Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
ну мәнін берген.
Сонымен бірге, көп сөздер құрамындағы г элизияға ұшыраған. 
Қазақ тіліндегі керек, кір (у ) , өзен, үшеу сөздерінің құрамындағы 
г-нің элизияға ұшырауы орта ғасыр ескерткіштерінде-ақ кездеседі: 
кергек сөзі керек түрінде де айтылған. Бұл процесс те кей ыңғайда 
көне түркі тіліндегі омоним сөздерінің сырт құрылысы жағынан 
бір-бірінен ажырасуына себеп болған: өгүз сөзі бірде өгіз мәнінде,. 
бірде өзен мәнінде жұмсалған, г дыбысының түсіп қалуының нәти- 
жесінде қазақ тілінде екі түрлі сыпатта орныққан.
Сөз соңындағы көне түркілік г көбінесе й-ге айналған. Көне 
түркілік бег, ег қазақ тілінде бій, ій түрінде дыбысталады. Көне 
түркілік г-нің й-ге айналуы, сол арқылы сөздің фонетикалық өзге- 
рісі кейде тіл дамуының барысында болған әр түрлі қосымшалар- 
дың жалғануы арқылы көмескіленіп кеткен. Қазақ тіліндегі бүйі, 
шійкі сөздерінің құрамынан фонетикалық өзгеріске түскен көне 
түбірді, кейін жамалған қосымшаны ажыратуға болады. Көне 
ж азбалар тілінде бүйі сөзі бег, шійкі сөзі йіг түрінде дыбысталған. 
Алдыңғы сөздің қазақ тіліндегі эквивалентін салыстырсақ мына- 
дай өзгерісті көреміз: алдымен өг тіркесінің үй-ге айналуы, содан 
соң і қосымшасының жалғануы. СоҢғы сөзді салыстырғанда, басқы 
й-дің яе-ға, г-нің й-ге айналуы, содан соң -кі (сын есім қосымшасы) 
жалғануын көреміз. Сөйтіп алдыңғы фонетикалық ©згеріс жай көз- 
ге байқалмайтындай күңгірттеніп кеткен. Бұл ретте де г-нің қатаң- 
дауы байқалады. Мысалы бій сөзінің бек варианты бар. Сол 
сияқты, тұрақты тіркес құрамында айтылатын кішік сын есімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет