Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Ақылдылық – адамгершіліктің санаты Сəлемдесу



Pdf көрінісі
бет34/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Ақылдылық – адамгершіліктің санаты
Сəлемдесу – адамгершіліктің бастамасы
Сыйласу – адамгершіліктің ары мен нұры
Құрметтеу – адамгершіліктің қолдаушысы
Кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділік 
– адамгершіліктің достары


61
жүзеге асырылады. Тəрбие жүйесінде сыныпта жəне сыныптан тыс тəрбие 
жұмысы ерекшелігі балалардың тұлғалық жəне жас ерекшелігіне сай 
анықталады [18]. Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын 
өзіне аударуға қол жеткізу оңайға соқпайды. Тəрбие барлық уақыт пен 
барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектей 
алмаймыз. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруға, 
олардың сезімдерін дамытуға деген бейтарап уақыт жоқ. Баланың рухани-
адамгершілік тағылымына кері əсер ететін факторлар: жат қылықты 
жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар, компьютерлік ойындар. Сондықтан 
сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық 
танытқаны жөн. Спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі 
пікірталас, əсерлі əңгімелер, мұражайға саяхат – осының бəрі рухани-
адамгершілік тəрбие үшін қажетті құралдар.
3.2 - cурет. Адамгершіліктің тəрбиелік өлшемдері
Адамгершілік тəрбиелік өлшемдерін əр мектеп балалардың жас жəне 
дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, талаптарға орай анықтауына 
болады. Ол талаптар əр сатыда түрлі болатынын ұмытпау қажет (3.2 - cурет).
Бастауыш саты оқушысына қойылатын талаптар үлгісі:

Отанын, туған жер рəміздерін білуі керек;

Өзіне-өзі қызмет етуді;

Отанын, ата-анасын, мектебін сүюі, еңбексүйгіш, жақсылық 
жасағанды ұнатуы;

Өз айналасындағылардың бəрімен жолдас болуы, өзіне шынайы дос 
таңдай білуі;

Өз бойындағы жалқаулықпен, кемшіліктерімен, жолдастарының 
жағымсыз қылықтарымен күресуі;

Туған өлке табиғатын қорғауы;

Үлкендерге, қарттарға, кішілерге, мүгедектерге оқуда, еңбекте 
көмектесуі тиіс [19].
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі – оқушылармен жүйелі түрде 
сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру. Сыныптан тыс іс-шаралардың 
негізгі ұйымдастырушысы – мұғалім, сынып жетекшісі, пəн мұғалімдері, ата-
аналар. Міндеті – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді жəне саналы 
азаматтары етіп тəрбиелеуге ықпал жасау. Ол оқушылар үшін тəлімгер жəне 
шабыт көзі болып адами құндылықтар негізінде өмірде кездесетін кез-келген 
жағдайларды адамгершілікпен шеше білуге көмектеседі. Айтылған сөз іс-
əрекет арқылы орындалып, əңгіме моральды-адамгершілік тақырыбында 
жүргізіліп отырса, онда айтылған тəрбиелі сөздер бала санасында өшпей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет