Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

Нитрозаминдер.
Құрамында нитриттері бар өнімдерді тұрақты 
қабылдау немесе оларың қарқынды түрде нитраттардан түзілумен 
байланысты 
асқазандағы 
нитриттердің 
жоғары 
концентрациясы, 
нитрозаминдердің түзілуін туғызады. Нитрозаминдердің түзілу процесі 
күшейу үшін қажетті шарттың бірі ол бос амин топтары, мысалы, ақуыз 
құрамында. Бұл көптеген амин топтары бар шұжықтарды тұтыну кезінде 
болады және натрий нитриті тағамдық қоспа ретінде қолданылады (түс 
беру үшін). N-нитрозаминдер асқазан мен бауырда ісік өсуін күшейтетін 
канцерогенді қосылыстарға жатады. 
Полихлорланған бифенилдер (ПХБ)
құрамына антропогенді 
тектес бөгде қосылыстар – диоксиндер, сонымен қатар диоксин мен фуран 
кіреді. Адам ортасының диоксиндермен және ПХБ-мен ғаламдық ластану 
проблемасы, ең алдымен, қалдықтарды өнеркәсіптік өңдеумен (қоқыс 
жағатын зауыттар), отынды (ағаш, көмір немесе мұнай) жағумен және 
өнеркәсіп 
пен 
ауылшаруашылығында 
қолданылатын 
бірқатар 
синтетикалық қосылыстарды өндірумен байланысты. Атап айтқанда
дефолиантты пестицидтер тобына диоксин туындылары кіреді. Қоршаған 
ортада ПХБ іс жүзінде жойылмайды, әртүрлі ортада жиналады.
Әр түрлі жолдармен, соның ішінде негізгі алиментарлық жолмен, 
адам ағзасына ПХБ денсаулыққа политропты теріс әсер етеді. 
Полихлорланған бифенил адам үшін канцерогенді қосылыстарға жатады. 
Сондай-ақ, ол ағзаны сенсибилизациялауға, қайталама иммундық 
тапшылықты (лимфоциттердің т-жүйесінің депрессиясы), бауырдың уытты 
зақымдалуын тудыруы мүмкін.
Полихлорланған бифенилдер кез-келген жануарлардан алынатын 
тағамдарда жиналып, майлы тағамдар мен олардың құрамдас бөліктерінде 
шоғырланған. 


121 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
Королев А. А. Гигиена питания : учебник для студ. учреждений 
высш. образования / А. А. Королев. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: 
Издательский центр «Академия», 2014. - 544 с.
2.
Степанова
 
И. В. Санитария и гигиена питания : учебное пособие. 
– СПб . : Троицкий мост, 2010. - 224 с. 
3.
Скурихина И.М. Химический состав российских продуктов 
питания : справочник / под. ред. И.М. Скурихина, В.А. Тутельяна. – М.: 
ДеЛи Принт, 2002. 
4.
Абуова А.Б. Азық-түлік өндіру салаларының технологиялары» оқу 
құралы: 6М073500 – «Тағам қауіпсіздігі», 5B072700-«Азық-түлік 
өнімдерінің 
технологиясы» 
мамандықтарының
магистранттарына 
және студенттеріне арналған / А.Б. Гумарова, А.К. Гумарова,
Т.А. Байбатыров, Э.Р. Чинарова. – Орал : Жәнгір хан атындағы Батыс 
Қазақстан аграрлық техникалық университеті, 2015. – 344 бет
.
5.
Күзембаева Г. Азық-түлік тауарларын тану және сараптау: Оқу 
құралы / Г. Күзембаева, Қ. Күзембаев, Ф. Диханбаева, А. Матибаев.
– Астана : Фолиант, 2018. – 432 бет.
6.
Абуова А.Б. Безопасность пищевых продуктов: учебн. пос./
А.Б. Абуова, А.К. Гумарова, Ф.Х. Суханбердина. – Уральск:
Зап. – Казахст. аграр. – техн. ун. – т. им. Жангир хана, 2017. – 209 с. 
7.
Микронутриенты в питании здорового и больного человека/
[В.А. Тутельян, В. Б. Спиричев, Б. П. Суханов, В.А. Кудашева]. - М.: 
Колос, 2002.


122 
ҚОСЫМША 
Дұрыс тамақтану пирамидасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет