Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Список использованной литературы: 
1 Толстой Ю.К. Наследственное право. – М., 1999г. 
2 раздел 6 ГК РК (особенная часть).,1999г. 
3 Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.Гражданское право РК.,А.,2000г. 
4 Рашидова З. Наследование по завещанию. // Гражданский кодекс РК – 
толкование и комментирование. Выпуск 5. Алматы: Баспа., 1998г. 
5 Корнеева И.Л. Наследственное право.,М.: Юрист, 2005г. 
 
Резюме 
 
 
Баяндамада  азаматтық-құқықтық  мәміле  ретінде  сенімхаттың  түсінігі,  сенімхат  бойынша 
мұрагерліктің  мазмұны  және  құқықтық    реттелуі,  сенім  білдірушінің  құқықтық  мәртебесі 
қарастырылған. 
Summary  
 
 
In  this  lecture  the  concept  of  testament  is  examined  as  a  type  of  civil  legal  transaction,  the 
legislative  adjusting  of  testament  and  inheritance  is  characterized,  legal  status  of  testator  opens  up, 
meaningfulness of inheritance is certain on a testament. 
 
 
ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ 
ӨЗГЕ ТҮРЛЕРІМЕН САЛЫСТЫРУ 
 
Э.И.Куккузова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
 
Әкімшілік  жауаптылық  қылмыстық,  азаматтық  және  тәртіптік  жауаптылықтармен  қатар 
құқықбұзушыларға  қолдана  алатын  шаралар  жауаптылық  негізін  анықтайтын  құқықтық  нормаларды 
шығару  жолымен  мемлекет  белгілейтін  заңды  жауаптылықтың  бір  түрі  болып  табылады,  сонымен 
қатар құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарастыру және осы шараларды орындау тәртібі. 
Әкімшілік құқықта әкімшілік мәжбүрлеудің барлық келтірілген шараларынан тек қана әкімшілік 
жаза  тағайындау  әкімшілік  жауаптылықты  болдырады.  Әкімшілік  жауаптылық  –  бұл  әкімшілік-
құқықтық  санкцияларды  жүзеге  асыру,  әкімшілік  құқықбұзушылық  жасағандары  үшін  азаматтарға 
және  заңды  тұлғаларға  уәкілетті  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  әкімшілік  заңнамада 
белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануы болып табылады. 

98 
 
Қазақстан  Республикасында  әкімшілік  жауаптылықты  реттейтін  негізгі  нормативтік-құқықтық 
акт - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (одан әрі ӘҚтК) болып 
табылады. 
Жауаптылық  категориясы  өзінің  дамуында,  қалыптасуында  және  құрылуында  ұзақ  тарихи 
кезеңнен  өтті,  б.э.д.  399  ж.  Афинадағы  Сократ  үстінен  іс  қозғалу  сотындағы  күнді  бастауы  деп,  ал 
оның аяқталуы – орта ғасырлардың аяқталуының шегін айтуға болады [1]. 
Платондық-стоиктік 
философия 
мен 
Сократ 
үстінен 
қозғалған 
іс 
жауаптылық 
тұжырымдамасының пайда болуы мен дамуында үлкен рөл атқарды. Сократ-Платон философиясының, 
ежелгі грек пен ежелгі рим стоиктері ортасында  – адамның тәртібі, қылығы, оларға деген қоғам мен 
мемлекеттің  қатынасы  әрбір  адамдық  әрекетке,  әлеуметтік-зиянкестік  ерекшелігіне  қоғам  мен 
мемлекет қаншалықты ықпал жасаулары қажет деген Сократтың сұрағында жауаптылықтың негіздеу 
жөніндегі сұрақты қоюдан тұрады. 
Аристотель  адамның  бостандық  еркіндігі  жөніндегі  сұрақты  шешуде  заңға  бағынатын 
азаматтың  екі  қабілеті  болуы  тиіс  деп  үйретті:  жақсыны  жаманнан  айыру  қабілеті  және  олардың 
арасынан таңдау қабілеті, яғни, моральдық-құқықтық дәрежелер объективтігіне сай келетін тәртіптің 
дұрыс нұсқасын таңдай білу.  
Бастапқы  кезде  жауаптылық  институты  кінәлі  адамға  әділетті  жаза  қолдануды  қамтамасыз 
етуді қолдады және бұл үшін жақсы процесуалдық деректермен хабардар болды.   
Жауаптылық  ұғымын  алғашқы  қабылдаған  құқық  саласының  бірі    мемлекеттік  құқық  болды. 
Сонымен,  отандық  заңнамаларда  ол  бірінші  рет  1711  жылғы  2  наурызындағы  "Сенаттың  билігі  мен 
жауаптылығы  туралы"      Ι  Петрдің  Жарлығында  кездеседі  [2].  Кейін  XIX  ғ.  жауаптылық  ұғымы  басқа 
профильдік  құқық  салаларымен  меңгеріледі  –  қылмыстық  және  азаматтық  құқықтармен.  Әкімшілік 
құқыққа келетін болсақ, бұл ұғым ғылым мен заңға XX ғ. кіреді. Отандық әкімшілік заңнамада әкімшілік 
жауаптылық ұғымы тек 60-шы жылдардың ортасынан өтімді бола бастайды. 
Саяси  жауаптылық  саяси  қатынастар  мен  олардың  нормаларын  реттеу  ерекшеліктерінен 
шығады. Бұл  қатынастар  өзара  қарым-қатынас жасау  процесінде  топтар,  ұлттар,  мемлекет  арасында 
пайда  болады.  Саяси  жауаптылық  өзгешелігі  тек  қана  кінәлі  іс-әрекет  үшін  емес,  сондай-ақ  саясат 
сұрақтарында  шебер  емес,  бейімділігі  жоқ,  аңғырттық  танытудан  тұрады.  Оның мәні  –  белгілі  класс, 
топ немесе қоғам жағынан субъектінің саяси қылығын теріс бағалау [3]. 
Моральдық  жауаптылықтың  әрекет  ету  саласы  өте  кең.  Оның  басты  сипаты  болып  мораль 
нормаларына  қайшы  келетін  қылықты  қоғамда  немесе  ұжымда  қаланатын  теріс  бағалау  әлеуметтік 
нормаларды  құқықбұзушыға  айыптау  қатынасы  табылады.  Бұл  нормалар  жақсылық  және  зұлымдық, 
әділеттілік  және  ар-намыс,  абыройлылық  және  ақпейілділік  және  т.б.  жөнінде  жалпыхалықтық 
елестерінен  шығады  және  құқықты  бұзушының  жеке  басының  белгілі  қасиетін  әлеуметтік  бағалау 
өлшемімен  орындалады.  Моральдық  жауаптылық  оны  жасаған  қателіктерін  тануға  және  сезінуге, 
жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қатаң орындауға шақырады [4].     
Заңды  жауаптылық  күрделі  әлеуметтік  құбылыс.  Мұнда  кем  дегенде  екі  тарап  қатысады: 
мемлекет  және  құқықбұзушы.  Олардың  арасында  құқық  қорғаушы  қатынас  қалыптасады  және  екі 
жақта  заң  шеңберінде,  қолданылып  отырған  жауаптылықтың  құқықтық  нормаларының  нақты 
санкциясының негізінде жүзеге асады. 
Заңды жауаптылықтың қай түрі болмасын ол, ең алдымен құқықбұзушылыққа санкция ретінде, 
яғни  құқық  нормаларының  талаптарын  орындау  үшін  мемлекеттік  күштеу  ретінде  көрінеді. 
Мемлекеттік  күштеу  мен  заңды  жауаптылық  қашанда  екеуі  байланысты  болады.  Заңды 
жауаптылықтың бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. 
Жауаптылықтың  негізі  –  жауаптылықты  мүмкін  қылдыратын  мән-жайлар,  ал  олар  жоқ  болса 
болдырмайды. Заңды жауаптылық құқық қолданатын органның шешімі негізінде алдын-ала жазылып 
қойылған құқық нормалары күшімен пайда болады [5].      
Сонымен,  әкімшілік  жауаптылық  –  заңдық  жауаптылықтың  бір  түрі,  ол  құқықбұзушыға  (жеке 
және  заңды  тұлғаға)  әкімшілік  құқық  бұзғаны  үшін  уәкілетті  органдардың  (лауазымды  адамдардың) 
әкімшілік заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануынан көрініс табады. 
Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  әкімшілік  жауаптылық  заңды  жауаптылықтың  бір  түрі  болып 
табылады.  Заңды  жауаптылықты  бір  жағынан  мемлекеттік  мәжбүрлеу  күшін  қолдану  мүмкіндігімен 
байланысты  және  құқықтық  нормалар  санкцияларында  көрсетілген  құқықтық  талаптарды  орындауға 
мемлекеттік  мәжбүрлеудің  түрі  ретінде,  екінші  жағынан    құқық  нормаларымен  қарастырылған 
құқықбұзушылық  субъектісін  мынадай  бостандық,  мүліктік  тәуелсіздігі  және  т.б.  сияқты  оны  белгілі 
игіліктерінен айыру түрінде көрсетілген қолайсыз жағдайларды төзуі міндеті  [6]. 
Заңды жауаптылықтың заңды негізі – құқық бұзушылық болып табылады. Егер де субъектінің 
іс-әрекеті  құқық  бұзушылықтың  белгілеріне  сәйкес  келмесе  онда  ол  заңды  жауаптылыққа 
тартылмайды. 

99 
 
 
Заңды жауаптылық түрлері – жасаған құқық бұзушылық сипатына қарай қылмыстық; әкімшілік; 
тәртіптік  және  азаматтық-құқықтық  бөлінеді.  әрбір  заңды  жауаптылықтың  өздеріне  тән  арнайы 
жазалау деңгейі және оларды қолданудың ерекше тәртіптері бар. 
Әкімшілік жауаптылық – бұл заңдық жауаптылықтың түрі, ол құқық бұзушыға әкімшілік құқық 
бұзғаны үшін уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік заңнамада белгіленген 
тәртіпте  әкімшілік  жаза  қолданылуы.  Әкімшілік  жауаптылық  егер  құқық  бұзушылық  қолданыстағы 
заңнамаларға сай қылмыстық жауаптылықты көздемеген жағдайларда болады.  
Әкімшілік жауаптылыққа тән ерекшеліктер: 
Біріншіден,  әкімшілік  жауаптылықтың  негізі  болып  жасағаны  үшін  әкімшілік  жазаны 
қарастыратын  құқық  бұзушылық  болып  табылады.  Әкімшілік  жауаптылықтың  қолдану  тәртібі  мен 
негізі ӘҚтК-те қарастырылған. 
Екіншіден,  әкімшілік  жауаптылық  субъектілері  мынадай  қылықтары  үшін  жолда  жүру, 
табиғатты  қорғау  және  с.с.  ережелерін  орындамау  немесе  бұзу  ретінде  жауаптылыққа  тартылатын 
жеке  және  заңды  тұлғалар  бола  алады.  Әкімшілік  жауаптылыққа  сонымен  қатар,  заңдарды  бұзатын 
бұйрықтар  шығару,  бағынышты  адамдардың  ережелерді  орындауын  қамтамасыз  ету  бойынша 
шараларды  қолданбау  құқыққа  қарсы  әрекеттері  үшін  лауазымды  адамдар  тартылады.  Жоғарыда 
келтірілген субъектілер әкімшілік жаза қолдану шараларының субъектілері болып табылады. 
Жауаптылыққа  тарту  субъектісі  болып  оған  атқарушы  билік  пен  сот  (судьялардың) 
органдарының арнайы уәкілетті түрде мемлекет бола алады. 
Үшіншіден, әкімшілік заңмен әкімшілік қылық жасағаны үшін болдырмайтын жазалардың тізімі 
қарастырылған. 
Әкімшілік  жаза  құқық  бұзушыға  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  өндірісті  реттейтін 
нормаларға сәйкес қолданылады және заңмен немесе заңғы бағынышты актілермен тағайындалады. 
Төртіншіден, әкімшілік жауаптылықты шараларын қолдану соттауды және жұмыстан шығаруды 
көздемейді  [7]. 
Тәртіптік  жауаптылықтың  әкімшіліктен  айырмашылығы  әртүрлі  қағидалармен,  жарғылармен, 
ережелермен бекітілген тәртіп ережелерін бұзумен байланысты және қылық жасаған адамға басқару 
билігімен, бастықпен тәртіптік жазалау шараларынан тұрады. 
Жалпы тәртіптік жауаптылық тәртіптік жазалардың келесі түрлерін қарастырады: ескерту, сөгіс 
беру,  жұмыстан  босату,  әскери  бөлім  жағдайында  кезектен  тыс  қызмет  жасату,  әскери  атағының 
дәрежесін азайту не лауазымдығынан айыру жатады.  
Тәртіптік  жауаптылықтың  ең  басты  ерекшелігі  болып  оның  субъектілерінің  бағыныштылық 
қатынаста болуы жатады. Тәртіптік жауаптылықтың субъектілері тек жеке тұлғалар болады. 
Азаматтық-құқықтық  жауаптылық  құқық  бұзушының  өзге  тұлғаның  мүддесіне  байланысты 
келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын 
толтыруға  байланысты  орындалады.  Азаматтық-құқықтық  жауаптылықтың  мақсаты  –  тиісті  субъект 
бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауаптылыққа келтірілген шығынды 
толығымен өтеу қағидасы тән. 
Қорытындысында  азаматтық  жауаптылық  пайда  болатын  міндеттемелердің  пайда  болуы 
негіздерінен тәуелді екі түрін бөледі: 
1)  шарттық  жауаптылық  –  бұл  міндеттеме  бойынша  егер  борышқор  кепілмен  қамтамасыз 
етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше  орындамаған ретте кепіл ұстаушы (несие беруші) 
өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға мүмкіншілігі бар; 
2)  келісімнен  тыс  жауаптылық  құқық  нормаларымен  бекітілген  міндеттемелер  күшінен  пайда 
болуы. 
Осы  жауаптылық  түрінің  субъектілері  болып  азаматтық  құқықтық  қатынастардың 
қатысушылары табылады. Бұл жеке субъектілер болулары мүмкін: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, 
азаматтығы жоқ тұлғалар  (апатридтер),  -  және ұжымдық  субъектілер:  заңды тұлғалар, муниципалды 
ұйымдастырулар, ҚР субъектілері және басқалар. 
Азаматтық-құқықтық  жауаптылық  азаматтық  құқықтарды  бұзудан  туындайды  және  орнын 
толтыру  мақсатын  көздейді  және  бұзылған  мүліктік  құқықты  қалпына  келтіруден  тұрады.  Ол  ереже 
ретінде  мүліктік  сипаттағы,  яғни  құқық  бұзушының  келтірілген  мүліктік  немесе  моральдық  шығынды 
өтеуін көздейді. 
Азаматтық-құқықтық деликттер үшін заңмен келесі жаза түрлері қарастырылады: шығындарды 
өтеу  (шынайы  зияндарды,  алынбаған  кірістер),  кепілпұл,  айыппұл  төлеу,  заңсыз  алынған  мүліктерді 
мәжбүрлеп  қайтару  немесе  алып  қою,  моральдық  залалдың  орнын  толтыру,  ата-ана  құқықтарынан 
айыру және басқалар. 
Ең  қатал  мемлекеттік  ықпал,  қылмыстық  жауаптылықпен  сипатталады,  ол  соттық  тәртіппен 
қылмыс жасаған, кінәлі адамға қолданылады. 

100 
 
Қылмыстық  жауаптылық  –  бұл  қылмыс  жасаған  адамға  мемлекеттік  құқықтық  әрекет  етуі 
тәсілдері,  қылмыстық  заңмен  қарастырылған  айыруды  өтеуге  тиіс.  Мұндай  жауаптылықтың  негізі 
болып тек қылмыс құрамының барлық белгілерінен тұратын әрекеттер табылады.  
Қылмыстық  жауаптылықтың  басқа  жауаптылық  түрлерінен  ең  басты  ерекшелігі,  және 
әкімшіліктен, ол құқық бұзушылық жасаған адамға тек сот тәртібінде қолданылады. 
Қылмыстық  жауаптылық  субъектісі  болып  тек  заңмен  белгіленген  жасқа  толған,  толық 
әрекетке  қабілетті  болып  табылатын  жеке  тұлға  болуы  мүмкін.  Бұл  қылмыстық  жауаптылықтың 
белгілерінің  бірін  бейнелейді:  қылмыстық  жауаптылық  жеке  сипаттағы  және  тек  қылмыскердің  жеке 
басына бағытталған. 
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қылмыстық жазаны көздейді. 
Қылмыстық жаза ұғымы мен түрлері қылмыстық заңда беріледі  [8]. 
Жоғарыда айтылғандай, кез келген жауаптылық нақты: бұл жауаптылық құқыққа қарсы кінәлі 
әрекеті  үшін  дәл  анықталған  адамның  жауаптылығы.  Азаматтық  құқық  бұзушылықтың  ерекшеліктері 
(зиян  келтіру,  келісім  міндеттемелерін  бұзу),  ол  анықталған  жеке  немесе  заңды  тұлғаның  нақты 
құқықтарын бұзады және мүліктік жауаптылыққа қатысты міндетті түрде жәбірленуші қатысады. Басқа 
ерекшелігі  зиян  келтіруші  немесе  келісім  міндеттемелерін  бұзушы  заңды  түрде  келтірілген  зиянды, 
залалды,  шығынды  өтеуге,  заңмен  немесе  келісіммен  қарастырылған  кепілпұлдарды,  өсімді, 
айыппұлды төлеуге мүмкіндіктері бар. Сондықтан мүліктік жауаптылық құқық бұзушылық нәтижесінде 
пайда  болады  (құқық  бұзушының  зиянды,  шығынды  өтеуге,  құқыққа  қарсы  тәртібін  тоқтатуға)  және 
құқық қорғау органдарының араласуынсыз іске асырылуы мүмкін.  
Заңды  жауаптылық  -  Қазақстан  қоғамында  тәртіпті  қорғауға,  азаматтарды  адамгершілікпен 
заңды  сақтауға  тәрбиелеу,  олармен  құқықтық  тәртіптің  пайдалы  екенін  түсіндіруге  бағытталған. 
Мемлекетте  заңдылық  және  құқықтық  тәртіп,  елеулі  тәсіл  сендірумен  қамтамасыз  етіледі,  ол  шын 
мәніндегі  азаматтардың  әлеуметтік  қорғалуына,  олардың  негізгі  міндеттерімен  құқықтарының 
қамтылғанына негізделген. 
Заңды  жауаптылыққа  –  тәрбиелеудің  маңызды,  алғы  шарты  құқық  бұзушыны,  қоғамдық 
жағынан  ұжымның  соттары  болып  табылады.  Тек  қана,  сендірумен  мәжбүрлеудің  тәсілдерін  дұрыс 
пайдалану, заңды жауаптылық үлкен ықпалын қамтамасыз етеді. 
Жауаптылықтың қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз 
еріктерімен  орындауға  тәрбиелеу,  олардың  құқыққа  сай  тәртіптің  қажеттігін  түсінуге  баулуға 
негізделген. 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Гегель. Политические произведения. Москва.: Наука, 1979, 220-225с. 
2.  Таранов А.Л. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Алматы, Жеті -Жарғы, 1997, 164-189 б. 
3.  Каримова А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного 
взыскания. Алматы, 2005, 11-17 б. 
4.  Жетписбаев Б.А., Сартаев Д.Ш., Бахралинов А.С.. Административное првонарушения: опыт теории 
и практики. Алматы, 2005, 170-174 б. 
5.  Жетписбаев Б.А. Административная ответственность. Алматы, 2000 
6.  Таранов А.Л.. Административная ответственность в Республике Казахстан. Алматы, 2005, 139-165 
7.  Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность (Очерк теории). Москва, 1976, 76-79 б. 
8.  Бельский  К.С.  Административная  ответственность:  генезис,  основные  признаки,  структура  // 
Государство и право. 1999. № 12, 42б. 
 
Резюме 
Автор в данной статье рассматривает сравнение административной ответственности от других 
видов юридической ответственности.  
Summary  
 
This article describes such timely things which are concerned with the problems of struggle аt law.     
 
 
БАЛАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Р.Б.Абдулова,  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
 
Әрбір  баланың  білім  алуға  құқығы  бар  және  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы 
заңдарына  сәйкес  оған  тегін  орта  білім,  бастапқы  кәсіби  білім  және  конкурстық  негізде  тегін  орта 
кәсіби білім алуға кепілдік беріледі. Тегін жалпы орта білім немесе бастапқы кәсіби білім алғанға дейін 

101 
 
баланы мемлекеттік білім  беру  мекемесінен  шығару, шығарудың жалпы тәртібін  сақтаумен  қатар тек 
қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргізілуі мүмкін. 
Арнаулы  педагогикалық  тәрбиені  қажет  ететін  кемтар  балаларға  мемлекеттік  бюджеттен 
белгіленген стандарттар деңгейінде олардың білім алуына кепілдік беретін қосымша қаражат береді. 
Мемлекет балалардың білім алу кезеңінде әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерінің күтіп бағу 
шығынын  толық  немесе  ішінара  көтереді.  Олардың  білім  алу  кезеңінде  әлеуметтік  көмектің 
мөлшерлері  мен  көздерін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейді.  Әрбір  баланың  еңбек 
бостандығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. 
Балалар он төрт жастан бастап, ата аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына 
және өсіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығына және психикалық жай күйіне зиян 
келтірмейтін  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  қатысуға,  сондай  ақ  мамандық  алуға  құқығы  бар.  Бұл 
құқықты халықты еңбекпен қамту қызметі мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз 
етеді. Он  сегіз жасқа толмаған  балалармен  еңбек шартын  жасасу  және  оны  бұзу тәртібі және  еңбек 
қатынастарының  басқа  да  ерекшеліктері  Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңдарымен 
белгіленеді. Баланың ауыр қара жұмысқа, зиянды және еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға 
немесе тартуға тыйым салынады. 
Жұмыс  істеу  оқу  процесін  бұзбауға  тиіс.  Мемлекеттік  көмек  оны  алуға  құқығы  бар  әрбір  балаға 
тағайындалады.  Мемлекеттік  көмектің  мөлшері  және    оны  көрсетудің  шарты  мен  тәртібі  Қазақстан 
Республикасының  заңдарымен  белгіленеді.  Ата  анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар,  оның 
ішінде  жетім  балалар  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  толық  мемлекеттік 
қамсыздандырылуда  болады.  Мемлекеттік  органдар  ата  анасының  қамқорлығынсыз  қалған  әрбір 
балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей материалдық және өзге де 
жағдайларды  қамтамасыз  етеді.  Балалардың  мүддесін  көздейтін  мемлекеттік  саясат  мемлекеттік  ең 
төменгі  әлеуметтік  стандарттар  негізінде  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  ең  төменгі  әлеуметтік 
стандарттар әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша белгіленген ең төменгі көлемде мыналарды: 
1.  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысына  сәйкес  кепілдік  берілген,  жалпыға  бірдей  қолжетімді 
тегін жалпы орта және бастапқы кәсіптік білім мен конкурстық негізде тегін орта және жоғары кәсіптік 
білім беруді; 
2.  балаларға  тегін  медициналық  қызмет  көрсетуді,  оларды  тамақтандырудың  ең  төменгі 
нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етуді; 
3.  он  бес  жасқа  толған  балалардың  кәсіби  бағдарлау,  қызмет  саласын  таңдау,  жұмысқа 
орналасу,  еңбегінің  қорғалу,  еңбегіне  ақы  төлеу  құқығын  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгіленген тәртіппен кепілді қамтамасыз етуді; 
4. балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, оларды әлеуметтік қорғау, соның ішінде туылуы мен 
тәрбиеленуіне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы төлеу жолымен кепілді 
материалдық  қолдауды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  өмірлік  қиын  ахуалға  тап  болған  балаларды 
әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды; 
5. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз 
етуді; 
6.  балаларды  сауықтыру  мен  олардың  демалысын  ұйымдастыруды,  соның  ішінде  төтенше 
жағдайларда,  сондай  ақ  экологиялық  жағынан  қолайсыз  және  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында белгіленген тәртіппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды 
ұйымдастыру; 
7. білікті заң көмегін көрсетуді қамтиды. 
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар олардың өмір сүру жағдайларындағы аймақтық 
айырмашылықтар  ескеріле  отырып  айқындалады.  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес 
жергілікті мемлекеттік басқарудың органдары қосымша әлеуметтік стандарттар белгілей алады. Тиісті 
білім беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет 
көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздеріне ұсынылған 
қызмет  көрсетулердің  мемлекеттік  ең  төменгі  әлеуметтік  стандарттарға  сәйкестігін  мезгіл-мезгіл 
бағалап  отыруға  құқығы  бар.  Әрбір  бала  өзінің  жасына,  денсаулығына  және  қажеттеріне  қарай 
демалуға  және  бос  уақытын  пайдалануға  құқылы.  Ата  анасы  немесе  олардың  орнындағы  адамдар 
өздерінің  қабілеттері  мен  мүмкіндіктеріне  сәйкес  баланың  күтілуі мен  жан  -   жақты  дамуына  қажетті 
өмірлік жағдайларды қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, 
спорт,  шығармашылық  және  бос  уақытын  пайдаланатын  өзге  де  ұйымдарын,  лагерьлер  мен 
санаторийлерді құрады және оларды қолдап отырады. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және 
бос  уақытын  пайдалануға  құқығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс  шараларды  жүзеге  асырады.  Әрбір 
бала  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға,  басқа  адамдардың 
құқықтарын,  бостандығын,  ар  ожданы  мен  қадір  қасиетін,  Республиканың  мемлекеттік  нышандарын 

102 
 
құрметтеуге,  еңбекке  жарамсыз  ата  анасына  қамқорлық  жасауға,  тарихи  және  мәдени  мұралардың 
сақталуына  қам  қарекет  жасауға,  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  сақтауға,  табиғатты  сақтауға 
және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.   
Баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, әрбір баланың отбасында өмір 
сүруге  және  тәрбиеленуге  құқығы,  өзінің  ата  анасын  білуге  құқығы,  олардың  қамқорлығы  мен 
тәрбиесін  алуға  құқығы  бар.  Бала  отбасында  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында,  осы 
заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.  
Мемлекет  бала  тәрбиелеп  отырған  отбасыларына  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгіленген  тәртіппен  әлеуметтік  көмек  беру  арқылы  қолдау  көрсетеді.  Ата-анасы  немесе  басқа  да 
заңды  өкілдері  өздерінің  қабілеті  мен  қаржы  мүмкіндіктері  шегінде  баланың  жан-жақты  дамуы  үшін 
қажетті  жағдай  жасауға  міндетті.  Ата  анасы  баланы  тәрбиелеуге,  оны  күтіп  бағуды  жүзеге  асыруға, 
материалдық жағынан қолдап, оның әл ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге 
міндетті. Баланың өз ата анасымен немесе басқа да заңды өкілдерімен бірге тұруға құқығы бар. 
Баланың,  ата  анасының немесе  заңды  өкілдерінің  ықтиярынсыз  баланы  ата-анасынан  немесе 
заңды өкілдерін айыруға тыйым  салынады. Оларды айыру туралы шешімді ерекше жағдайларда және 
баланы  қорғау  мақсатында  қандай  дәрежеде  қажет  болуына  қарай  сот  қана қабылдайды.  Ата-анасы 
бір  бірінен  бөлек  тұрған  жағдай  баланың  тұратын  жері  ата-анасының  келісімімен,  ал  ол  болмаған 
жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешіледі. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке 
қасиеттері  мен  жағдайларын,  сондай-ақ  баланың  мүдделері  мен  пікір  ескереді.  Баланың  өмірі  мен 
денсаулығына қатер төндіретін жағдайлардың болуын қоспағанда баланың өзінен бөлек тұратын ата-
анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесіп, араласып тұруға құқығы бар. Бала құқығын шектеуге 
байланысты  туындаған,  осы  бапта  көзделген  даулар  сот  тәртібімен  шешіледі.  Ата  анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаға  оның  мүліктік  және  мүліктік  емес  жеке  құқықтарын  қорғау  үшін 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгіленеді. Қорғаншылық 
он төрт жасқа толмаған балаларға белгіленеді, ал қамқоршылық он төрт жастан, он сегіз жасқа дейінгі 
кәмелетке толмағандарға белгіленеді. 
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады. 
Ата  анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  соның  ішінде  тәрбиелеуші,  емдеуші  немесе  басқа  мекемеге 
балаға  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  патронат  белгіленуі  мүмкін.  Қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  белгіленген  баланың  аға  інілері  және  апа  сіңілілері  бар  болса,  олардың  бірге 
тұруы  үшін  жағдай  жасалады.    Отбасында  өсіріп  жетілдіру  мен  тәрбилеу  үшін  жағдайлар  жасау 
мақсатында  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін. 
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала,  оны  отбасында  тәрбиелеуге  беруге  мүмкіндік 
болмаған  жағдайда,  тәрбиелейтін,  емдейтін  немесе  сол  сияқты  өзге  де  балалар  мекемелеріне 
орналастырылуға тиіс. Балаға тиесін алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер оның жеке 
шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен төленеді. 
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  тәрбиелейтін,  емдейтін  және  сол 
сияқты өзге де мекемелердегі балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың 
күтіп  бағуды  пайдалануға,  тәрбие,  білім  алуға,  жан-жақты  дамуға,  ар  ожданы  мен  қадір  қасиетінің 
құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, ана тілінің, мәдениетінің, ұлттық әдет ғұрпы мен 
дәстүрінің  сақталуына  құқығы  бар.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  тәрбиеленетін, 
емделетін  және  сол  сияқты  өзге  де  мекемелердің  аталған  мекемелердегі  балаларға  қатысты 
педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлері Қазақстан Республикасының заң 
актілеріне  сәйкес  жауаптылықта  болады.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған 
тәрбиелейтін, емдейтін және соған ұқсас басқа да мекемелердегі баланың құқықтары мен мүдделерін 
қорғауды,  оның  жұмысқа  орналасуына  жәрдемдесуді  жергілікті  атқарушы  органдар  жүзеге  асырады. 
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған жетім балаларға Қазақстан Республикасының 
тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет