Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет201/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   386
 
 
 
105-сурет. Көз көпіршігі 


оң болуы мен жұғындыда акантолитикалық клеткалардың 
табылуы диагностикалық жағынан маңызды. Ауыз кілегейінің 
шектелген пемфигуспен зақымдалуында көпіршік диагнозын 
цитологиялық зерттеулер және иммунофлюоресценциямен 
дәлелдеу қажет. 
Ажырату диагностикасы.
Көпіршік пен күлдіреуікті 
дерматоздар 
тобын 
ажырату 
көпіршіктердің 
эпителийге 
орналасуына 
байланысты 
симптомдарға 
негізделген. 
Пемфигоидте көпіршіктер субэпидермальды орналасады, сол 
себептен оның қабырғасы қалың, сондықтан науқас ауыз 
кілегейін қарағанда күлдіреуікте болмайтын мөлдір құрамды 
сулы бөртпе байқалады. Сонымен, ауыз қуысының кілегей сулы 
бөртпенің болуы көпіршік диагнозын күмәнді қылады. Сулы 
бөртпенің орнында пайда болған эрозиялар пемфигоидте әдетте, 
аздап гиперемияланған негізде орналасады, олардың беті 
фибринозды жабындымен жабылған болады. Пемфигусте
эрозияның айналасындағы тері мен кілегей қабықтар өзгермеген 
болады, ал кілегей қабатындағы эрозиялар сулы бөртпенің беті, 
жеңіл шпательмен алынатын семіп қалған қабықпен жабылады.
Көз көпіршігі қарапайым көпіршіктен конъюнктивадағы 
тыртықты өзгерістермен ерекшеленеді. Қарапайым көпіршік 
кезінде кей науқастарда бөртпелер конъюнктивада байқалуы 
мүмкін, бірақ олар ізсіз ешуақытта тыртық қалдырмай тарап 
кетеді. Ажырату диагностикасына қарапайым көпіршіктерде 
байқалатын денедегі бөртпелер де көмектеседі. 
Көпіршіктің 
емі.
Емге 
кортикостероидтар 
мен 
цитостатиктерді пайдаланады. Преднизолон, триамцинолон 
(полькортолон) және дексаметазон (дексазон) қолданады. 
Преднизолон 1 мг/кг-нан кем емес тәуелігіне 60-180 мг 
(триамцинолон 40-100 мг/тәу, дексаметазон 8-17 мг-нан) 
тағайындайды. Жоғары тәуліктік дозасы бар препаратты 
бөртпелердің толық тоқтауы мен эрозиялардың толық 
эпителизациясына дейін қабылдап, артынша әр 5 күнде 
преднизолон дозасын 5 мг-ға азайтады. 
Кортикостероидтардың жоғары дозасын тағайындаған кезде 
асқынудың алдын алу үшін калий препараттарын (ацетат, калий 


оротаты, панангин), жоғары дозадағы аскорбин қышқылы 
тағайындалады. Остеопороздың алдын алу үшін анаболикалық 
стероидтар мен кальций препараттары қолданылады. 
Көпіршікте кортикостероидтармен емдеуге қарсы көрсеткіш 
жоқ, өйткені сол препараттар ғана науқастың өмірін сақтап қала 
алады. Берілген әдіспен емдеу біртіндеп 16% науқаста 
кортикостериодтық емді тоқатуға мүмкіндік береді. 
Көпіршікті емдеген кезде, кортикостероидты еммен қоса, 
цитостатиктер, бірінші кезекте метотрексат, қолданылады. 
Метотрексатты кортикостероидтармен бірге емнің басында 
аптасына 1 рет 10-20 мг (жақсы көтерсе 25-30 мг) бұлшықетке 7 
күнде 1 рет бұлшық етке салады, әр курсқа 3-5 инъекция
клиникалық және биохимиялық қан анализдерін, зәр анализін 
бақылап отырады.
Жүйелі кортикостероидтардың кері әсерінің аз болуына 
олардың циклоспорин А-мен қосарландыра қолдану көп септігін 
тигізеді (В.И. Хапилова, Е.В. Матушевская). Препаратты 5 
мг/(кг*тәу) есебінен 2 қабылдауда тағайындалады, артериялық 
қан қысымы, клиникалық және биохимиялық қан анализін, 
креатининді анықтау терапевтикалық әсер болғанша бақылайды. 
Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қабылдау анаболикалық 
стероидтарды тағайындауды қажет етеді: нандронол 1 мл-ден (50 
мг) бұлшықетке 2-4 аптада 1 рет немесе метандиенон 5 мг-нан 1-
2 ішуге 1-2 айға ішіге береді, курстар арасындағы үзіліс 1-2 ай 
құрайды. 
Электролитті балансты қалыпқа келтіру үшін калий хлорид 1 
г-нан күніне 3 рет тамак ішу кезінде, бейтарап ертіндімен ішу 
немесе калий және магний аспаргинат 1-2 таблеткадан күніне 3 
рет 
тамақтан 
кейін 
тағайындалады. 
Дәрі 
дозалары 
гипокалемияның айқындылығына сәйкес жеке шешіледі.
Көпіршікте жергілікті емнің шешуші маңызы жоқ. Терідегі 
эрозияларды фукорцинмен, 5% дерматолды жақпамаймен, 
зақымдалған аймаққа дерматолды жақпамаймен қоса мырыш 
қышқылын 
себеді, 
калий 
перманганатымен 
ванналар
тағайындайды. 


Эрозияны кетіруге құрамында солкосерил мен беткей 
анестетик бар дентальды адгезивті паста жақсы көмек береді. 
Эрозияға жағылған Солко пастасы ауырсынуды басып, оның 
тіспен зақымдалуына жол бермейді және кортикостероидтар 
әсерінен олардың жазылуына көмек береді. Пастаны күніне 3-4 
рет тамақ ішер алдында жағады, ол 3-5 сағат әсер етеді. 
Көпіршікпен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда 
болуы тиіс, ал амбулаторлы жағдайда дәрі-дәрмекті тегін алуға 
құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет