Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. М.Ахметова, Б.Ерзакович, А.Жұбанов. Советтік қазақ музыкасы. Алматы, 1975. 236-239 б.  
2. Т.Мерғалиев Күндер керуенінде. “Саз саңлақтары”, Ақтөбе. «А-полиграфия» 2004. 6-8 б. 
3. И.Жақанов. Туған халқын жырлаған. “Саз саңлақтары”, Ақтөбе. «А-полиграфия» 2004. 10-13 б. 
4. Т. Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов. 
Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Алматы, 2005. 472 б. 
 
Резюме 
В  статье  излагаются  сочинения  композитора  М.Койшыбаева  для  казахской  инструментальной 
музыки 
Summary 
 
About compositions for Kazakh national orchestra’s instruments of   M. Koishybaev composer. 
 
 
ӘОЖ  379.85  
 
 
ТЕАТР ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  
 
И.И.Искакова, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы  
 
         Жастарға эстетикалық тәрбие беру идеологиялық жұмыстың маңызды бір  саласы. Ол жастарды 
жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білігуге, бағалауға, өмірдің және еңбектің 
алуан  түрлі  саласына  «әсемдік»  енгізе  білуге  үйретеді,  ұсқынсыздық  пен  парықсыздыққа  қарсы  
күресуге  қабілетін  шыңдайды.  Тұлғаны  барлық  жағынан  жетілдіру  оның  шығармашылық  қабілеттері 
мен дарынын дамыту, оны нағыз еңбеккер ретінде, қоғам қайраткері ретінде, адамгершілік парасаты 
мол, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді. 

55 
 
          Адамның  асыл,  нәзік  қасиеттерінің  бірі  –  эстетикалық  сезімді  оятып,  өсіретін,  эстетикалық 
талғаммен  көзқарасты  қалыптастырып,  адамныңн  эстетикалық  мәдениетін  дамытатын,  жетілдіретін 
факторлардың ішінде ең үлкен орын алатын, шешуші рөл атқаратын әдебиет пен өнер екендігінде дау 
жоқ. Себебі, олар адам санасы мен жан жүйесіне ерекше әсер ететін таптырмас құрал.  
          Өнер  –  адам  өмірін,  адам  тағдырын,  адам  мінезін  бейнелеу  арқылы  адамды  танытады  және 
сонымен  бірге  түзеу,  жөндеу,  тәрбиелеу  мақсатын  көздейді.  Француз  ағартушысы,  философы, 
жазушысы  Дени  Дидроның  пікірінше  өнер  –  бұл  өмірге,  табиғатқа  еліктеушілік  болып  табылады. 
Сондай–ақ шынайы өнердің адам атаулының мінез-құлқына игі әсер ететінін ұлы ойшылдардың көбі-ақ 
айтқан.  Әр  адамның  сұлулық  сезімдері  әр  түрлі  нәрседен  оянымпаз  болады.  Біреудікі  музыкадан, 
біреудікі  сұлу  суреттен,  біреудікі  поэзиядан,  театр  өнерінен.  Өнердің  әйтеуір  ірі  бір  түрінен  ләззат 
алмайтын, біреуінен құмар болмайтын адам болмайды. Оқытушының міндеті жастарда өнердің қандай 
түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету.  
          Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жұмысында театр өнері өте зор маңызды рөл атқарады. 
Театр  –  (грек  сөзінен  theatron  –  «ойын-сауық  орны»;  «ойын-сауық»  деген  ұғымды  білдіреді)    -өмір 
көріністерін  драмалық  әрекет  арқылы  көрермендердің  көз  алдында  актерлер  күшімен  бейнелейтін 
сымбатты  өнердің  бір  түрі;  ойын-сауық    немесе  спектакль;  түрлі  сахналық  ойын-сауықтар,  сонымен 
қатар  жалпы  мәдени  шаралар  өткізілетін  орын-жай.  Осыны  айғақтайтын  біздің  театрларымыздың 
барлық тарихы, атап айтсақ, «Еңлік-Кебек», «Біржан-Сара», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Ақан сері - 
Ақтоқты», «Айман-Шолпан», «Абай», «Ана – жер ана», «Майра», «Қаркөз», «Түнгі сарын», секілді т.б. 
бұрынғы,  қазіргі  жақсы  спектакль  –  қойылымдарды  көз  алдыңызға  әкелсеңіз  де  жеткілікті.  Бұлар  өз 
көрермендерін қаншалықты шаттық пен рахатқа бөлеп, естен кетпес әсер қалдырғаны белгілі. «Театр 
киім  ілгіштен  басталады»  демекші,  ол  үлкен  тәрбие  мектебі.  Өйткені,  ол  қоғамдық  өмірдің  толғақты 
мәселелерін  театр  сахнасында  көтеріп,  қазіргі  білімді,  шығармашылық  еңбек  иелерінің  ақыл-ой, 
парасат деңгейі, адамгершілігі, азаматтығы, достығы мен махаббаты, ұстанымдылығы сияқты адамдық 
қасиеттерін нақышына келтіре бейнелеу арқылы көрермен қауымға рухани үлгі-өнеге көрсетеді. Яғни, 
спектакль  барсында  өмірдің  қат-қабат  шытырман  оқиғалары  көрермендердің  көз  алдында  өтіп 
жатады.  Соған  сәйкес  көрермен  қауымның  эстетикалық  талғамы,  дүниетанымы  қалыптасады.  Міне, 
сахна  өнерінің  идеялық  және  эмоциялық  зор  әсерінің  болатыны  осыдан.  Сондықтан  да  театрдың 
қоғамымыздың  рухани  өмірінде  алатын  орны  зор.  Қазақстанның  тұңғыш  драма  театры  дербес 
шығармашылық  мекеме  ретінде  1930  жылдан  бері  өмір  сүріп  келеді.  Оның  алғашқы  драмалық 
спектаклі М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасынан  бастау алады.
 
Ғ.Мүсіреповтың 1942 жылы қойылған 
«Ақан  сері  Ақтоқты»  пьесасы  қазақ  драматургиясының  шын  мәнісінде  өрен  шығармасы  болып 
табылады.  Онда  Ш.Айманов  пен  Ш.Жандарбекова  Ақан  мен  Ақтоқтыны  жүрек  тебірентерлік 
бейнелерін  жасады.  Сонымен  қатар  Шекспирдің  «Асауға  тұсаудың»  басты  рөлдерін  ойнаған 
Ш.Айманов,  Қ.Бөкеева, Қ.Қуанышбаевтардың  сол  кездегі  тамаша жетістіктері  да  бізде театр  өнерінің 
дамуына айрықша үлес қосты. 
 
Қазақстандағы  ірілі-кіші  жұмыс  істеп  жатқан  театрлары  мен  драматургиясы  оқушы  жастарға 
эстетикалық тәрбие берудің құралдары, әрі халықтың рухани байлығы болып табылады. Соның ішінде 
қазақтың  мемлекеттік  Ғ.Мүсірепов  атындағы  академиялық  жастар  мен  балалар  театрын  басқа 
театрлармен  салыстырғанда  өзіне  ғана  тән  ерекшелігі  бар.  Ол  мұнда  келетін  көрермендердің  жас 
мөлшеріне  тікелей  байланысты.    Сондықтан  да  театр  ұжымы  балаларға  арнап  репертуар  түзеу 
мәселесіне  айрықша  назар  аударады.    Театрдың  соңғы  жылдардағы  жасөспірімдерге  арналған 
репертуары  өте  қызықты.  Театр  ұжымы  төл  драматургтермен  тығыз  шығармашылық  байланыста 
болып  Т.Алшынбаетың  «Керқұла  атты  Кендебай»  (режиссер  Н.Жақыпбаев),  Е.Аманшаевтың  «Қыр 
астындағы  сол  бір  ғажайып  әлем»  (режиссер  Н.Жақыпбаев),  С.Балғабаевтың  «Жымбала,  Мико  және 
қасқыр» (режиссер Н.Жақыпбаев) пьесалары сахналанды. Бұдан басқа да театр құрылғаннан бері әр 
жылдарда қойылып келген М.Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісін режиссер Т.Өмірзақов 1995 жылы 
кішкентай  бүлдіршіндерге  арнап  қайтадан  сахнаға шығарды.  Ал, аударма пьесалардың ішінде   театр 
сахнасында табыспен жүрген пьеса Л.Симонованың «Алтын дәннің құпиясы»  болды. Сонымен қатар, 
М.Шахановтың  «Бәрінен  күшті  қорқақ  көжек»  (режиссер  И.Әбілмәжінов),  О.Боранбаевтың  «Қаңбақ 
шал»  (режиссер  Б.Сейтмамытов),  А.Хангелдиннің  «Керемет»  (режиссер  А.Кенжеков)  пьесалары 
қосылды.   
          Мектеп балаларға ғылым негіздерін оқыта отырып, жүйелі білім беру арқылы олардың өздерін 
қоршаған  дүние    туралы  көзқарасын  қалыптастырады.  Ал,  театр  өмір  құбылыстарын  спектакльдер 
арқылы  бейнелеп,  баланың  жан-дүниесіне,  мінез-құлқына  әсер  етіп,  оның  сезімін  тереңдетеді,  ойын 
ұштайды,  санасын  жетілдіреді.  Сөйтіп,  еліміздегі  театрлар  жас  ұрпақтың  балабақша  мен  мектептен 
алған білімінің толығуына, көзқарасының кеңеюіне ықпал жасайтын мәдени орын екендігін дәлелдеп 
келе жатыр.  
 
 

56 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  роль  театрального  искусство  в  воспитание  эстетической  культуры  
молодежи.  
Summary 
In the article is discussed the importance of theatre art in the education of   aesthetic  culture  of  
youth.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.  Әбенбаев С. Эстетикалық мәдениет негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2005.  
2.  Жарықпаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. - Алматы: Атамұра, 1994.  
3.  Еспаев Я.Ж. Эстетика педагогической деятельности. – Алматы, 2003.  
4.  Қазақ театрының тарихы. 1-2 т. Алматы. 1975, 1978.  
5.  Құндақбаев Б. Заман және театр өнері. Алматы, 2001ж.  
6.  Эстетическое воспитание студентов в учебном процессе. – Рига: ЛГУ, 1989.  
7.  Эстетикалық тәрбие // Аударған Т.Тоқбергенов, У.Асылов. – Алматы: Мектеп, 1973. 
 
  
ЖОЛАЙШАҒЫЛ  ҚҰМТӨБЕЛІ  ОБАСЫ 
                                             
М.С.Касенов,  
т.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
Жолайшағыл құмтөбелі қабірі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы 
құмшағылда  орналасқан.  2006  жылы  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің  
экспедициясы,  Жолайшағыл  құмындағы    сарматтық  «құмтөбелі  қабірде»  жүргізген  қазбадан  
алтыннан,  асыл  тастан,  темірден,  қыштан  жасалған  заттар  табылды.  Құмтөбелі  қабірлер    Батыс 
Қазақстан аймағындағы құмдарда  кездесетін ерекше ескерткіштер. Қазба кезінде Сарматтық дәуірге 
жататын жартылай тоналаған «Алтын ханымының» қабірі ашылды. 
     
Сарматтық  ескерткіштердің  көбісі  тоналған.  Жолайшағыл  қабірі  тоналмай  жетіп  отыр. 
Тонаушылар үшін құмтөбелі қабірлерді табу қиын болған. Бұның өзі оның  сақталуына себеп болған. 
 
Қабірдің дәл орны Қарабау ауылынан солтүстікте 3 шақырым жердегі Жолайшағыл құмындағы 
жел  ашқан  шағылда.  Географиялық  координаты:   N  98.  28 .810.   ЕО 52.  56. 725.  Бұл  нысана  сармат 
кезеңіндегі «Құмтөбелі қабір» болған. Жолайшағыл құмының көлемі 300 х 200 метр, биіктігі 3-5 метр, 
солтүстіктен – оңтүстікке созылып жатыр.  
 
Қатты  жел  соққанда  жергілікті  тұрғындар  алтыннан  жасалған  зергерлік  бұйымдар  мен 
құмыралар  тауып  алады.  Бұл  хабар  Ортағасырлық  Қорғанша  қаласында  археологиялық  қазба 
жұмысын  жүргізіп  жатқан  Атырау  мемлекеттік  университетінің  археологиялық  экспедициясына 
(АМУАЭ) жетеді. Шұғыл түрде «Жолайшағыл құмтөбелі» қабірінде қазба жұмысы жүргізіледі. Қабірдің 
құрлысы  қандай  болғаны  белгісіз.  Қабір  аумағының  диаметрі  1,5  м,  құм  қалыңдығы  1,5  м.  «Қабір» 
құмшағылдың оңтүстік беткейінде жел ашқан алаңқайда орналасқан. Құм үстінде шашылған адам мен 
мал  сүйектері  жатыр.  Адам  қаңқаларынан:  жақ,  бас,  саусақ,  қол,  аяқ,  қабырға  сүйектері  бар.  Оның 
арасында  малдың  әр  түрлі  сүйек  сынықтары  араласып  жатыр.  Құм  қабірі  30  см  тереңдіке  дейін 
қазылды.  Құм  арасынан  жүздеген  майда  моншақтар,  алтыннан,  темірден,  тастан  жасалған    заттар, 
сүйек сынықтары табылды.  1- сурет. 
      
Қабірден    табылған,  ауыл  тұрғындарынан  қос  тұтқалы  амфора,  1  қыш  көзе,  алтын  алқа, 
зергерлік бұйымдар алынды. Бұл заттардың бастапқы тұрған орнынан белгісіз. 
 
Құм  астындағы  заттар  өте  жақсы  сақталған.    Құм  үймекті  тазарту  барысында,  солтүстік 
тұсынан өте жақсы сақталған 1 көзе табылды. Ол тігінен қойылған, оның сырты қара түспен боялған, 
жылтыратылған, шарықта жасалған.  1- сурет.  Затарға сипатама жасайық .  
Алтын алқа  - өте жақсы сақталған. Оның шынжыр бауы мен басына ілінген, алтын алқа, ақ 
түсті  мозайкамен    көмкерілген,  бір-біріне  қарап  тұрған  құстұмсықты    (грифон)  және  одан  төмен  5 
шынжырлы қоңырау тәрізді салпыншақтар ілінген. Шынжыр бауының ұзындығы 30 см., көлемі 4х4 см.  
2-сурет. 
Алтын  сырға.  –  Сырғаның  қара  асыл  тастан  салған  көзі  бар,  бес  салпыншақты.Көлемі: 
ұзындығы- 5 см.  3- сурет. 
Алтын сырға.  Сырғаның көзі түсіп қалған, үстінде оралған сым темір түрінде  жасалған ілгегі 
бар.  Көлемі: ұзындығы -6 см.  3 -сурет. 
Алтын түтікті – зат. Ортасында 2 ілгегі бар, екі басында ілгек орны сақталған,ортасында ақ 
сырлы жолақ белдеуі бар. Көлемі: 4х1 см. 3- сурет. 
Көзе. Құмыра  қолмен жасалған, ернеуі сәл сыртқа қайрылған.Сырты дөрекілеу     жасалған. 
Отқа күйген ізі бар. Көлемі: биіктігі -8 см., ернеу аумағы – 5 см.  4 -сурет. 

57 
 
Моншақ.    Қазба  үстіндегі  құмға  шашылған  дөңгелек  формалы  25  дана    ақық-сердоликтен 
жасалған,көлемі:  1-1,5 см., қызыл қоңыр түсті моншақтар  жиналды. 5 -сурет. 
Моншақ. 3 ірі моншақ.. Көлемі: - дм. 2 см., болатын ақық-сердолик тасты. 5- сурет 
Моншақ. Қара тастан  жасалған  бес  моншақ табылды.  Үш  бұрышты  болып  келген,      ұшында 
тесігі бар. Бұл моншақтар сердолик моншағымен бірге бір тізбеде болған болса керек. 5-сурет. 
Көзе.  Шарықта  жасалған,  қара  түсті,  ернеуі  жалпақ,  түбі  шар  түрінде  жасалған.  Көлемі: 
биіктігі-8 см., ернеуінің аумағы 5 см.  6 -сурет.     
Темір құрал.  Көлемі: ұзындығы-25 см., басындағы қалақ көлемі: 4х3 см.,болады.  6- сурет. 
Жебе ұштары. Қоладан жасалған 12 дана. Үш қырлы, түтікті жебе ұштары. 6- сурет. 
Пышақ.        Көлемі: ұзындығы 14- см.,ені -2 см. нашар сақталған. 6-  сурет. 
Моншақтар.  Қабірден  өте  майда  диаметрі  3  мм.,  болатын    әртүрлі  пастадан,тастан, 
кристалдан т.б.затардан  жасалған 300 дана моншақ тастары жиналды. Бұл моншақтар киімге тігілген 
болса керек. 6- сурет. 
Амфора.  Сонымен  бірге  қос  тұтқалы    құмыра    шықты.  Оның  көлемі:  биіктігі-25см.,  ернеу 
аумағы-10  см.  Қызыл  түсті  саздан  жасалған,сырты  қызыл  ангобен  боялған.  Оның  бетінде  жөндеу 
кезінде пайдаланған, шегенделген шеге  іздерінің тесігі бар. 7- сурет. 
Семсер.  Ұзындығы- 1метр, ені -5 см., тұтқасының басында шеңберлі доғасы бар, қалқаны тік 
жасалған. 8-сурет. 
Қола айна.     Көлемі: аумағы-10см., сақталуы өте нашар, бірнеше бөлікке сынған. 
Құмтөбелі  қабірден  табылған  алтын  алқада  бейнеленген,  бір-біріне  қараған  самұрық  құсы 
(грифон) сарматтар үшін қасиетті тотем болған. 2- сурет. 
Сарматтарда  жыртқыш  құс  немесе  қыран  бейнесін  салу  арқылы  оның  күші,  қырағылығы, 
жылдамдығы адамға күш береді деп есептеді. Сонымен бірге жыртқыш құс бейнелеу арқылы әлемдік 
күш-бейнесі күнге табыну болды. Ежелгі үнді-иран халқында күн мен от құдайы Сурия мен Агни құс, 
қыран  түрінде  бейнеленді.  Құс  бейнесі,  тұмсығы  сарматтардың  киіміне,  қаруына,  ат-әбзелдеріне  де 
жабыстырылды. Қыран бейнесі атты әскерді бәле-жаладан қорғайтын тұмар болды. 
Жолайшағыл  қабірінен  табылған  алқада  қос  самұрық  немесе  қыран  құсы  бейнеленген.  Бір-
біріне  қарама-қарсы  құс  тұмсықтарымен  тоғысқан.  Оның  астында  шынжырлы  5  салпыншақ  бар. 
Алқаның  шынжырлы  бауының  ұзындығы  30  см.  Бұрынғы  кезде  бұндай  құс  грифонның  «жалқы» 
түрлері ғана кездесіп келген [ 9, с. 369]. 
Құс  суреттері  алтын,  сүйек,  темір,  қола,  тас,  ағаш,  т.б.  заттарға  салынған.  Олар  тұрмыстық 
заттар мен қару-жарақтарға, культтік бұйымдарға салыну арқылы оның қадірін арттырған. Қарулардан 
семсер сабына, қыран, лашын, қырғи т.б. бейнеленген. Тұрмыстық заттарда: ыдыс аяқ, аса таяқ, ат-
әбзелде,  киімге,  зергерлік  бұйымдарға  стильдік  түрде  құс  бейнеленіп  отырған.  Көбінесе  құстың  бас 
бейнесі    бейнеленген.  Бұндай  құс  бейнесі  бар  бұйымдар  барлық  савроматтар  мен    сармат 
ескерткіштерінен табылған. 
Дон  өзені  бойынан   табылған  метал  ожаудың  (патера)  сабы  құс  бейнесімен  біткен  [6,с.127  ]. 
Ресейдің  Полтава облысының Пожарная Балка селосындағы тұрақтан табылған сүйек  ілгіш басы «құс 
тұмсық» болып келген [2,с.289].  
Құс пен жыртқыш аң  бейнеленген екі басты қола  түйреуіш Шешен-Ингуштегі Гудермес қала  
маңындағы қабірден де табылды [8, с.137]. Ұзын тұмсықты,  көзді қола тоға түрінде жасалған грифон 
Оңтүстік Орал жеріндегі қорғаннан табылған. Ол б.э.д. Ү-ІҮ ғғ. тән [7, с.98 ]. 
Құс  бейнесін  бейнелеу  Савроматтарда  өте  ертеден  келе  жатқан  дәстүр.  Сонымен  бірге 
жытқыш  құс  бейнесі  басқада  аңдармен  бірге  бейнелеу  кездеседі.  Көбінесе  бұлан  мен  құс  суреттері 
сүйек  қалақшаларға  бейнелеу  ерекше  сән  береді.  Бірнеше  жыртқыш  құстар  бейнесі  салынған  сүйек 
қалақшалар Черкас облысы, Каменс ауданы, Жаботин селосы маңындағы қорғандардан табылған. Бұл 
оба  алғашқы  Савромат  кезеңіне  жатады.  5  сүйек  қалақшаға    жыртқыш  құс  бейнелері  жасалған  [3, 
с.158 ]. 
Скифтердің  ескерткіштерінде  де  жыртқыш  құс  бейнесі  бар  бұйымдар  жаппай  кездеседі. 
Асатаяқ басына, мүйіз басына салынған жыртқыш құс  мүсіні скиф өнеріне  тән [1 ]. 
Қабір  күзеткен  құс  (грифон)  мүсіндері  Шығыс  Қазақстандағы  Берел  алтын  адамы  табыты 
үстінде орнатылған [10 ]. 
Ежелгі көшпенділер мифологиясында «Самұрық» бейнесі көп кездеседі. «Ер төстік» ертегісінде 
Алып  Қарақұс  ұшқанды  дауыл  тұрады,  жасы  жерге  бұршақ  болып  жауатын,  қатал  да  қаһарлы  құс 
туралы жырланады. Ол достыққа берік, адал болады. Сонымен бірге ол сақ, қырағы, көреген, сыншы. 
Бұндай самұрық  түрік халықтары үшін қорғаушы ретінде бейнеленеді. 
Грифон  (Самұрық)  құсының  бейнесі  қорғаушы  періште,  тұмар-амулет  ретінде  адамды  қорғап 
отырған.  Самұрық  құсы,  ептілік,  қырағылық,  күштілік,  қорғаушы  сияқты  әрекеттерімен  сарматтарды 
және қазақтарды бәле-жаладан қорғаған. 

58 
 
Қазақтардың  фольклорында  қыран-құсы  еркіндіктің,  ерліктің  символы.  Аққу  –  махабат  пен  
пәктіктің иесі. Ал, жапалақ, қарға, көкек – қараулықтың, жамандықтың белгісі ретінде суреттеледі[5, 
с.91 ]. 
Жолайшағыл  алтын  алқасындағы  қос  самұрық  өз  иесін    о  дүниеде  де  қорғау  үшін  бірге 
жерленген. 
  Жолайшағыл қабіріндегі қара түсті сырты жылтыраған өте сапалы жасалған, биіктігі 8 см қыш 
құты арнаулы жабдықта (станокта) жасалған. 6 сурет. 
Сондай-ақ, қос тұтқалы «амфора» сырты қызыл түсті бояумен (ангобпен) боялған құмыралар 
сырттан  саудамен  келген  тауар.  Бұндай  қыш  ыдыстар  сонау  Қара  теңіз,  Жерорта  теңіздегі  Грек  пен 
Рим колонияларында жасалғаны белгілі. 7 сурет. 
Сармат  ханымының  үстінен  жүздеген  майда  моншақтар  табылды.  Олардың  көлемі,  түрі    мен 
істелген  заттары  да  әр  түрлі.  Тас,  кристал,  сүйек  т.б.  заттардан  өңделіп  жасалған.  Бұл  моншақтар 
оның киіміне тігілген. 
Қара  өріктің  үлкендігіндей  қоңыр-күлгін  түсті  ақықтан  (сердолик)  жасалған  шар  түріндегі 
моншақ  өзінің  сәнділігімен  көз  тартады.  Ақық  тасы  сонау  Үнді  мұхитында  өндірілетіні  белгілі. 
Сарматтар  өз  заманында  алыс  елдерден  сауда-саттық  байланысы  арқылы  тұрмыстық  және  сәндік 
заттар алып отырған. 5 сурет  
Савромат  жебе  ұштарының  өзіне  тән    бітімі  –  үш қантты,  ұңғылы,  оның  қанды  басы  ұшынан 
тарамдалған  үшқырлы  жүзден  немесе  қалақшалардан  тұрады,  ал  жебенің  ағаш  сабын  отырғызатын 
жері  –  түтікше  ұңғы.  Мұндай  жебе  ұштарының  әр  түрлі,  он  үш  түрі  б.з.б.  ҮІ  ғасырдан  бастап 
Қазақстанның батысына  тән.   Қазақстанның   басқа   аудандарында  олар  сирек   кездеседі. 6 сурет. 
Жолайшағыл семсері жақсы сақталған. Сарматтарда семсерлер біршама кең тараған. Ұзындығ 
70-100 см. салт аттылар семсерлері б.з.б. ҮІ ғасырда-ақ пайда болды, ал б.з.б. ІҮ ғасырдан бастап ол 
қарудың  жаппай  түріне  айналды.  Ертедегі  қола  және    темір  семсерлердің  жүзі  мен  сабын  бөліп 
тұратын жүрек тәрізді, көбелек тәрізді және соларға ұқсас кесе-көлденең орнатылған тиегі болды, ал 
сабының ұшында қайрақ  тасқа, немесе зооморфтық мүсінге ұқсас қаптама болды. 8 сурет. 
Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі жиналған заттар бұл қабірде «әйел» жерленгенін білдіреді. 
Алтын алқа, моншақ, сырға, қола айна т.б. бұйымдар бұл қабірдің жай сарматтікі емес, қоғамда үлкен 
орынды иемденген «сармат ханымы» екендігін білдіреді. 
Тек  Батыс  Қазақстан  аймағында  ғана  кездесетін  сарматтық  «Құмтөбелі  қабірлер»  (Дюнное 
захоронение)  өзінің  құрлысымен  ерекшеленеді.  Бұл  қабірлердің  ерекшелігі  сонда,  тек  Тайсойған, 
Бүйрек,  Сарықамыс,  Нарын  құмдарында  б.э.д.  ҮІІІ-І  ғасырларда  сарматтар  мекендеп,  осы  құмдарға 
көптеген  «Құмтөбелі  қабірлер»  жасаған.  Сондай  ақ  сонау  қола  дәуірінің  андрон  мәдениеті  кезінде 
мекендеген  тайпалардың  тұрақтары  мен  қабірлеріде  құмшағылдарда  кездеседі.  Бұл  қабірлердің 
бірнеше ерекшеліктері бар. 
Бірінші:  Құмтөбелі  қабірлердің  өзіндік  ерекшелігі  сол:  құм  қабірлер  үстінде  оба,  қорған  жоқ. 
Егер құм қабір үстінде оба болғанымен ол тегістеліп кететіні анық. 
Екінші: Құмтөбелі қабірдің жер астындағы  құрлыс жобасының қалай жасалғаны белгісіз. Құм 
қабір  «сағана»  өз  түрін  сақтауы  мүмкін  емес.  Бізге  жеткен  құмтөбелі  қабірлер  көбінесе  жел  ашқан 
шағыл бетінде жатады. 
Үшінші:  жерлеу  ғұрыпы,  қаңқалар  мен  заттары  қалай  қойылғаны  туралы  толық  мәлімет жоқ. 
Ашылған қаңқалар мен заттар орыны ауысып бей-берекет шышылып жатады. 
  Құм  қабірлердің  ашылуы  көбінесе  құмшағылдардың  көшуіне  байланысты,  немесе  кездейсоқ 
қазбалардан  табылады.  Кеңестік  кезеңнің  1970-1980  жылдары  колхоз  бен  совхоз  малдарының 
санының  көбейуінен    жыңғылдармен,  шөптер  жойыла  басталды.  Бұл  құм  көшуіне  әкеп  соқты. 
Құмшағылдар  пайда  болды.  Қатты  жел  соққан  кезде  қабірлер  ашылып  қалады.  Құм  қабірлер 
археология  үшін  құнды  қазына  болып  отыр.  Құмда  жерленгендіктен  оларды  тонаушылар  таба 
алмаған. 
Сарматтар  өздерінің  мәңгі  жасайтынына  сенген.  Сондықтан  олармен    бірге  тұрмыстық 
заттарды  қоса  жерлеген.  Жолайшағыл  ханымының  да  «қазнасы»  өз  ұрпақтарына  аман-есен  жетуіне 
осы дәстүр себеп болған. Жолайшағыл «құмтөбелі қабірі» біздің дәуірімізге дейін  жасалған. 
Жолайшағылдағы  қабір  сармат  елінің  тарихы  мен  мәдениетінен  хабар  беретін  өте  құнды 
ескерткіш.  Сармат  ханымының,  ақсүйегінің,    абызының    ескерткіші  сарматтардың  екі  мың  жыл 
бұрынғы  өмірінен  дерек  беретін    жаңалық  болып  отыр.  Қазақ  тарихында  сармат  тарихы    туралы 
жүйелі, толық зерттеу жоқ. Оған  жазба деректердің тапшылығы, ал археологиялық ескерткіштердің 
өте аз зерттелуі себеп болып отыр. 
Сармат  тұрақтары,  обалары,  Батыс  Қазақстан  жерінде  жүздеп  саналады.    Жолайшағыл 
қабіріндегі  «алтын  ханым»  сарматтардың  тұрмысы  мен  тарихынан  көп  хабар  беретін  құнды  дерек. 
Сарматтар  өз  заманында  сән-салтанатты,  қайталанбас  мәдениетті  болған,  саяси-қоғамдық  орны  бар 
мемлекет  болған.  Өз  отанында  олардың  төл  мәдениеті  дамып,  өнер  мен  мәдениеттің  жоғарғы 

59 
 
сатысына  жетті. Олардың  мәдениеті  -    көшіп-қону,  сауда-саттық,  соғыс-жорықтары  арқылы  Евразия, 
Қаратеңіз маңындағы елдерге тарады. 
Сарматтар б.з.б. ҮІІ ғасырдан б.з. ІҮ ғасырына дейін ұланғайыр территорияны мекендеп, кейін 
Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар құрамына енген. 
Сармат  қоғамында  әйелдер  өте  құрметті  орын  алған.  Ақсүйек  әйелдер  абыздың  міндетін  де 
атқарып  отырған.  Құрбандық  шалатын  тас  ыдыстар  көбінесе  әйелдер  қабірінде  ғана  кездеседі. 
Сарматтық  тас  құрбандық  бұйымдар  екі,  үш,  төрт  аяқты  болып  өте  тамаша  өңделіп  жасалған.  Олар 
діни  салт  кезіндегі  қозғалмалы  альтар  есебінде  пайдаланылған.  Сарматтарда  матриархат  жақсы 
қалыптасып, әйелдер үй-ішін сақтаушы ретінде артықшылық жағдайда болды [4, с.109 -110 ]. 
Жолайшағыл  қабірінен  табылған  ханым  сарматтардың  көсемі,  ақсүйегі  болған.  Қабірдің 
байлығының бір бөлігі ғана жетіп отыр. Соның өзінде оның қандай сән салтанатпен жерленгенін білуге 
болады.  Оның  асқан  салтанатпен,  алтынмен,    асыл  тастан  жасалған  әшекейлермен  және  қару-
жарақпен жерленуі оның қоғамдағы дәрежесінің жоғары болғанын білдіреді.  
Сол замандағы грек деректерінде сақ әйелдері туралы жазбалар бар.  Грек жазушысы Кияутс 
сақ  әйелдері  туралы  былай  дейді:  «Сақ  әйелдері    нағыз  батырлар,  олар  соғыстың  қиын  сәттерінде 
ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді». 
Ал,  Алимарт  Александр:  «Мен  соғыста  ерлерден  кем  түспейтін  массагет  әйелдерін,  құдды 
ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін» - деп жазады [ 11, с.25] 
Жолайшағыл  қабірінде  сарматтық  ақсүйек,  абыз  ханым  жерленген.  Оның  қаруымен  жерленуі 
қоғамда ол әскери басшы болғанын да білдіреді.  
Батыс  Қазақстан  аймағын  сақ-скиф  тайпаларына  туыстас  савромат-сармат  тайпалары 
мекендеген.  Ойыл,  Жем,  Еділ,  Жайық,  Сағыз  өңірлерінде,  Каспий  ойатында  б.з.б.  ҮІ-ІҮ  ғасырларда,  
ұлан-ғайыр  аймақта  мәдениеті мен этникалық жағынан  туыс тайпалар мекендеген. Олардың шартты 
түрде  самара-жайықтық  деп  аталатын  тайпалық  тобы    Қазақстанның  батыс  аудандарында,  Атырау 
территориясында өмір сүрген. 
Тайпалар орналасуы әлі толық зертелмеген. Қазақстанның батыс аудандарының ескерткіштері, 
орталығы Солтүстік Каспий маңында болған, аттары б.з.б. ІІ ғасырда Грек-рим тарихшыларына жақсы 
мәлім аорстар мен роксоландардың арғы аталарына тән болуы керек деген болжам бар.  
Грек-рим  жазба  деректемелерінің  көптеген  мәліметтері    б.з.б.  ІІ  ғасырда  Скифияның  негізгі 
жерлерін  жаулап  алуы  туралы  айтылады.  Сарматтар  өте  ұзақ  уақыт  бойы,  тіпті  б.з.  ІҮ  ғасырдың 
аяғындағы ғұндар шапқыншылығына  дейін болған.  
Сарматтар  әлемі    тарихта  әлі  жүйелі  зерттелмеген  бір  сала.  Қазақстанның  батыс  және 
солтүстік  аудандарының  территориясындағы  әуелгі  темір  дәуірінің  бізге  белгілі  ескерткіштерінің  бәрі  
екі тарихи кезеңге – б.з.б. ҮІІ-Ү және ІҮ-ІІ ғасырларға жатады.  
Біріншілері  шартты  түрде  савромат  мәдениетінің  ескерткіштері  деген  атпен  біріктірілген, 
екіншілері соңғы кездегі грек деректемелеріндегі сарматтарға жатқызылады. Археологияда  б.з.б. ІҮ-ІІ 
ғасырлардың  ескерткіштерін  алғашқы    қазба  жұмыстары  жүргізілген  жердің  атымен  Прохоров 
ескерткіштері деп те атайды. 
Сонау  б.з.б.  ҮІІІ  ғасырдан  б.з.  ІҮ  ғасырына  дейін  Батыс  Қазақстан,  Каспий  ойпатында  өзінің 
төл  мәдениетін  қалыптастырған  савромат-сармат  тайпаларының  тарихы  келешекте  зерттеле  бермек. 
Сонымен  бірге  Каспий  ойпатындағы  сарматтардың  «Құмтөбелі  қабірлері»  өзінің  ерекшелігімен 
бөлінеді.  Кезінде  құнарлы,  нулы,  сулы  алқапта  савромат-сарматтар  мекендеп,  өздерінің  жүздеген 
ескерткіштерін қалдырған.       
Сармат  обалары,  тұрақтары,    мекендері  аймақта  жүздеп  саналады.  Оларды  есепке  алып, 
қорғау  жұмыстары  жүргізілуі  керек.  Батыс  Қазақстан  аймағы  қазіргі  кезеңде  мұнай  үшін  жаппай 
игерілуде. Бұның өзі ескерткіштерге қауіп төндіреді.  
Мұнай  ондаған  жылдардан  соң  сарқылар.  Ал  мәдени  жәдігерлер  біздің  бабаларымыздың 
қалдырған мұрасы, мыңдаған жылдар бойы сақталып, біздің ұрпақтар үшін мәңгі сақталуы тиіс. 
Қорыта  келгенде  Жолай  шағыл  құмтөбелі  қабірі  Сарматтың  дәуіріне  жатады.  Өз  заманында 
сармат  Каспий  ойпатын  мекендегені  белгілі.  Олардың  жалпы  мекендеген  аумағы    біздің  эрамызға 
дейін ҮІІ-І ғасырларда шығыста Арал теңізі, солтүстікте  Орал тауына дейін, оңтүстікте Каспий, Үстірт 
өңірін,  батыста  Дунайға  дейін  қамтып  жатқан  алып  империя  болған.  Грек,  Рим,  Шығыс,  Европамен, 
Сақтармен сауда жасады. 
Жолай  шағыл  құмтөбелі  қабірінің  жасалу  кезеңі    біздің  эрамызға  дейінгі  ІІ-І  ғасырларға 
жатады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет