Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет59/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Мониторингтің өзектілігі:
Білім берудің əртүрлі деңгейлеріндегі «Өзін-өзі тану» пəні бойынша 
оқушылардың дайындығының міндетті (ең төменгі) деңгейіне қойылатын 
талаптар.
1-11 сынып оқушыларының білім мазмұнының базалық деңгейі
шеңберіндегі жетістіктері əр жарты жылдықтан кейін өзін-өзі бағалау жəне 
шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы бағаланады. Ал бұл жүйені 
басқа пəндерді оқыту барысында енгізу – заман талабы. Өйткені оқушы 
бастауыш, тіпті мектепке дейінгі ұйым қабырғасынан зерттеушілік қабілетін 
дамыту қажеттігі білім стандартында нақты көрсетілген. Зерттеушілік 
қабілет мектепте өз деңгейінде дамытылса, болашақ маман да осы қабілетті 
шығармашылық бағытта өрбіте алатыны анық. 
Оқушылардың жетістіктері «сынақ/есептеме» жүйесі бойынша 
бағаланады, қорытынды бағалар негізгі орта жəне жалпы орта білім берудің 
аттестаттау құжаттарында қойылады.
Кəсіби тұрғыда ұйымдастырылған мониторинг – арнайы жүйеленген, 
əдістемелік тұрғыдан негізделген, дидактикалық жағы жетілдірілген, жан-
жақты ойластырылған, оқу бағдарламасына сəйкестендіріліген, барлық 
талаптарға жауап беретін оқу-əдістемелік кешеніне жүйелі бақылау жасау. 
Ағымдағы оқу үрдісіндегі оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат жəне 
əрбір оқу жылынан кейінгі қорытынды нəтижелер бойынша портфолио 
жинақталады. Мониторинг сынақтан өткізу, енгізу, эксперимент, талдау, 
сараптау, жетілдіру компоненттерінен тұрады.
Мониторинг жүргізу барысында оқушылардың зерттелетін негізгі 
көрсеткіш өлшемдері төмендегідей: 

Тілдік қарым-қатынасқа тез түсе білуі;

Мейірімділік;


101

Жанашырлық;

Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы;

Өзін-өзі бағалау. 
Мониторинг жүргізу пəн мазмұнын игерумен қатар, тəрбие жұмысында 
да өзінің тиімділігін тəжірибеде дəлелдей білді. Оқушының психологиялық 
тұрғыдан дамуын бақылау мақсатында төмендегідей тест түрлерін жүргізуді 
ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет