Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет200/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   386
 
2.6.4.
 
К
ӨЗ КӨПІРШІГІ 
 
 
Көпіршіктердің конъюнктивада, сирек – ауыздың кілегейі 
мен терісінде (мукосинехиальды атрофияланушы буллезді 
дерматит), пайда болған жерінде тыртық пен жабысқақтарды 
104-сурет. Себорейлі көпіршік 
(Сенир-Ашер) 


тудыратын акантолитикалық емес дерматоз. 
50 жастан асқан 
әйел адамдар жиі ауырады.
 
Ауру бір – не екіжақты конъюнктивит түрінде дамып, артынан 
ұсақ көпіршіктер пайда болады, оның орнында конъюнктива мен 
склера арасында жабысқақтар дамиды. Симблефарон, көз 
саңылауының тарылуы, көз алмасының қозғалмай қалуы, 
соқырлық дамиды. Ауыз, таңдай, көмей, ұрт кілегейінде мөлдір 
құрамды керілген көпіршіктер пайда болады. Оның орнында етті 
қызыл түсті эрозиялар қалады, олар тырнағанда қансырайтын 
ақшыл-сұр түстес 
қабыршақпен қапталады. Никольский 
симптомы теріс. РИФ көмегімен IgG базальды мембрана 
төңірегіне жиналуы анықталады, бұл маңызды диагностикалық 
маңызға ие. Бөртпелер бекітілген. 
Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда, көзкөпіршігінде 
процесс 
көз 
конъюнктивасы 
мен 
терісінде 
аздаған 
көпіршіктермен шектелген, көпіршіктер көбіне жабысқақтардың 
дамуымен тыртықтанады 
(105-сурет)
. Никольский симптомы 
теріс, 
акантолитикалық 
жасушалар анықталмайды. 
Көпіршікте акантолиз яғни, 
тікенекті 
қабаттың 
төмеңгі 
бөліктеріндегі 
жасушаааралық 
көпірлердің 
еруі 
салдарынан 
эпителийішілік дамуы болады. 
Бұл 
қабаттың 
жасушалары 
ажырап 
арасында 
алғашқыда 
тесіктер артынша көпіршіктер 
пайда болады. Бұл көпіршіктердің 
жарылғанынан кейінгі беті мен 
түбі 
акантолитикалық 
клеткалармен 
жабылған 
(Тцанк 
жасушалары).
Диагностикасы.
Көпіршіктің алғашқы терідегі көрінісі оның 
диагностикасында үлкен қиындық тудырады. Терідегі бөртпелер 
импетиго немесе микробты экзема ошақтарына ұқсас, ауыз 
кілегейінде орналасса – афтозды элементтерді немесе банальды 
жарақатты эрозияларды еске салады. Никольский симптомының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет