Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Т ЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗІНІҢ ЖАЙЫЛМАЛЫ ТҮРІ



Pdf көрінісі
бет87/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   386
Т
ЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗІНІҢ ЖАЙЫЛМАЛЫ ТҮРІ

Лихеноидты туберкулез 
– шіренше теміреткісі. Туберкулездің
өте сирек кездесетін түрі, әдетте аурудың біріншілік кезеңінде
әлсіреген балаларда, жасөспірімдерде өкпе, лимфа түйіндері 
немесе сүйек және буын аппаратының белсенді туберкулезінде
дамиды. Шіренше теміреткісі әдетте туберкулез жегісін белсенді 
емдеу кезінде бацилла ыдырау өнімдерінің шашырауы 
(дессиминизация) 
барысында 
дамиды. 
Терілік 
көрінісі 
шашыраған немесе топтасқан фолликулярлық, ұсақ (3 мм дейін), 
тегіс немесе конус тәрізді, ауырсынбайтын папулезді немесе 
папула-пустулезді сұр-қызыл, жиірек сау тері түстес түйіршіктер. 
Түйіншектер бетінде ұсақ қабыршақтар, мүйізгек тікендер 
болады. 
Тығыз 
топтасқан 
фолликулярлық 
түйіншектер 
себореялық экземаны (
eczema scrofulosorum
) еске салады. 
Бөртпелер көбіне симметриялы дененің бүйір аймақтарында,
жамбаста, бетте, сиректеу еріннің кілегейнің бетінде орналасады. 
Олар өздігінен жоғалып қайта пайда болуы мүмкін. Субъективті 
сезімдер болмайды. Ішкі мүшелер туберкулезін емдегеннен кейін 


теріде рецидив бермейді. Папулалар жоғалғаннан кейін орнында
пигментация, сирек ұсақ нүктелі тыртықтар қалады. Пирке 
реакциясы оң мәнді болады.
 
П
АПУЛОНЕКРОТИКАЛЫҚ ТЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗІ
.

 
Папулонекротикалық туберкулез
біріншілік туберкулездің 
созылмалы 
ағымында 
микобактерияның 
гематогенді 
диссиминациясы нәтижесінде пайда болады. Аурудың негізінде 
туберкулез микобактериясымен немесе оның өнімдерімен 
сенсибилизация әсерінен пайда болатын аллергиялық васкулит 
көрініс береді. Негізінен жасөспірімдер мен балалар ауырады. 
Бөртпелер ұстама тәрізді пайда болады, симметриялы орналасқан 
жазғыш беттерде, жамбаста, денеде, құлақ қалқандарында және 
беттерде орналасады. Көптеген топтасқан, тығыз қою қошқыл 
диаметрі 1-3 мм түйіншектер пайда болады. Олардың 
орталығында іріңді некротикалық қабыршақтар пайда болады. 
Кейінірек түйіншектер орнында ұсак дөңгелек жаралар қалады. 
Олар жазылғанда күлгін түсті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет