Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
зерттеуш іл ері 
қ а за қ тілінің алғаш қы грамматикасы деп те атайды. Бұл еңбек 
Орынбор маңын, Ж ай ы қ бойын мекендеген қазақтарды ң тілі не- 
гізінде ж азылған. Қітап матерналдарынан сол заманғы Батыс Қа-
15


зақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фонетикалық және морфоло- 
гиялық сипатын білумен қатар, ж азба тіл мен сөйлеу тілінің ара- 
сындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы т о л ы қ ' мәлімет алуға 
болады.
Оңтүстік 
Сырдария бойын 
мекендеген 
қазақтарды ң тілі 
М. А. Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская 
и узбекская» (СПб, 1875) және «Хрестоматия турецкая, персид- 
ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектерінде 
лингвистикалық және филологиялық талдаулар объектісі болды. 
Оңтүстік қазақтарының сөз үлгілері Я. Я. Лютштың «Киргизская 
хрестоматия. Сборник образцов народной литературы киргизов 
Туркестанского края» (Ташкент, 1883) деп аталатын еңбегінде бе- 
рілген. Ал сол заманғы қ а за қ ж азба тілінің үлгілері И. Н. Бере- 
зиннің «Турецкая хрестоматия» атты сериясының III томында бе- 
рілген (СПб, 1890). Қ азақ руларының атаулары, діни. салтқа 
байланысты сөздер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің «Опи- 
сание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 
1832) 
атты зерттеу еңбегінде барынша толық ж инақталған. 
В. В. Григорьев 1862 ж. орыс алфавиті арқылы қ азақ дыбыстарын 
белгілеудің жолдары туралы мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. 
наук, 1862, г. в. 2). Бұл қ азақ сөздерін мүмкіндігінше дұрыс 
берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. Григорьевтің бұл ең- 
бегінің қ азақ тілі материалдарын қағазға түсіруге практикалық 
мәні зор болды.
1894—97 жылдары қ азақ тілін зерттеуде үлкен белес бол£ан 
еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика 
казак-киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жа- 
рық көрді. Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қ азақ тілінің 
синтаксистік жүйесі бірінші рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми 
мәнін былай қойғанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ- 
тардың сөйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман ғалым тус.нік- 
темесімен бізге жетті. XIX ғасырдйк, аяғы, XX ғасырдың басында- 
ғы қазақ тілінің сөздік қоры, фонетикалық жүйесі мен грамма- 
тикалық күрамы 'В. В. Катаринскийдің 
кітаптары 
арқылы 
.брлНлі. Оның «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897), 
'«Краткий русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), 
«Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897) атты еңбектері тек 
қана Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып қоймайды. Сыр- 
дария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін қамтиды. 
Оңтүстік қазақтары тілі Ешмұхамбет Букиннің «Русско-киргиз- 
ский словарь» (Ташкент, 1885), «Русско-киргизские разговоры» 
(Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толык берілген.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс —
Д тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау 
Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи са- 
лыстырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бұл әдістің басты шар-
16
ты — ж ай салыстыру, қалай болса солай салы сты ру емес, тілдер- 
дің, тілдік фактіле,рдің тарихи байланысы мен ж үйесін сақтай 
отырып салы сты ру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет