Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор


Список используемой литературы



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Список используемой литературы: 
1.  Аханов.К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы, 2002,- 664с. 
2.  Гумбольдт В. фон Избранные труды по языкознанию. М., 1984.  
         3.  Сары.Б.Б.  «Жоғары  оқу  орны  оқытушысын  даярлаудың  әдіснамалық  және  педагогикалық 
мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.-Ақтөбе, 2007ж., 149-151сс. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются навыки развития коммуникативной компетенции у учащихся 
начальных классов. Так же раскрыто содержание понятия «компетенция». 
 
Summary  
 
Is  this  article  the  development  of  communicative  competence  skills  for  primary  school  are 
considered, besides the meaning of the word "competence" comprehensively is explained. 
 
 
САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 
 
А.Қ.Нұғыманова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы 
 
Мемлекеттік  тілдің  мәселесі  –  өте  маңызды,  мемлекеттік  мәні  зор  мәселе.  Елбасымыз 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларының бірінде: «Біз қазақ халқының 
сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілі мен  мәдениетін    сақтап,  түлете  береміз.  Сонымен  қатар ұлтаралық  және 
мәдениетаралық  келісімді,  біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері  дамуын  қамтамасыз  етеміз»,  -  деп 
басты бағытымызды айқындап берді.  
Басын ашып айтатын бір мәселе, мемлекеттік тілге ешкім де қарсы емес. Бірақ күнделікті қоғам 
өмірінде  оның  қолданылу  аясын  одан  әрі  кеңейту,  сөйтіп  шын  мәніндегі  мемлекеттік  тіл  деңгейіне  
көтеру  тұрғысында  ойланатын  жайлар  баршылық.  Көпшілік,  негізінен  билік  орындарының,  іс 
басындағы жауапты азаматтардың, мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліне салғырт қарауына ренжиді. 
Мемлекеттік  органдардың  қазақша  сөйлемейтініне  өкпелейді.  Тіліміздің  конституциялық  құқығын 
талап  етеді.  Қабылданған  заңдар  мен  қаулылардың  іс  жүзінде  орындалуын  сұрайды.  Сондай-ақ,  
басқосулар  мен  мәжілістерден  кейін:  «Қандай  нақты  шаралар  қолға  алынды,  әлде  айтылған  сөз  сол 
жерде қалды ма?» - деген сауал халықты ойлантады. Істің нәтижесін немен бағалаймыз? Мемлекеттік 
мекемелерден түскен мәліметтерге қарасақ, қағаз жүзінде бәрі де ойдағыдай секілді. Бірақ зерделеу, 
тексеру  және  анықтау  жұмыстары  мәселенің  мән-жайын  басқаша  көрсетеді.  Тіпті  қазақ  тіліне  көшті 
деген    облыстың  өзінде  құжаттар  айналымы  көп  жағдайда  әлі  де  ресми  тілде  «Ана  тілі»  газетіне 
берген  бір  сұхбатында  мемлекет  басшысы:  «Туған  тілімізге  тиісті  мәртебе  беруде  біз  ешкімнен 
кейіндеп, кешеуілдеп қалғанымыз жоқ», - деген сөз айтса, сол дер кезінде мемлекеттік мәртебеге ие 
болған тілімізді тиісті дәрежесінде дамыта алмай  отырған өзімізді кінәлаған жөн.  
«Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік Бағдарламасын» іске асыру бағытында 
орындалып  жатқан  іс-шаралар  мен  әлі  де  кезегін  күтіп  жатқан  проблемалар  қандай?  Жеткен 
жетістіктеріміз бар ма? Шешімін күткен мәселелерді қалай реттеуге болады? «Ешқандай жұмыс жүріп 
жатқан  жоқ»  деген  пікір  орынды  ма?  Соңғы  кездері    тіл  жанашырлары  тарапынан  «мемлекеттік  тіл 
жылын»  қабылдау  керек  деген  пікірлер  тағы  да  айтыла  бастады.  «Мемлекеттік  тіл  мәселесін 
науқандық жағдайда қарау қажет емес» деген пікірлер де бар. Бір жылды тіл жылы деп атау арқылы 
барлық мәселені шешіп тастауға бола ма? Әрине жоқ.  Шынында, мемлекеттік тіл жылы деп оны бір 
жылмен  шектемей,  үнемі  солай  деп  жауапкершілікпен  қабылдай  отырып,  барша  іс  басындағы 
азаматтар жоғары мүдделілік танытса, бітпейтін іс жоқ. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның 
басшысы  осы  іске  тікелей  ықпал  жасап,  оның  шешілу  жолдарын  жан-жақты  іздесе,  көп  нәрсе  тез 
арада өзгеріп шыға келер еді.  

86 
 
Осы  орайда  мемлекеттік  тілді  дамыту,  оның  қолданылу  аясын  одан  әрі  кеңейту  және 
мәртебесін  көтеру  мәселесін  барлық  жерде  кеңінен  қолға  алып,  тікелей  ұйымдастыру  іс-шараларын 
жүргізу  қажеттігін тұрақты  күн тәртібіне  қою  керек.  «Бұл жерде  ұлт пен  тіл  мәселесіне  келгенде,  ең 
бастысы  ұлттық  оқшауланудан,  томаға-тұйықтықтан  қашу  керек»  деген  Елбасымыздың  аталмыш 
сұхбаттағы сөзін басты нысана етіп ұстансақ, жоспарлы жұмыстарымыз одан әрі жүйелене түсер еді.  
Қазіргі таңда қазақ тілінің табиғатын тану, оның тұрмыстық, қызметтік және ресми мүмкіндігін 
мойындау  жақсарып  келеді.  Еліміздегі  тілдік  ахуал  туралы  халықаралық    тілші-ғалымдар 
қауымдастығы  жүргізген  зерттеу  жұмыстары  адамның  белгілі  бір  тілді  меңгеруі  ұлттық  тұтастану 
процесін сезінуіне байланысты екенін көрсеткен.  
Мемлекеттілікті  орнықтыру  бағытындағы  маңызды  жұмыстардың  бірі  сол  мемлекеттің  негізгі 
тіліне  азаматтық  жақындық  пен  жанашырлық  таныту  екен.  Мемлекеттің  легитимдігін  тану  сол  елдің 
тілін  тану  арқылы  мойындалады.  Көпэтникалық  және  мультимәдениетті  Қазақстан  негізгі  екі  тілді 
қатар дамыта отырып, бірте-бірте ұлттық құндылықтың басты қайнары – қазақ тіліне  тұғыр жасауы 
тиіс.  
Демек, тіл білуге деген құштарлық мен ізденушілік жыл сайын өсе түсуде.  Осы жерде айтатын 
басты мәселе, сол құштарлыққа сай билік орындары, лайықты мүмкіндіктер жасауы қажет.  
Мемлекеттік тілді білудің біліктілік деңгейі, лауазымды тұлғалардың қазақ тілін білу және оған 
қамқорлық  жасау  ықпалдары  да  анағұрлым  артып  келеді.  Республикамыз  бойынша  тілдік  ортаның 
алтын  қайнары  –  қазақ  мектептері  мен  бала  бақшалары  жыл  сайын  көбею  үстінде.  Мектеп  және 
жоғары  оқу  орындары  құралдарының,  оқулықтар  мен  әдістемеліктердің,  сөздіктер  мен  көрнекі 
құралдардың сапасын арттыру-  басты міндет.  
Елдің  тыныштығы,  қоғамның  тұрақтылығы,  мемлекетіміздің  бүгіні  мен  болашағы  оның  әрбір 
мүшесінің парасатты пайымы мен сындарлы санасына байланысты екенін  жақсы білеміз. Жүрекке күш 
түсірген  күрделі  мәселелердің  күрмеуін  қиындатпай,  шешілу  жолын  тығырыққа  тіремей,  байсалды 
пікірлерге айналдыра отырып, ортақ қимыл жасасақ, бітпейтін іс, орындалмайтын тірлік жоқ.  
Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты  да тұрлаулы сипат беру ұлт тағдыры, оның бірегей  
төлтума мәдениеті үшін  түбегейлі  маңызы  бар  мәселенің кері  кетуіне жол  бермеу қамы екенін айту 
керек.    Қазақ  тілінде  іс  жүргізу  әрекеті  бір  бүгін  ғана  қолға  алынып  отырған  жоқ.    Алдымен  сонау, 
аумалы-төкпелі  1921ж.  қазақ  тілінде  іс  жүргізу  міндеттеліп,  небір  пәрменді  шаралар  белгіленіп,  бұл 
салада  әжептәуір  ілгері  шаруа  тындырылып  келген  де,  ақыры  аяқсыз  қалған  екен.  Сөз  жоқ,  бұған 
ашаршылық,  тәлкілеу,  қуғын-сүргін  кезеңі,  Ұлы  Отан  соғысы,  күйзеліс  жылдары,  тың  игеру, 
демографиялық  ахуалдық ауытқуы  сияқты  ауыртпалықтардың  салқыны  тигені  аян.  Бертінде,  дәлірек 
айтқанда, 1957ж. Республика Министірлер Кеңесі қазақ тілі  жөнінде тағы да шешім қабылдағанымен, 
бұл іс те  әуелде қызу қолға алынады да, кейінірек бәсең тартып, 70-80ж. мүлде саябырсып қалады. 
Ендігі  жерде  айналып  келместі  айтып,  ақталудың  амалын  іздеу  әбестік  болар.  Қатал  жүйе  жүргізген 
солақай  саясаттың  ықпалы  тимей  қалмағаны  анық.  Қайта  сол  кезде  өзімізге,  ақырына  дейін  дәйекті 
болып,  бәріміз  бірауызды  әрекет  жасай  алдық  па,  туған  тіліміз  үшін  дұрыс  күресе  алдық  па  деген 
сауал  қою  артық  емес.  Мінекей, тіл түлетудің  тағы  бір  сәті  түсіп  отыр.  Тегінде,  мұның  бізге  берілген 
соңғы  мұрсатана  болуы  да  ғажап  емес.  Самарқаулықтан  арылып    әрекет  жасайтын,  қолға  берілген 
мүмкіндікті    барынша  пайдаланатын  сәт.  Себебі,  біздің  тіл  саласындағы  бағыт-бағдарымыз  айқын.  
Жанымызда  тіл  туралы  Заң  бар.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  қызмет  етуінің  алғы 
шарттарының  бірі-оның  қоғамдық  өмірдің  әр  алуан  саласында  қызмет  етуі  және    соған  орай    іс 
қағаздарының  қазақша  жүргізілуі.  Іс  қағаздарының,  ресми  құжаттардың    тілі  бір  жүйеге  түспей, 
стильдік  жағынан  қалыптаспай,    мемлекеттік  ресми  құжаттардың  барлығы  алдымен  қазақ  тілінде 
жазылмай,  барлық    құрылымдағы  іс  қағаздары  қазақ  тілінде  жүргізілмей  қазақ  тілінің    аясы,  қызмет 
қарымы  өрісін  кеңейте  алмайды.  Іс  қағаздары    қоғам  өмірінде  үлкен  қызмет  атқарады.  Іс 
қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.  Ұйымдар мен мекемелердің, 
кәсіпорындардың  қызмет  етуі  барысында  шығарылған  түрлі  шешімдері,  басқару  істері,  атқарған 
қызметі іс қағаздарынын айқын көрінеді. Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің 
бірі.  Іс  қағаздарын  қазақша  жүргізуді  қалыптастыру  үлкен  де  жауапты  іс.  Бұл  қалыптасып,  бір  ізге 
түскенше оның  түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары  белең алуы мүмкін. 
ҚР  Президентінің  Жарлығымен    бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекет  
баңдарламасы»  тіл    саясатын  іске  асырудың  алғашқы  кезеңінде  –  негізгі    төрт  бағытта  іс-шаралар 
жүргізілді.  Соның    бірі-ресми  іс  жүргізуді    мемлекет  тілге  кезең-кезеңмен  көшіру  болатын.  Орыс 
тіліндегі  нұсқаларды  негізге  ала  отырып,  ана  тіліміздің  заңдылықтарын  сақтап,    ұлттық  іс 
қағаздарымызды  жүргізуді  қалыптастыру  қажет.  Осы  ретте  мемлекеттік  және  мемлекет  емес 
органдарда,  мекеме,  ұйым,  кәсіпорындарда  мемлекеттік  тілде  іс  жүргізу,    қатынас  қағаздарын 
толтыру, жинақтап айтканда, құжат  айналымын іске асыру- бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе. 
Ресми  іс  қағаздар    стилі    кейде    кеңсе  стилі,  ресми    стиль    немесе  іс  қағаздары  стилі  деп  
қолданылып  жүр.  Ал    іс-құжаттары  стилінің  өзі  іштей  дипломатиялық  заң  шығарушылық  және   

87 
 
күнделікті  іс  жүргізу  стилі  болып  бөлінеді.  Заң  шығару,  сот  ісін  жүргізу,  әкімшілік-шаруашылық 
салаларында  сөйлеу  тілінің  табиғаты  екі  жақты:  оның    мазмұны  нақты  болғанымен,  сол  мазмұнды 
бейнелеудің  құралдары  дерексіз.  Кезінде  бұл    туралы    лингвист  Шарль  Балли    былай  деген: 
«Әкімшілік  тілінің  мәні  мынадан  көрінеді;  оның    негізі    ғылыми  сипатта  болады,  сонымен  бірге 
күнделікті    өмірмен  үйлесіп  жатады».  Ресми    іс  қағаздар    тілінің  ерекшелігі-  онда  деректің  дәл  
келтіріліп,  бір  ізбен  жүйелі  жазылуына  айрықша  мән  берілді.  Әрбір  ресми  құжат  басқару  қызметіне 
қатысты    көлемінде  заң  күшіне  ие,  сондықтан  да  олардың  нысаны    мен  құрамы  жағынан  бірізділігі 
және  стандартты  болуы  талап  етіледі.  Осыған  байланысты  әрбір  құжаттың  міндетті  түрде 
қолданылатын тұрақты, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, басқаша айтқанда, 
реквизиттері  болады.  Нысаны  мен  үлгісі  жағынан  сауатты  жазылған,  қажетті  мәліметтерді  толық 
қамтыған  ресми  құжаттың  заң    күші  де  нақты  болады.  Демек,  қазақ    тілінде  ресми  құжаттарды 
әзірлейтін  және  оларды  ұйымдастыру,  реттеу,  құжаттау  ісімен  айналысатын  адамға  тілді  жақсы  білу 
талабы қойылады. 
Тіліміздің  байлығын  ендігі  жерде  әрі  ұғымды  дәл  мағынасында,  әрбір  адамға  түсінікті  ғылым, 
өндіріс,  іс  қағаздары  тіліне  айналдыруға  ден  қойған  абзал.  Қазірдің  өзінде  Қазақстанға  егеменді    ел 
ретінде басқа  жұртшылықтың  іскер  топтарының ынта-ықыласы айрықша ауып отырған тұста тілімізді 
өмірдің  қай    саласында  болсын  қапысыз  қолданатын    деңгейге  көтеруге  күш-қажырымызды 
жұмсағанымыз дұрыс секілді. 
 
 
ЖЕНЩИНЫ В ПОЛИТИКЕ КАЗАХСТАНА 
Ертелеева Р.Б., 
ст.преподаватель АГУ им.Х.Досмухамедова 
 
 
В   Декларации  тысячелетия  ООН,  которую  подписало  большинство  стран  мира,  поощрение 
равенства  мужчин  и  женщин,  расширение  прав  и  возможностей  женщин  определены  в  качестве 
основных целей развития человечества в третьем тысячелетии.  
 
В  настоящее  время  во  всем  мире  исторически  сложившееся  доминирование  мужчин  над 
женщинами  претерпевает  изменения.  В  промышленно  развитых  и  социально  ориентированных 
странах  женщины  практически  достигли  равенства  с  мужчинами  в  вопросах  своих  прав  и 
возможностей.   За  годы  независимости  Казахстан  также  достиг  определенного  прогресса  в  области 
защиты прав и законных интересов мужчин и женщин. 
 
Казахстан является участником более 60 международных договоров по правам человека. 
 
Среди них Конвенция о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин. 
 
За  последние  годы  в  Казахстане  наблюдаются:  рост  гражданской  активности  женщин, 
увеличение количества женских неправительственных организаций. 
 
Принята  программа по  развитию женского предпринимательства на  2009 –  2015  гг.  С  целью 
повышения  конкурентоспособности  женщин  на  рынке  труда  проводится  их  профессиональное 
образование – только в прошлом году было обучено почти 26000 человек, более 60% из них устроены 
на постоянные рабочие места. 
 
Начата 
Правительством 
Республики 
Казахстан 
поддержка 
отраслей, 
в 
которых 
преимущественно заняты женщины. 
 
Поддержка Правительством РК кредитной линии для женщин предпринимателей. 
 
Создана  национальная  комиссия  по  делам  семьи  и  женщин  при  Президенте  РК,  принят 
Национальный  план  действий  по  улучшению  положения  женщин  в  РК  и  Концепция  гендерной 
политики в РК. 
 
Создана депутатская группа «Отбасы» («Семья») в парламенте РК. 
 
Создан сектор по защите прав женщин и детей в Национальном центре по правам человека.                      
 
Сотрудничество с международными организациями по вопросам гендерного равенства 
Начата гендерная экспертиза национального законодательства. 
 
Разработаны  проекты  законов  РК  «О  равных  правах  и  равных  возможностях  мужчин  и 
женщин», «О бытовом насилии» и Стратегии гендерного равенства в РК на 2006-2016 гг 
 
Постановлением  Правительства  от  27  ноября  2003  года    одобрена  Концепция  гендерной 
политики  в  РК.  Она  определила  основные  направления  гендерной  политики  в  нашей  стране  - 
достижение  сбалансированного  участия  мужчин  и  женщин  во  властных  структурах,  обеспечение 
равных  возможностей  для  экономической  независимости  женщин,  развития  своего  бизнеса  и 
продвижения по службе, создание условий для равного осуществления прав и обязанностей в семье, 
свобода от насилия по признаку пола. 
 
Ярким примером активизации деятельности женщин являются прошедшие выборы (15 января 
2012  г.),  которые  послужили  главным  предметом  сегодняшнего  обсуждения  не  только  для  тех,  кто 

88 
 
непосредственно связан с политикой, но и для всех граждан нашего государства, независимо от пола, 
возраста, социального положения, вероисповедания, национальности и т.д. 
 
Наше государство выбрало демократический путь развития, а демократия – это власть народа. 
Парламент стал многопартийным и это во многом заслуга женщин, ведь женщины составляют 
большую  часть  населения.  Они  задействованы  практически  во  всех  отраслях:  в  медицине, 
образовании, науке, культуре,  промышленности, торговле, общественном питании и т.д. 
Причем  доля  женщин  среди  специалистов  с  высшим  образованием  составляет  –  55%,  а  со 
средним  –  58%.  Следовательно,  образованных  женщин  много  и  конечно  же,  среди  них  есть 
достойные, способные самым активным образом участвовать в политической жизни страны. 
Исходя  из  данных    центра  избирательной  комиссии  из  числа  зарегистрировавшихся 
кандидатов в  депутаты  от  Народно-демократической партии  «Нур Отан» женщины  составили  свыше 
38%, количество представительниц от Коммунистической партии выросло в 2 раза и в других партиях 
женщин,  по  сравнению  с  прошлыми  выборами  стало  больше.  В  целом,  зарегистрировавшихся  в 
депутаты женщины составили – 639 человек – это на 86 человек больше по сравнению с прошлыми 
выборами. 
В  областные  и  городские  маслихаты  Астаны,  Алматы  были  предложены  в  кандидаты  75 
женщин, а в 2007 году - 60, в городские и районные маслихаты - 656 женщин, а в 2007 году было 493. 
Учитывая  предложения,  НДП  «Нур  Отан»  в  составлении  партийных  списков,  кандидатами  в 
депутаты в  Мажилис Парламента из 127 человек 26 стали женщины (2007 г.–18). По утвержденному 
политическим советом партии из 83 человек 21 стали женщины – это 25% из выбранных депутатов от 
партии  «Нур  Отан»  (в  2007  г.  –  17,3%),  от  партии  «Ак-Жол»  -  2  женщины,  от  Коммунистической 
партии – 1, от Ассамблеи народов Казахстана – 2. 
Выборы  в  местные  органы  власти  также  дали  положительные  результаты.  Например,  в 
Костанайской области из  числа  депутатов женщины  составили  – 31%  -  это  наилучший  показатель  в 
стране,  в  Актюбинской  –  27.9%,  также  положительные  изменения  произошли  в  Карагандинской, 
Акмолинской областях. 
В  Южно-Казахстанской,  Кызылординской,  Мангистауской  и  Атырауской  областях  женщин-
депутатов оказалось наименьшее число. 
 
                                                Сведения на начало 2012 года 
 Гендерный состав аппарата госслужащих: 
                                                                       Всего 
                         Мужчин 
                           Женщин 
                         35 955 чел.                
                         41, 13% 
                           51 467 чел. 
                           58, 87% 
 
Политические госслужащие 
                 
                         Мужчин 
                            Женщин 
                         2 905 чел. 
                         90, 42% 
                            308 чел. 
                            9, 58% 
 
Госслужащие акиматов 
 
                         Мужчин 
                            Женщин 
                         33 050 чел. 
                         39, 3% 
                            51 159чел. 
                            60, 7% 
 
В  целом  результаты  выборов  показали,  что  процесс  вовлечения  женщин  в  политическую 
жизнь  страны  только  начинаетс,  и  на  данное  время  существуют  еще  множество  недостатков: 
недостаточное  осознание  обществом  необходимости  гендерного  равенства.  Наличие  устойчивых 
традиционных  стереотипов  и  иррациональных  предрассудков  о  роли  и  месте  женщины  в  обществе, 
которые не способствуют политическому продвижению женщин 
 Очевидное  меньшинство  женщин  во  власти  на  уровне  принятии  решений  снижает  их 
возможности участвовать в создании справедливого социального общества. 
 Несовершенство законодательной базы, формальное равенство мужчин и женщин. 
Женщины слабо представлены на уровне принятия решений в государственных органах и на 
высокооплачиваемых работах в различных сферах экономики. 

89 
 
Отсутствие  системы  государственного  мониторинга  реализации  гендерной  политики,  а также 
гендерного анализа и гендерных индикаторов. 
Неравномерность  в  распределении  ресурсов  между  мужчинами  и  женщинами.  Женщины  в 
силу ряда социальных, культурных особенностей и традиций оказались в более трудном положении, 
чем мужчины. Женщинам труднее получить кредит, поскольку многие из них не обладают залоговым 
имуществом. 
 На  женщин  возложена  основная  часть  неоплачиваемой  домашней  работы  и  у  них  остается 
меньше времени на карьеру, повышение квалификации, самообразование. 
В целях достижения равных прав и возможностей небходимо выполнить следующие задачи: 
- добиваться того, чтобы как можно больше женщин было представлено в органах власти на 
уровне принятия решений; 
-  совершенствовать  законодательство  и  сформировать  институты  обеспечения  гендерного 
равенства, продолжить работу по обеспечению правовых механизмов защиты прав женщин, ускорить 
принятие  Закона  Республики  Казахстан  «О  равных  правах  и  равных  возможностях  мужчин  и 
женщин»; 
-  создавать  экономические  льготы  и  преференции  для  женщин,  принимать  меры  по 
улучшению здоровья матери и ребенка, обеспечить существенное повышение правовых и социальных 
гарантий для женщин; 
- повысить конкурентоспособность женщин на рынке труда с применением системы поддержки 
(консультации, помощь в обучении и трудоустройстве); 
- дальнейшему развитию предпринимательства и самозанятости среди женщин; 
-  профессиональной  переподготовке  женщин,  обучению  администрированию  и  управлению 
бизнесом; 
-  создать  широкую  сеть  центров  экономического  образования,  совершенствовать  меры  по 
развитию малого и  среднего  бизнеса путем финансовой поддержки предпринимательства,  широкого 
развития консультационных и маркетинговых услуг. 
-  реализовывать  мероприятия,  направленные  на  улучшение  условий  труда,  с  учетом 
гендерной  специфики, обеспечивать контроль за их проведением. 
-  стирание  стереотипов,  что  «политика  –  это  для  мужчин»,  ведь  демократизация  общества 
предполагает в первую очередь равноправие. 
Политика становится все более распространенной профессией и важным видом деятельности, 
вовлекающим все большее количество людей. Конечно же, что женщины выбирают и политическую 
деятельность, поскольку обладают соответствующим образованием, знаниями, амбициями, а главное 
желанием  реализовать  свои  возможности  на  сложнейшем  политическом  поприще.Предпочтение 
мужчин-политиков женщинам-политикам имеет много причин, но главными являются образ политика, 
который  должен  обладать  такими  качествами  как  лидерство,  самостоятельность,  объективность, 
масштабность  мышления,  умение  политического  маневра  –  все  эти  качества  считаются  чисто 
мужскими;  малая  экономическая  база,  так  как  мало  кто  желает  вкладывать  деньги  в  женщину-
политика.  А  ведь  кто  еще  кроме  самих  женщин  будет  решать  их  «женские»  вопросы.  Они  больше 
внимания уделяют социальным проблемам, в отличие от мужчин.  
 
Список использованной литературы: 
1.  Антология  гендерных  исследований.  Сб.пер./  Сост.  И  комментарии  Е.И.Гаповой  и  А.Р. 
Усмановой. Минск: Пропилеи, 2000 
2.Теория и методология гендерных исследований. М.: МЦГИ, 2001 
3.Хрестоматия  феминистских  текстов.  Переводы  /  Под  ред.  Е.Здравомысловой,  А.  Темкиной. 
СПб.: Дмитрий Буланин, 2000 
4.Егемен Казахстан 14.02.2012. 
5.Егемен Казахстан 16.02.2012. 
 
 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ-ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ 
 
В.С.Наурызалиева, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
 
 
Болашақта  ел  тұтқасын  ұстар  азаматтардың  өнегелі  тәрбиесі  –  бүгінгі  күн  тәртібінде  тұрған 
маңызды  мәселелердің  бірі.  Олардың  Отан  –  сүйгіштік  сезімін,  білім  мен  біліктілігін,  дағдысы  мен 
шеберлігін,    асқақ  адамшылдық  пен  адамгершілік  қадір  қасиеттерін,  жаңа    дүние  танымдық 
көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру – үлкен 
қажеттілік. Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның 

90 
 
рухани  байлығын  арттыру  болмақ.    Қазіргі  уақытта  қала  жастарын  ғана  емес,  біркелкі  ауыл  мен  ақ 
көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары 
да  өзгерген.  Олай  болса,  ұрпағымызды  тәртіпсіздік  сияқты  жаман    қасиеттерден  сақтандыру  үшін 
жастардың  бос  уақытын  дұрыс  пайдалана  біліп,  сабақтан  тыс  іс  шаралар  арқылы  ұлттың  құндылық 
қасиеттерді  бойына  дарытуымыз  қажет.  Өйткені  жастардың  бойындағы  зерігушіліктің  әдепсіздікке 
соқтыратындығын,  теріс  жолға  бастайтындығын  жиі  байқаймыз.  Мысалы,  адам  айтса  нанғысыз 
аурулардың  көбеюі, адамгершілік  қасиетіміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен 
нашақорлық,  жезөкшелік  сияқты  жат  қылықтар    мен    қатар      мейірімсіз,  қатыгез    жастар  көбеюде. 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай 
күйге түспеуіне, олардың рхани бай, адамгершілігі мықты, қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау 
кезек күттірмейтін мәселе екені анық  [1]. 
 
«Тәрбие  деген  не?»  деген  сұраққа  М.  Жұмабаевтың  анықтамасымен  жауап  берсек,  ол  -  « 
қандай болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген 
сөз  «...адам  баласының  әсіресе  жанын  тәрбие  қылу  керек  деп  ұғу  керек.  Тәрбие  төрт  түрлі:  дене 
тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие 
тегіс берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны». 
 
Білім және  тәрбие мәселесі  бүгінгі күнде  Қазақстанның  XXI  ғасырға  аяқ  басу  стратегиясының 
негізгі компоненті болып отыр. Бұл стратегияда жеке адамның қалыптасуы, дамуы, кәсіби деңгейінің 
жақсаруы,  сондай-ақ  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  рухани  және  мәдени  құндылықтар  негізінде 
ғылым  мен  практика  жетістіктеріне  жету  мақсаттары  қойылған.  Жас  ұрпаққа  үлттық  тәрбие  берудің 
негізгі  бағыттары  мен  идеялары  «Қазақстан  Республикасының  «Тіл  туралы»  заңында,  «Қазақстан 
республикасының  білім  туралы»  заңында,  сол  сияқты  Қазақстан  республикасы  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  «тәлім  тәрбие  тұжырымдамасы»,  «этномәдениет  тәрбиесі»  тағы  басқа  құжаттар 
мазмұнында айырықша атап көрсетілген. Бұл бағыттың шешімі негізінде қазіргі қазіргі педагогтің жан-
жақты кәсіби тәжірибелігі мен сапалы тәжірибелігіне байланысты. Қазақстан республикасының I және 
II  съездері  (1998,2004)  педагогикалық  кадрлар  жұмыстарының  ғылыми  ұйымдастырылуын  басты 
міндеттің бірі өтіп қойды. 
 
Қазақстан  Республикасы  өркениетті  елдің  қатарына  қосылу  үшін  жастарымызға,  жан-жақты 
сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Сондықтан  да ата-бабамыздан мирас болып қалған Ұлттық 
тәрбиені  ұрпақ  бойына  сіңіру  керек.  Біздің  қазіргі  жастар  өркениетті  елден  үлгі  аламыз  деп  өзінің 
төлтума  ұлттық  өнерін    менсінбей,  оның  асыл  қазынасын  түсінбей  босқа  әуре  болуда.  Соның 
салдарынан  имандылық,  ізгілік,  қайырымдылық  деген  ұғымдар  үмыт  болып,  адамгершілік  қасиетінен 
айырылып, азғындап барады. Адамзат қоғамының өзі жеке адамдардан тұрады. Олай болса, қоғамның 
дамуы оның әрбір мүшелерінің дамып жетілу сапасына байланысты.[2] 
 
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар 
шегу  айсыз  қараңғыда,  сүрлеу  соқпақ  іздеп  адасумен  пара-пар»  -  деді  Л.Н.  Толстой.  Өткеннен  нәр 
алмай,  рухани  азық  алмай  болашаққа  қадам  басу  және  ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан 
халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен 
парасаттылыққа  баулу  мүмкін  емес.  Тәуелсіз  ел  болғандықтан,  адамгершілік,  ұлттық  рухани 
мәдениетіміздің  бүгінгі  заман  талабыана  сай  жаңа  бағдарлам  асын  жасап,  соны  күнделікті  өмір 
салтымызға ендіруіміз қажет. Сонда ғана біз өзінің дербес рухымен мәдениеті жоғары, адамгершілікке 
бейім, санасы дамып жетілген өркениетті ел болып, адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа халықтармен 
терезесі  тең  халық  ретінде  өмір  сүре  аламыз.  Сондықтан  да  жастарымыздың  санасына  ұлттық 
ұлағаттық қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.  
 
Жастардың  ұлттық  құндылық  қасиеттерін  арттырудың  сипаттары  мен  құндылықтарын  жалпы 
және ұлттық тұрғыдан төмендегідей жіктедік. 
 
Жалпы тұрғыда: Байға дарыту, ойға қондыру, машықтандыру жолдары, жаттығу әдістері. 
 
Ұлттық тұрғыда: халыққа тән болмыстың сипатын ашу, ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері, 
әдет-ғұрып салт-дәстүрге қызығушылығы. 
 
Әр  халықтың  тәлім-тәрбиелік  мұрасы  ұлттық  құндылықтарының  маңызды  белгісі  болып 
табылады. Осы арқылы ұлттың ұлттық  тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық 
ерекшеліктерін  байыптасақ,  бұл  халық-ұрпақ  сабақтастығын  сақтап,  алысты  жақындатып,  аразды 
татуластырып,  ізетті  келіннен  таныған,  татулықты  абысыннан  тапқан,  дархандықты  даласынан, 
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан  алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, 
дауға – дәру, жауға – қару, араздыққа – араша, татулыққа – тамыр, тазалыққа – нәр, пәктікке пәрмен, 
дәстүрге дәрмен, өнерге –тұлпар, көкте сұңқар етіп тәрбиелеген. 
 
Қазақтар  «Балаңды  өз  тәрбиеңмен  тәрбиелеме,  өз  ұлтыңның    тәрбиесімен    тәрбиеле» 
дегендей,  халқымыздың  өз  бойыа  сіңген  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиесі  өзге 
ұлттардан  ерекшеленіп,  өздеріне  тән  қасиеттерді  көрсетіп  тұратындығын,  жоққа  шығара  алмаймыз. 
Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін 

91 
 
дәстүрлі  тәрбие  құндылықтарын  жоғалтпай  жалғастырып  келеді.  Халқымыздың  ұлттық  тәрбиесі 
негізінде жүйелі болған. Өйткені тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші – қолаңның 
бәрі  араласып,  бәрі  де  халықтың  баласына  ортақ  қамқор  жасаған.  «  балаңа  басқұр  қалдырғанша, 
тозбас  дәстүр  қалдыр»  деген  қазақ  халқы.  Озық  жұрттардың  санатында  болашақ  қамын  қатты 
ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: « Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» деп бекер 
айтпаған.  Біздің  тәрбиеміздің  ерекшелігі  –  қыз  балаға  қамқорлықпен  қарау.  Себебі  халқымыз  қыз 
әрбиесіне  баса  назар  аударған.  «Ел  болам  десең  –  бесігіңді  түзе»  дегендей,  тәрбие  бесіктен 
басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі – ана. Ал қазіргі заманда қыз баланы, яғни,  болашақ бесік 
иесін  тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөлуіміз  керек.  Өйткені,  қыз  бала  ертеңгі  бойжеткен,  ана, 
халқымыздың  болашағы.  Сондықтан  да  отбасының  берекесі  болмай,  Отанның  мықты  болуы  мүмкін 
емес. Яғни Қазақстанның әлем мойындайтын мемлекет болуы әрбір отбасына, оның мүшесіне, әсіресе, 
«отбасының  ұйтқысы - әйел» деген даналық сөз бабалардан болашаққа жалғасып, келеді. Баяғының 
білімпазы Ризаудин Ибн Фахруддин: «әйелдері тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз 
болған  –  халық  тәрбиесіз».  «әйелдері  пысық,  жігерлі,  талантты  болса,  халық  бай;  ал  жалқау,  салақ 
немесе  ысырапшыл  болса,  халық  тақыр  кедей  болады»  деп  бекер  айтпаса  керек.  Тіпті  «Қыз  бала 
анасына тартады» деп қорытынды жасаған халықта ақылды әжелері, инабатты аналары бар ауылдың 
бойжеткеніне  көрмей-ақ  құда  түсу  салты  бар.  Қызды  тәрбиелеу  –  ұлтты  тәрбиелеу.  «Халықты  тану 
үшін  қызын  көр»  дейді.    «Кәріге  құрмет  –  үлкенге  міндет»  демекші  үлкендерді,  қарттарды, 
ақсақалдарды  сыйлау  тәрбиеміздің  ең  басты  ерекшелігі  деп  санауға  болады.  Себебі  халқымыздың 
тарихына  үңілсек,  ұлттық  танымды  қалыптастырушы  ата-анаға  деген  көзқарас  пен  құрмет  ерекше 
болған.  яғни  халқымыздың  ұрпақ  тәрбиелеу  үрдісі,  отбасындағы  қарым  –қатынас  үлкенге  құрмет, 
кішіге ізет көрсету  тәрізді  ұлттық  дәстүрлері  әрқашан  сақталған  және  оның  ұрпақ  тәрбиелеудегі  
маңызы  айрықша,  халықтық  мінез-құлқы  мен  іс-әрекеттің   рухани  негізі.  Ата -  ананы  құрметтеу,  
үлкенді  силау, адалдық  пен  әділдік  сияқты  қасиеттеріміз  ұлттық  дәстүр  ретінде  қалыптасқан. 
Бұған  дәлел «Үлкенді  ұлықтап  өскен  ел  ойсырамайды», «кәрі, кәрінің  сөзі  дәрі», «Кәрісі  бардың,  
ырысы    бар»,    «Атасыз    үй    батасыз,    анасыз    үй    панасыз»  деген      ұлағатты    сөздеріміз,    мақал-
мәтелдеріміз  бекер  айтылмаған  болу  керек.  «Бала  - артта  қалған   із, бақыт-  ұзатылған  қыз », 
«Ұл  қызың-  мұрагерің,  ертеңгі  ізбасарың,  өшпес  ескерткішің,  жалғанда  жасар  жалғасың»-дейді  
халық.  Сондықтан  да  адалдық  құндылықтарды,  халықтық  ұранын  зор  ниетпен  бағалай  біліп,   
оларды      адамзат      мүддесіне    жарату,    «Ұлттық    тәрбиеміздің    ерекшеліктері»,  т.б.    тақырыптарда  
пікірталас,  әңгіме  жүргізу  арқылы  жастардың   ұлттық  құндылық  қасиеттерін  оятуға  міндеттіміз. 
 
ХХІ  ғ.      Басында    адамның    қоршаған    ортамен    өзара    қатынасы  күрделене    түсті.    Ол    бір  
жағынан  мәдениеттердің  ғаламдануы  мен  кірігуі,  екіншіден,   рухани  жұтаңдаудың,   азғындаудың   
үдеуі    мен,      қазіргі    жеке    тұлғаның    адамгершілік    рухани    қалыптасуын    қамтамасыз    етумен  
түсіндіріледі.    Себебі      «тәлімсіз    алған    білімнің      күні    қараң»    деп  Әл-Фараби    айтып    кеткендей,  
адам  қаншалықты   білімді  болғанымен    оның  рухани    дүниесі  таяз  болса,  ол   білімнің   түкке де   
қажеті  жоқ.  Өйткені  ол   адам  мен    қоғам  игілігіне  емес,  тек  өз  қарақан  басына   жұмсалады.  
Әр  дам  «ырыс- дәулетке  қолы  жеткен  соң,  халыққа  пайдаң  тиетін  болсын»  деген   нақыл  сөзді   
жадында    ұстауы    қажет.    Қазіргі  қоғамда      белең    алып    отырған    кейбір    келеңсіз    жайттарға   
адамдар    арасындағы      бұрыннан    қалыптасқан      адамгершілік      қарым-қатынас,    әдептілік    пен  
имандылық  бағытындағы   дәстүрлердің  бұзыла  бастауы   себеп  болып  отыр.   Оған  әлеуметтік-  
экономикалық,      саяси    және    ғаламдану      факторлары    да      әсер    етпей      қоймайды.    Адамдар  
арасында    бір-біріне      деген    силастық,    туыстық    сезімдердің      жойыла    бастауы,    жастардың  
үлкендерді    силамауының      орын    алуының      салдарынан      қарттар    үйлері    мен    жетімдер    үйлері   
көбеюде.  Адамдар   «ата – анаңа   не  істесең,  сенің  перзентің  де   саған   соны  жасайды»   деген  
халық    даналығын      ұмытып    бара    жатқандай.    Ата      бабаларымыздың      өмір    сүрген      кезеңінен  
бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін    кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі -  халық  
педагогикасы.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  тәлім  - тәрбиені  жас  ұрпақ  бойына   сіңіріп  
отыратын      арнаулы    жолдар    бар.    Мысалы,    мақал-  мәтелдер  -    имандылыққа,    адамгершілікке  
тәрбиелесі,      жұмбақтар    мен    айтыстар    ақыл  –ой    тәрбиесі,    өлең,    жыр    дастандар-    әсемдік,   
эстетикалық    тәрбиеның      әр    алуан    мәселелерін    қозғайтын      тәлімдік    материал      ретінде   
пайдаланылған.[4] 
 
Салт-дәстүрлер    ұлттық    тұрмыстың,    мәдениеттің      адам    еңбегімен  жасалған    аса    мәнді  
құрамдас  бөлігі,  сол  ұлтқа  жататын  адамдар арасындағы  мәдениеттің  деңгейін,  рухани  байлығын  
көрсететін,  басқа  ұлттар мен   халықтардан   айырмашылықтарын  білдіретін   басты  бағдары  және  
мықты  тәрбие  құралы. 
 
Олардың   басты  бағыттары: 
-    Шындық    пен        әділдіктен    айнымау,    берген    антына      берік    болу,    аманатқа    борышты  
болмау,  көрегенді  атану-  қазақ    тағылымының басты  шарты. 

92 
 
-  Ар- ождан  тазалығын  сақтау,  ақыл-ойлы,  парасатты   болу,  барлық  іс-әрекетінен,  сөйлеген  
сөзінен,  қарым-қатынасынан,  көзқарасынан   ғибрат  исі  шығып  тұруы  керек. 
-  Рухына    кір    салмау,    үлкендерді    тыңдау,    құрметтеу,    өз    қатарынан      кем    болмау,    асып-
таспау,    достық    пен    татулықты    сақтау,    ел    берекесін    сақтап,    инабатты    қайырымды    болуға  
тәрбиелеу. 
 
«Тәрбие-  ұлы    іс,      ол    арқылы    адамның    тағдыры    шешіледі»    деп    В.Белинский    айтып  
кеткендей,  бала  бойындағы    кішкентай  кемшіліктерді   дер  кезінде  түземесе,  ол  ертең   үлкен  
бір    даулы   мәселеге    жол   ашуы    әбден   мүмкін.   Бұл   үшін   жастардың    өмірге   көзқарасы  өзгеруі  
тиіс.    Ал    оны    өзгертетін      бүкіл    мемлекеттік    деңгейде    бір    бағытта        жүргізілетін    әділетті    де   
тиянақты    тәрбиелік          жұмыстар    мен      экономикалық    әлеуметтік,    қоғамдық    және    саяси  
жағдайлар.  Бүгінгі  жастар  тәрбиесіне  қатысты қоғам  алдындағы   тұрған  ең  өзекті   мәселенің  бірі 
–осы. 
 
Қазіргі  Тәуелсіз  мемлекетіміздің   туын  желбіретіп,  келер  ұрпағымызға   еліміздің  еңсесін   
түсірмей,  оны  ары қарай   өрлете  түсу  үшін қоғамға  саналы,  білімді,  ұлттық  намысы  бойында   
тасып    тұрған    «қазағым,    елім»        азаматтарды    тәрбиелеу    қажет.      Тәрбие    мәселесін      ұстаздар  
қауымының  мйынына   арта  салумен   іс  бітпейді.  Оған   атсалысу -  аға  буынның,  ұстаздар  мен  
тәрбиешілердің,  отбасындағы  ата-аналар  міндетті.  Сондықтан   мектептерде,   арнайы  орта  және  
жоғарғы  оқу  орындарында   ата– бабамыздан  келе  жатқан  тарихи  мұраларды  қастерлеп,  салт  
дәстүр  мен  ұлттық  өнерді  үйрету  қажет.Оларға     қасиетті  халық  тәрбиесінің   ерекшелігі  мен   
пайдасын  жете  түсініп,  ұлттық  тәлімнің  сыры  мен  қырын  көркемөнер  түрлерін  үйрету  арқылы  
дәріптеу  қажет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет