Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет2/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
-й-у; адақ (ат ақ> адзақ> азақ> айақ), яғни, көне түркі (д), қазір* 
гі якут тілі (т), орта ғасырлардың алдыңғы кезеңі (д з), орта ға*
8
сырлардың соңғы кезеңі (з) және қазіргі шор тш Ггс^зақ тілі. Не- 
месе -сар+ж іктелмейтін форма көне түркі, -сар-\-мын орта түркі 
дәуірінің алғашқы кезеңі, са(р)-\-мын (р дыбысының түсіріліп ай- 
тыла бастауы) орта түркі дәуірінің соңғы кезеңі, -са-\-мын жаңа 
кезең, халық тілдері қалыптасу дәуірі, қазақ тілінің біртұтас тілге 
айналуы, т. б.
«Көне дәуір ескерткіштері» деп жалпы аталатын топтың ішінен 
түркі тілдерінің құрылымын зерттеуге арналған филологиялық ең- 
бектердің орны ерекше. Олардың бастысы да, уақыт жағынан бі- 
ріншісі де Махмуд Қашқаридың «Диван луғат ат-түрік» атты 
еңбегі. Ж азылған уақыты «1069 жыл деп шамаланады. Еңбек сол 
заманғы түркі тілдері лексикасының салыстырмалы сөздігі ретін- 
де жасалған. Сонымен қатар, онда түркі тілдерінің морфология- 
лық жүйесі баяндалады. Олардың бір-бірінен фонетикалық айыр- 
машылығы да керсетілген. Махмуд Қашқари Шығыста және 
Батыста (Қытай шекарасынан батысқа, Византияға қарай) орна- 
ласқан түркі тілдерінің мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:
1) Сөз ортасында й, не з дыбысы айтылады: айақ-азақ (Шы- 
ғыс тайпалары дз аффрикатын қолданады).
2) Сөздің абсолют басында дж аффрикат дыбысы бірде айты- 
.лып, бірде түсіп қалады: ылығ суб, джинджү (інжу) (шығыс тай- 
палары й дыбысын айтады).
3) Ж іктеу есімдігінің бірінші жағы б дыбысымен бен түрінде 
айтылады (Шығыс тайпалары м дыбысын қолданады: мен).
4) Сөздің абсолют басында д дыбысын айтады: дэвэй (түйе) 
(шығыс тайпалары т дыбысымен тэвэй дейді).
5) Сөз ортасында қатаң қ, т дыбыстарын айтады (Шығыс тай- 
палары ғ, <3 дыбыстарын қолданады).
6) Шығыс тайпалары тілдеріндегі ерін-тіс в дыбысына ерін 
(билабиал) дыбысы у  сәйкес қолданылады: эв — эу.
7) Шығыс тайпалары тілдеріндегі аффикстердің басында ай- 
тылатын ғ, қ дыбыстары батыс тілдерінде түсіп қалады: барған: 
баран, тамғақ: тамақ.
8) Шығыс тайпалары тілдерінде қимыл есімін (масдар) жа- 
сайтын аффикс -қуІІ-ғу, ал батыс тілдерінде -асы: барғу — бара-сы
| (бару).
9) Істі орындаушыны білдіретін аффикс батыс тілдерінде -да- 
чыЦ-тачы, шығыс тілдерінде -ғучыЦ-кучы, бардачы: барғучи (ба- 
руиіы).
10) Ж едел өткен шақ батыс тайпалары тілдерінде -ды жіктік 
жалғауы тіркесі арқылы жасалса, шығыс тілдерінде жіктелмейтін 
аффикс -дуқ арқылы жасалған. Махмуд Қашқари еңбегінде түркі 
ТІлдеріндегі сингармонизм заңдылығы да бірінші рет сол тілдердің 
ерекшелігі ретінде түсіндіріледі. Септік жалғауларының вариант- 
ты болып келуін түбірдің құрамындағы ғ, қ (яғни, жуан), к, г (яғ- 
ни, жіңішке) дыбыстарының алмасып келуімен түсіндіреді. «Ди- 
ванда», сонымен қатар, сол заманғы түркі тілдері морфологиясы- 
ның толып ж атқан ережелері беріледі. Қысқасы, «Диван» тек 
қана XI ғасырда жазылып, бізге жеткен ескерткіш емес, туркі тіл-
9


дерінің бірінші жүйелі фонетикасы мен грамматикасы, солар жай- 
лы бірінші филологиялық еңбек.
Екінші сондай бір зерттеу «Терджуман түркий уа ғараби» деп 
аталатын шығарма. Ж азы лған уақыты 1245 ж., ж азы лған жері — 
Египет. Кіріспе бөлімінде .қыпшақ тілінің негізгі заңдылықтары 
баяндалған. Берілген сөздіктегі 1260 сөздің-басым көпшілігі қып- 
ш ақ сөздері, 70 шамалысының тұсына «Түрікменше» деген белгі 
соғылған. Соған қарағанда, сөздіктің басым көпшілігі қыпшақ 
сәздері деп ойлауға болады. Бірен-саран сөздерден басқаларында 
соңғы ғ, г
дыбыстары жоқ, тірі, қапу (қа қп а ),
т. б. Бұл еңбек жай- 
лы Ә. Құрышжановтың үлкен зерттеуі бар. Кәне қыпшақ тілінің 
біршама толық грамматикасы деп тануға болатын ортағасырлық 
зерттеу — Абу Хайианның «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» ат- 
ты кітабы. Кітап авторы Абу Хайиан Испанияның Андалузия өл- 
кесіндегі Гарнат қаласында туған. Кітап 1312 жылы сездік түрінде 
жазы лған (ол заманғы араб филологиясының туындыларының бә- 
рі де осы сипатты), 2400 сәз берілген. Олардың бірсыпырасының 
тұсына «қыпшақша», «оғызша», «бұлғарша», «тоқсуба», «ұйғыр- 
ша», «түркстандық» тәрізді сілтемелер қойылған. Бұл сілтемелер 
сол заманғы Египетте сол аталған тайпалар өкілдері өмір кешкен- 
дігін, кітап түсіндіретін тіл солардың барлығына да ортақ екенді- 
гін дәлелдейді. Көптеген сөздер мен формалар бірнеше вариантта 
берілген: арығ
— ары
(арыл, т а за ), айақ
— азақ, болм ақ
— олды, 
б у з а ғу

бұзауу,
т. б. -лы
қосымшасы, сын есім жасайтын басқа 

да қосымш алар соңғы дауыссыз дыбыстарсыз (ғ, г)
келтірілген. 
Ол заманғы мамлюк қыпшақтарының тілі ж айлы тағы бір қүнды 
зерттеу «Китаб ад-дурра ал-мудия фңллуғат ат-туркия» («Түркі 
тілінің оқып үйрену үшін ж азы лған інжу нұры») деп аталатын кі- 
тап. Бұл кітаптағы түркі сөздерінің харакаттары айқын қойылып ) 
анық берілген, сондықтан оларды қатесіз оқуға болады. Кітаптағы 
сөздер лексикалық мағыналары бойынша топтастырылған: мыса- 
лы, діни үғымға байланысты сөздер бір топ, жеміс атаулары өз 
алдына, өсімдік атаулары,, т. б. Бір бөлімде тек қана текстер (диа- 
лог түрінде) берілген.
Мысалы:

Сен қайсы шардан сен 
Мен Х әләб шардан мен

Сен нешүн маға ейтүрсен муны кібік 
(Сен не үшін маған осылай айтып тұрсын).

Сен тағрыдан қорқмассен
(Сен тәңірден қорықпайсың), т. б.1
Бұл к^елтірілген текстер жеке морфологиялық категориялар мен
формалардың қалыптасуын зерттеп білуде баға жетпес материал і 
екендігі анық. Қыпш ақ тілі.туралы зерттеулердің ішінде көлемді- I ( 
лерінің бірі — «Китабу ат-тухфати аз-закийя фи-л-лугати ат -т у р -1 
кия». Ш амамен XIV ғасырда жазь/лған болса керек. Сездік мате- ? 
риалдарының берілуі ж ағынан бұл кітап Абу^Хайиан еңбегінен де . 
жоғары бағаланады. Еңбекте 3000 сөз берілген, олардың көпшілігі |
1 Н а д ж .и п Э. Тюркоязычный памятник XIV в. «Гулистан» Сейфа Сараи 
и его язык. А., 1975, ч. I, стр. 43. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет