Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»


Жүйелі және бір-бірімен байланысты білім беру принципі



бет18/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
. Жүйелі және бір-бірімен байланысты білім беру принципі. Аталған принцип бойынша пән мұғалімі бағдарламада берілген тілдік материалдардың мазмұндық ерекшелігін ескеріп, жүйесін сақтай отырып, өтілген тілдік материалдарды жаңа материалға негіз ете бір-бірімен байланыста түсіндіреді. Ол үшін күнтізбелік жоспар жасаған уақытта тілдік тақырыптардың мазмұндық байланыстарын ескеріп құру керек. Мысалы, Дауысты дыбыс → оның түрлері→ буын→ буын түрлері→ буын үндестігі.
1988 жылы жарық көрген еңбекте бұл принцип оқытудың жүйелілік принципі деп көрсетіледі.
IV. Түсіндіруге оңай және жеңіл принципі. Атына сай бұл принцип бойынша тілдін берілген теориялық білім оқушының қабылдауына сай әрі жеңіл болу жағы көзделеді. Ол үшін өтілетін әрбір тілдік тақырып, оны түсіндіру мақстында жинақталған дидактикалық материалдар, мәтіндер оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай болу керек. Әрі өтілетін тілдік тақырыптардың мазмұнына сай болу керек.
Мысалы, жоғарыда айтқанымыздай:
а) Қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасына еңгізілген тақырыптар оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай болу керек;
ә) Оқулықта берілген ереже тақырыптың мазмұнына сай болу керек;
б) Жаттықтырылатын материалдардың мазмұны сай болу керек;
в) Әрі тілдік тақырыптардың мазмұнына сай сағат санын бөлу керек.
1988жылы жарық көрген «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегінде жоғарғыда айтылған принциптерден басқа мыналар беріледі:
1.Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі. Тілдік материалдардың дұрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы оқушылардың оқытылатын материалды терең, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіндік жасайды.
Аталған принцип мынадай жағдайларда ескеріледі.
Мысалы:
а) Фонетика тарауын соңғы жылдары бір сыныпта оқыту жоспарланған;
ә) Етістік тақырыбының күрделілігіне қарай бірнеше сыныпта оқыту жоспарланған.
2.Оқытудың ғылыми принципі. Қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламалары, қазақ тілі оқулығы осы принципке негізделеді. Себебі ғылымға сүйенген, соған негізделген пән ғана оқушыға жан-жақты білім бере алады. Әрі оқулық пен бағдарламаға ғылыми тұрғыда жан-жақты дәлелденбеген, нақтыланбаған тақырып еңгізілмейді.
Пән мұғалімі оқытудың бұл принципін терең меңгеріп, оқыту үдерісінде дұрыс пайдалана алуы тиіс. Себебі, пән мұғалімі тек мектеп оқулығына сүйенбеу керек. Ғалым С.Исаев көрсеткендей, мұғалім оқулықтың ар жағындағы дүниені бере білу керек.
3.Оқытудың алдын ала болжау принципі. Пән мұғалімдері аталған принциптерді басшылыққа ала отырып, өтіліп отырған тілдік материалдардың, келесі сабақта өтілетін тілдік материалдарды меңгерудің маңыздылығын алдын-ала байқайды, алдын-ала жоспарлайды. Мысалы, жалғаулар тақырыбын өткен кезде:
а) Оның атқарылатын қызметі басшылыққа алынады;
ә) Грамматикалық мағынасы синтаксис тарауындағы сөйлем мұшесі тарауынан басталады.
4. Оқытудың көрнекілік принципі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет