Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет85/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   386
Клиникалық көрінісі.
Ауру терең, терінің ішінде немесе тері 
асты шел майы ішінде терең орналасқан тығыздау, овальды 
пішінді, 
ауырсынбайтын 
немесе 
шамалы 
ауырсынатын, 
болашақта 
жұмсарып, 
бір-біріне 
жабысып 
төмпешікті 
конгломерат құрайтын күлгін-қызыл түйіндермен білінеді. Олар 


еріп, іріңдеп фустула және жара пайда болады. Жаралар беткей, 
дұрыс емес пішінді, тегіс, жұмсақ, көкшіл, жиектерінің асты 
үңгілген, грануляциялық және сүзбе тәрізденіп ыдыраған болып 
келеді. Жазылған кезде типті ұсқынсыз, ішіне қарай тартылған 
тегіс емес, көпір тәрізді жалғамаларлы және бүрлері бар 
қыртыстар пайда болады. Сүйікті орналасатын жерлері – 
мойынның сыртқы беттері, жақасты аймақтары, құлақ қалқаны 
маңдары, сонымен қатар бұғана астында немесе үстінде, 
қолтықасты шұңқырда және буындар маңында орналасуы мүмкін. 
Скрофулодерма кейде сүйектердің, буындардың, көздердің, 
өкпелердің және басқа мүшелердің зақымдалуымен қосарланады 
(жегі, сүйелді туберкулез).
 
Т
ЕРІНІҢ СҮЙЕЛДІ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Тері туберкулезінің өте сирек кездесетін түрі бұрыннан 
инфицирленген адамдарда терідегі экзогенді ошақтардан
суперинфекция нәтижесінде дамиды. Кейбір науқастарда ашық
өкпе тубекркулездерінде, ішек жолдары және басқаларда сүйелді
туберкулез аутоинокуляциясы нәтижесінде дамиды. 
Аурумен ересектер, соның ішінде ер адамдар, жиі ауырады. 
Туберкулезді материалды адамдар және жануарлармен қатынаста
болған (ветеринарлар, паталоганатомдар, қасапшылар және т.б.) 
немесе туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастармен
(күтім жасайтын медицина қызметкерлері) қатынаста болған 
адамдар 
ауырады. 
Бұл 
жағдайда 
ауру 
суперинфекция
нәтижесінде пайда болады.
Зақымдану қол басы және саусақтар сыртында, сиректеу 
аяқтарда орналасады және диаметрі 1 см көкшіл-қызыл түсті
төмпешіктің (мәйіттің төмпешігі) пайда болуынан басталады. 
Өсіп жетіліп, тегіс тығыз табақшаға айналып, беткейінде сүйелді
өсінділер пайда болып, массивті мүйізді қатпарлар пайда болады. 
Одан әрі жайылып өсіп, кейін бетінде сүйелді өсінділер мен 
массивті мүйізгек қатпарлар болатын, тегіс тығыз қабыршаққа 
айналады. Сүйелді тері туберкулезінің жетілген жағдайында 3 
аймақты ажыратуға болады: шеткі (күлгін-қызыл жиекті),
ортасындағы (сүйелді тығыз бұдырлар, жарықтар, қабықтар), 


орталық (терінің атрофияланған, тегіс емес кедір-бұдырлы түбі 
бар аймағы). Жазылғанда, ошақтардан кейін тыртықтар қалады.
Процесске көбіне аймақтық лимфа тамырлары мен түйіндері 
қамтылады. Сүйелді өсінділерді бүйірінен басқанда, жарықтардан 
эпидермисасты микроіріңдіктерден ірің тамшылары шығады.
Негізгі ошақтың шеттерінен жаңа түйіндер мен қатпарлар пайда
болып, біртіндеп бір-бірімен қосылады. Процесс аяқталғаннан 
кейін зақымдалған ошақтар орнында тыртықты атрофия қалады; 
бұл аймақтардың жегіден айырмашылығы жаңа элементтер пайда 
болмайды. Науқастың жалпы жағдайы әдетте, қанағаттанарлық.
Туберкулин реакциялары 80-96,5% науқастарда оң мәнді болып 
келеді. Балаларда сүйелді туберкулез жарақат орнында болған 
аутоинокуляция нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайда
жалпы 
жағдайының 
бұзылып, 
лимфаангаиттер 
және
лимфадениттердің пайда болуы байқалуы мүмкін. Регресс 
кезеңінде ошақтар тыртықталып, негізгі ошақтар шеткі жиегінде 
жаңа төмпешіктер пайда болуы мүмкін. Ошақтардың орнында
атрофияланған тыртықтар қалады. 
Емі.
Тері туберкулезінің арнайы емінен басқа өткір қасықпен 
қырып тастауды, диатермокоагуляцияны, рентгенрадиотерапияны 
қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет