тұрғыдан психикалық дамуына негізделіп отырады. Атақты психолог Л.С.Выгоцкий аномальды баланың психологиялық дамуы калыпты баланың дамуындағы заңдылықтарға бағынатының пайымдайды. Аномальды даму баланың жалпы дамуы психологиялық немесе физикалық ауытқулары салдарынан бұзылуымен түсіндіріледі.
Заманауи арнайы психологияның объектісі дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу. Дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу арнайы психологияның маңызды тапсырмаларының бірі болып есептеледі. Бұл психодиагностикалық әдістерді ойластыруға, аномальды дамудағы дифференциалдық диагоностикаларға теңдесі жоқ құжаттар енгізеді. Дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу барысында мынадай көптеген ұстанымдар туындайды: баланы зерттеудегі кешенді тәсіл ұстанымы, толықтай зерттеу ұстанымы, баланы зерттеудегі динамикалық ұстаным, психологиялық дамудағы сандық және сапалық жақындастық ұстанымы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |