Пәні:Әліппе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым
Сынып : 1 Г
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия
Оспанова Айнур
Қатысқандар саны : Қатыспағандар саны :
Сабақ тақырыбы
Сөйлеу.Сөйлем.Мен оқушымын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
1.3.8.1 жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар : тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқи алады. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Көптеген оқушылар: тыңдау барысында тілдік бірліктерді қолданады, сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. Жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады
Кейбір оқушылар : Сызба бойынша мәтін құрай алады. Әріптерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Бағалау критерийлері
-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
- сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады
-Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады
-сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
-Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады.
Құндылықтарды дарыту
Шығармашылыққа, сыни тұрғысынан ойлауға,жауапкершілікке, талғампаздыққа ,
бір –біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.