Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет67/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

.
Оқулық – оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту 
мақсатына сай нақты оқу пəнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен 
баяндалатын кітап.
Оқыту – қоғамдық-тарихи тəжірибені мақсатты түрде тасымалдау 
үдерісі; білім, білу, дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыру.
Оқытушы тəжірибесі – оқытушының оқу-тəрбие жұмысында білім, 
дағды, іскерлік, əдетті игеруі.
Оқытушы іс-əрекеті – оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеумен 
байланысты міндеттерді орындау процесі.
Оқытушы іс-əрекетінің жеке стилі – түрлі міндеттерді шешудің 
тұрақты, жеке-ерекше тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.
Өзін-өзі анықтау – жеке адамның əртүрлі проблемалық ситуацияларда 
өз позициясын, бағыт-бағдарын белгілеу жəне саналы таңдау жасау.
Өзара əрекет – өзара байланысты жəне шарттылықты тудыратын 
объектілердің бір-біріне өзара əсерету процесі.
Өзін-өзі бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз 
мүмкіндігін өмір талабына сəйкес бағдарлай білуі.
Өзін-өзі бақылау – қойған мақсатына қатысты нəтижеге жету үшін 
адам өзінің мінез-құлқын жəне іс-əрекетін саналы реттеуінен көрінеді.
Өзін-өзі игеру – дұрыс ұйымдастырылмағын жағдайда іс-əрекетін 
жүзеге асыру қабілеті, ішкі еріктікті реттеу.


110
Өзіндік сана – адам санасы функцияларының ең жоғарғы көрінісі. Ол 
индивидтің өзі туралы, өзіне тəн əлеуметтік қатынастар, қажеттіліктер, 
əрекет мотивтері, мəні мен мағынасын саналы түрде ұғынып, түсіну 
барысында көрініс береді.
Өзін-өзі сендіру – бір нəрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі 
психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар).
Өзін-өзі сүю – адамның өзін-өзі бағалауында көрінетін, эмоционалды 
қатынас.
Өзін-өзі тану – бұл процесс өзіңді, өзіңнің потенциалдық жəне өзекті 
қасиеттеріңді, жеке, интеллектуалдық ерекшеліктеріңді, мінезіңді, басқа 
адамдармен өз қарым-қатынасынды тану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет