Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет277/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   386
141-сурет. Шанкрдің экстра-
генитальды орналасуы


бадамша бездерінде орналасуында кездеседі. Ауыз бұрышы мен 
ауыспалы қатпарларда қатты шанкр сызат түрінде болады, бірақ 
шанкр бар қатпарды тартқанда оның сопақша пішінді екені 
анықталады. Қатты шанкр ауыз бұрышында орналасқан жағдайда 
ауыз сызатына ұқсас келеді, бірақ олардың негізінде тығыздалу 
болмайды. Тілде қатты шанкр көбіне жалғыз шығады, көбіне 
ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Эрозивті және жаралы 
формаларынан бөлек, қатпарлы тілі бар адамдарда қатты шанкр 
қатпарлар бойында орналасқан жағдайда саңылаулы түрін көруге 
болады. Қатты шанкр тілдің арқасында орналасқан жағдайда 
оның негізінде инфильтраттың көптігінен ол қоршаған тіндерден 
биік жатады, оның бетінде етті-қызыл эрозия болады. Шанкрдың 
айналасында қабыну көріністерінің болмауы мен оның ауру 
белгісін шақырмауы назар аудартады. Қызыл иек аймағындағы 
қатты шанкр ашық-қызыл түсті тегіс эрозия болып келеді, ол 
жартылай ай тәрізді болып екі тісті қоршап жатады. Қызыл иектің 
қатты шанкрының жаралық формасы банальді жаралануға ұқсас 
және онда біріншілік сифиломаның бірен-саран белгілері болады. 
Диагностиканы 
жақасты 
аймағында 
бубонды 
анықтау 
көмектеседі. 
Ауыз қуысының кілегей қабаттары
сифилистің барлық 
түрінде 
зақымдалады. 
Онда 
орналасқан 
сифилитикалық 
көріністер эпидемиялық тұрғыдан ерекше қауіпті, себебі 
сифилитикалық мацерацияланған, эрозияланған бөртпелердің 
бөлінділерінде бозғылт трепонемалар көп болады.
Ауыз қуысының кілегей қабаты инфекциялар өту үшін 
айтарлықтай кедергі бола алмайды. Бұған тістеумен жиі 
жарақаттануы (бұзылған тістердің өткір қырымен немесе дұрыс 
тегістелмеген пломбалармен, тұрақты немесе тұрақты емес тіс 
протездерімен, тістүйіс ақаулары салдарынан) ықпал етеді. 
Қосалқы арулуар (гингивит, пародонтит, герпетикалық бөртпелер, 
дерматоздардың 
эрозиялық 
түрлері, 
токсико-аллергиялық 
реакциялар және басқалар) маңызды болып келеді. Біріншілік 
сифилома (қатты шанкр) ауыз қуысының және тілдің кілегей 
қабатының әртүрлі аймағында орналасуы мүмкін: еріндерде, ауыз 
бұрыштарында (ауыздық түрінде), тілдің дорсальды және 


вентральды беттерінде, ұрттарда, бадамша бездерде, бадамша 
бездің доғасының алдында және артында. 
Қатты шанкр, әдетте, өзіне тән, теріде сипаттағандай, пішінді 
болады, бірақ ерекшеліктері де болады. Мысалы, шанкрдің 
жылтыр тегіс бетін, негізінің тығыз болатынын атап өтуге 
болады. Біріншілік сифиломаның жаралы түрінде фиброзды-
іріңді жабынды байқалады және аздап ауырсыну байқалады.
Қатты шанкрдің орналасуына байланысты да ерекшеліктері де 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет