Бекітемін:
Мектеп директоры
Б.Б. Мустафина
«__» ________2022ж.
|
Келісемін:
Ғылыми әдістемелік жұмыс
жөніндегі орынбасары
А. Сайын
«__» ________2022ж.
|
Қаралды:
Кафедра отырысы
Қаулы №
Кафедра жетекшісі
Д.Т.Джазкбаева
«__» ________2022ж.
|
ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
ТАҚЫРЫПТЫҚ – КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
Пәні: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5Ж, 7Ә, 8Ә
Пән мұғалімі: Джазкбаева Ш.Т
Сағат саны: 23 сағат
Аптасына: 7 сағат
2021-2022 оқу жылы
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәніне арналған
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда №18382 болып тіркелді) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
«Қазақ тілі» пәнін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауыттылықпен қолдану;
Тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
Мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру
Қазақ тілі: 5-сынып – аптасына 2 сағат
7-сынып – аптасына 1 сағат
8-сынып – аптасына 1 сағат
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәніне арналған
Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда №18382 болып тіркелді) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау.Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Қазақ әдебиеті: 5-сынып - аптасына 1 сағат
7-сынып – аптасына 1 сағат
8-сынып – аптасына 1 сағат
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Достарыңызбен бөлісу: |