Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сұрақтар:
1. Ш.А.Амонашвили: «Біздің міндетіміз - балаға өзіне сенуге көмектесу»
- дейді. Сіздің пікіріңізше, айтылған ой дұрыс па? Дұрыс десеңіз,
түсіндіріңіз. Ал өзіне сену деген не? Өмірлік мысалмен дəлелдеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, өскелең ұрпаққа қандай құндылықтар қажет? Оны
мысалмен дəлелдеп берсеңіз. 
3. «Досыңа достық қарыз іс, дұшпаныңа əділ бол» деген Абай ақылын
қалай түсінесің? Қай пəнге қандай тақырып төңірегінде сөз болғанда 
қолданар едіңіз?
4. «Таяқ сүйектен өтер, сөз сүйектен өтер»,«Тіл сүйексіз болса да, сүйектен
өтеді» нақыл сөздерін жаратылыстану пəндеріне қалай байланыстырар
едіңіз?
5. Өзіндік сана қалыптастырудың психо-физиологиялық негіздері
дегенді қалай түсінесіз?
Тапсырмалар:
1.
«Интеграция идеяларының аукционы» топпен жасалатын
шығармашылық тапсырма: Жаратылыстану-ғылыми цикл жəне өзін-өзі тану 
сабақтарының (сіздің пəніңіздің) интеграциялануының мысалдарын ойлаңыз. 
Сіз интеграцияның қандай түрін пайдаланғаныңызды көрсетіңіз. 
2. «Ұлы адамдар достығы» туралы бейнефильмдер көру, мəліметтер
жинау, қызықты əңгімелер тыңдау жəне мүмкін болған жағдайда кездесулер 
ұйымдастыру. 
3. «Менің құндылықтарға көзқарасым» тақырыбында пікірталас
сұрақтарын құрастырыңыз.
4. «Адамзатты сүю Елін, жерін сүюден басталады» тақырыбында «Жас
маман жəне ХХІ ғасыр адамы» тақырыбында жоба жасаңыз. 
5. «Адам құндылық – өмір объектісінің жоғары санасы» тақырыбында
шығармашылық жазба жұмыстарын (эссе, шығарма, өлең құрастыру жəне 
т.б.) əзірлеп, оны презентация арқылы қорғаңыз.


59
3-ТАРАУ. 
СЫНЫПТАН 
ТЫС 
ІС-ШАРАЛАРДЫ 
ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
3.1. Сабақтан тыс іс-шараларда «Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білім беру бағдарламасын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақтың ұлы ақыны Абай қарасөздерінің бірінде: «Қашан бір бала 
ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам 
болады. Содан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, 
дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана ғылым-білімді үйренсе, білсе 
деп үміт қылмаққа болады» – десе, М.Жұмабаев:
«Адамның шын 
мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен 
қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт», – дейді. Осы ұлы 
ойшылдардың ой-тұжырымдарына талдау жасай отыра, əрбір сөздің 
мағынасына терең үңіліп, нақты қорытынды жасауға болады.
Қазіргі ақпараттық қоғамдағы басты факторлардың бірі – адам. 
Адамның өзі туралы ешқандай түсінігі, айтар ой-пікірі болмаса, өзінің өмір 
жолын таңдап, анықтау оңай болмайды, оның осы заманда бақытты да 
табысты болудың жолын табу қиынға соғады. Адамның адамгершілік 
жағынан қалыптасуы туған кезінен отбасынан бастау алады. Мектепке 
дейінгі жаста балаларда алғашқы адамгершілік сезім, адамгершілік мінез-
құлықтың қарапайым дағдылары қалыптасады. Адамгершілік қасиеттерін 
дамытуда мектеп жасындағы кезеңде тұлғаның үйлесімді дамуының негізі 
қаланады [17]. Рухани-адамгершілік білім, сабырлылық, адал ниет пен еңбек 
адамды рухани тазалыққа жеткізеді. Адамгершілік тəрбиенің ұтымды тəсілі 
мен құралы арнайы құрылған танымдық міндеттер екені белгілі. Оларды 
шешу кезінде кіші жастағы оқушылар қылықтарын қарастыруды, 
жағдаяттарды талқылауды, оларға өздерінің жеке қатынасын білдіруде 
өздеріне таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Сүйіспеншілік пен 
кешірім, айналаңа қызмет ету – адамның саналы ғұмырының мақсаты. 
Мектеп балаларды жоғары адамгершілік көзқарас рухында тəрбиелеп, жан-
жақты жетілдіреді, осының нəтижесінде балаларда адал ниетпен оқып, еңбек 
ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады. Аталған тəрбиені 
жүзеге асыруда мектептерде жүргізіліп жатқан «Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білім беру бағдарламасының орны ерекше. 1-11 сыныптар 
аралығында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: ақиқат, сүйіспеншілік, 
дұрыс əрекет, тыныштық, қиянат жасамау болып белгіленді. «Өзін-өзі тану» 
сабақтарын оқытудың əдістемелік ерекшелігі – алған білімін функционалдық 
жəне шығармашылық қолдану; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; əртүрлі коммуникация 
тəсілдерін пайдалану; топта жəне жеке жұмыс істеу дағдысы; оқушы 
тұлғасының үйлесімді қалыптасу мақсатында білім беру кеңістігін құру.
Өзін-өзі тану сабағының өмірлік ұстанымы («Дəйексөз»), танымдық 
қызығушылық арқылы («Әңгімелесу»), сахналау, ойын, топтарда 
атқарылатын жұмыс коллаж жəне суреттер арқылы шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға («Шығармашылық іс-əрекет, топпен жұмыс») 


60
ұсынылған ақпаратын түйсігіне жеткізу үшін ақпаратты өзі іздестіру 
мүмкіндігіне ие. Эмоциональдық саланы дамытуға («Музыка, топпен əн 
айту»), тұрақты рухани-адамгершілік құндылықтарды, жағымды ойлауды 
дамытуға бағытталған («Жағымды көңіл-күйге келу») сабақтарының əдіс-
тəсілдері ықпал етеді [16].
3.1- cурет. Адамгершіліктің қасиеттері
Адамгершіліктің қасиеттері: ақылдылық, сəлемдесу, сыйласу, 
құрметтеу, кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділік түсіндірме ретінде 
ұсынылды (3.1-cурет). Жас ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тəрбиелеу 
үшін олардың ең алдымен өзін жəне басқа адамдарды қадірлей, сыйлай 
білуге үйреткен жөн. Мəдениеттіліктің басты белгісі – жанашырлық, 
тілектестік, мейірімділік, сыпайылық, кішіпейілділік, адамдарды құрметтеу. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мақсаты –
мінез-құлқында мəңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптасқан, 
ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз адамның мінез-құлқын 
қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» пəні – Тəуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі 
азаматтары болатын, бүгінгі жас буынға рухани-адамгершілік тұрғыдан 
бағыт-бағдар беру міндетін атқарады. Кіші мектеп жасындағы балалардың 
қызығушылығы тұрақсыз болатындықтан, оларға сыныптан тыс жұмыстар 
кезінде қызығушылығын арттыратын істерді баса ұйымдастыру қажет. Білім 
беру үрдісіндегі интеграция əртүрлі пəндер арасындағы тұрақты 
байланыстарды нығайту жəне мектептен тыс іс-шараларды бұрын алған 
білімдерін байланыстыру мақсатымен жүйелі түрде жүзеге асырылатын 
үрдіс. 
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі – тəрбие. Тəрбие 
балалардың жас жəне дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму 
дəрежесіне лайық іске асырылады. Тəрбиенің бастауы өзін-өзі тану 
сабақтарынан басталып, басқа пəндердің мазмұнынан жалпыадамзаттық 
құндылықтарды жарыққа шығару, сыныптан тыс жүргізілетін іс-əрекеттердің 
өзегі рухани-адамгершілік тақырыбында болуы, əлеуметтік орта арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет