114
консервіленген өнімдер құрамындағы қалайы және хром, гидрогенделген
майы бар өнімдердегі никель (маргарин,
аспаздық және кондитерлік
майлар), сақтауға берілетін майлы тағамдардағы темір мен мыс. Ауыр
металлдардың шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кеткен кезде
тамақтану мақсаттары үшін жарамсыз болып табылады.
Геохимиялық ауытқушылықтары бар аудандардан, металлургия,
машина жасау,
тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі кәсіпорындары
орналасқан аймақтарда; ірі автомагистральдар
мен қалаларға жақын
жерлерде; минералдық тыңайтқыштар мен басқа да агрохимикаттарды
қарқынды пайдаланғанып алынған азық-түлік шикізатындағы ауыр
металдардың құрамына ерекше назар аудару керек.
Ауыл шаруашылық өнімдердегі
токсиканттардың жинақталу
дәрежесіне әсер етеді: топырақтың және басқа заттардың ластану деңгейі;
өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері (мысалы, топырақтан
кадмий жинаудың ерекше
қабілет жапырақты көкөністерде, қызылшада
және сәбізде бар); минералды тыңайтқыштар,
пестицидтерді дұрыс
пайдаланбау; топырақтың геологиялық және агрохимиялық сипаттамасы.
Сынап өсімдіктерге оның топырақтағы концентрациясына тура
пропорционалды түрде енеді. Қышқыл топырақтарда сынап нашар еритін
формада болады (басқа ауыр металдардан айырмашылығы). Топырақта
сынап 2,1 мг/кг-ға дейін концентрацияланда
өсімдіктерде бұл элементтің
адамға қауіпті болып саналатын мөлшері жиналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: