Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Мальпигий қабатындағы «акантолиз» деп аталатын



Pdf көрінісі
бет197/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   386
Мальпигий қабатындағы «акантолиз» деп аталатын 
дегенеративті өзгерістер, Никольский белгісі (феномені) деген 
атақ алған маңызды клиникалық-диагностикалық көріністің 
морфологиялық негізі болып келеді.
Ол көпіршіктің 
қабығының үзіндісінен ұстап тарқанда көзге сау болып көрінетін 
терінің эпидермисінің сылынуынан тұрады. Көзбен қарағанда сау 
болып көрінетін көпіршіктер немесе эрозиялар арасындағы 
үйкелегенде эпидермистің беткі қабатының жеңіл сылынуы 
байқалады және де көзге сау болып көрінетін зақымдалған 
ошақтардан алыста жатқан терінің бөліктерінде эпидермисінің 
жоғарғы қабаттары да жеңіл жарақаттанады. 
Беті алынбаған 
көпіршікті бармақпен қатты басқанда сұйықтықтың 
эпидермистің көршілес жатқан бөлігін сылып ашып, 
көпіршіктің шетке қарай ұлғайып бара жатқанын көруге 
болады. Бұл диагностикалық көрініс Асбо-Хансен белгісі деп 
аталады.
Никольский белгісінің диагностикалық маңызына 
қарамастан оны шын көпіршіктің патогномониялық белгісі деп 
есептеуге болмайды, себебі, ол басқада дерматоздарда (мысалы, 
туа біткен буллезді эпидермолизде, Риттер ауруында, Лайелл 
синдромында) байқалуы мүмкін. Ол көпіршік байқалатын барлық 


науқастарда өршу сатысында оң, ал аурудың басқа сатыларында 
теріс болуы мүмкін.
Қазіргі заманғы емдеу әдістерімен рецедивті ұзартуға болады, 
ал сүйемелдеуші стероидты ем науқастардың өмірін ұзақ уақытқа 
сақтап қалуға мүмкіндік береді.
 
2.6.2.
 
В
ЕГЕТИРЛЕЙТІН КӨПІРШІК 
 
 
Көпіршіктің бұл формасының клиникасы вульгарлы түрімен 
ұқсас келеді және ауыз қуысының кілегей қабатына көпіршіктер 
шығуымен сипатталады. Айырмашылығы, көпіршіктер табиғи 
тесіктер, кіндік және терінің ірі қыртыстар аймақтарында (қолтық 
астында, аралықта, құйрық арасында, кеуде безі астында, құлақ 
артында) орналасуымен ерекшеленеді. Беті алынған күлдіреуіктің 
орнына эрозияланған, лас жабындымен жабылған бөлікте 
айтарлықтай экссудат бөліп тұратын папилломатозды өсінді 
пайда болады. Зақымдалудың нәтижесінде кең, вегетирлейтін, 
кейбір жерлерінде іріңді-некротикалық аймақ пайда болады. 
Никольский белгісі жиі оң болады. Дерматоздың бұл түрінде 
қатты ауырсыну және күйдіру сезімі байқалады. Сондықтан 
активті қимыл-қозғалысы шектелген болып келеді. Жақсы ем 
нәтижесінде вегетация қайтып, эрозия жаңа қабықпен 
эпителизацияланады. Бұрынғы бөртпелердің орнында айқын 
пигментация қалады. Вегетирленген көпіршік байқалатын 
науқастардың біразында ару байқалып, өлімге әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет