98
Оқыту əдістері
Пайдаланылмайды Мерзімді
қолданылады
Басымдылыққа
ие
Түсініктеме жəне
иллюстрациялық
Репродуктивті
Проблемалық
баяндау əдісі
Ішінара-іздеу
(эвристикалық)
əдісі
Зерттеу əдісі
Берілген кесте бойынша сараптама картасы пəнді интеграциялауда жəне
оқытудың белсенділігін арттыруды сараптай отырып, жетілдіру мақсатында
оң көмегін тигізетін кестелердің бірі.
Пилоттық білім беру ұйымдарының тəжірибесіне сүйене отыра, түрлі
білім беру жүйесіндегі сыныптан тыс іс-шаралардың бірқатарына тоқталып
өтуді жөн көрдік.
Кəсіби білім берілетін колледждерде жүйелі
«Ғылыми-шығармашылық
орталықтары» жұмыс жасайды. Орталық əр
мамандық ерекшелігіне орай
ұйымдастырылып, аталған бағдарламамен интеграциялау оң нəтижесін беріп
отыр. «Ақтөбе сазы», «Мұрагер», «Жасыл желек», «Әбіш тағылымы» жəне
т.б. ҒШО өз алдарына нақты мақсат қоя отырып, жылма-жыл өз
жұмыстарының нəтижесін рухани-адамгершілік бағытта дамытып келе
жатқандықтарын көрсете білді. Мысалы, болашақ музыка пəнінің
мұғалімі
«Ақтөбе сазы» орталығы арқылы біршама ғылыми бағытта өз жерлестерінің
əуені, сөзімен танысып, жерлес композиторларымызды үлгі тұтуға, олардың
еңбектерін насихаттап болашақ жеткіншектерге таныстыруға байланысты
нəтижелі жұмыстар атқарды.
«Атадан қалған асыл сөз» клубы арқылы лингвистикалық, əдебиет
бағытындағы сыныптан тыс іс-шараларды интеграциялау жұмысы болашақ
маман иелеріне білім берумен қатар кəсіби іздену, зерттеу,
пайымдау,
талқылау, сын айту жəне т.б. қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Білім
алушылардың кəсіби талантын аша отырып, көпшілігінің болашағына жол
ашады, өйткені аталы сөздің мəн-мағынасын терең талдай отыра,
рухани
қазына туралы мəліметтер алып, кейбір студенттер журналистика, кейбір
білім алушылардың ақындық қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасалынды.
Нəтижесінде көптеген білім алушылардың рухани-адамгершілік бағытта
шығармашылық
туындылары пайда болып, бейнелі ойлау, тіл
байлықтарының дамуына зор əсері болды. Болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мұғалімдері аталған тəжірибе түрін мектеп қабырғасында жалғастырып
жатыр. Білім алушылардың туындыларынан терең ой,
сөз бен істің бірлігі,
адамзатқа деген сүйіспеншілік, адамгершілік бағытындағы ойларын өлеңмен
99
өре отырып, тыңдарманына жеткізе білуі - «Өзін
-өзі тану» пəнінің
интеграциясының нəтижесі. Бүгінгі күні «Жыр жазамын жүрегімнен», 1, 2-
бөлімдерден құралған
«Кəусар бұлақ» жинақтары жарық көрді.
Сыныптан тыс іс-шараларға ата-аналарды тарту, оларды рухани-
адамгершілік білім беру бағдарламасымен етене таныстыру оң нəтиже беріп
отыр. Нəтижесінде
«Бұлақ көзі» ата-аналар клубы жұмысы жанданды. Бала
тəрбиесіне үштік одақты тарту мақсатында жоспарланған жұмыстар арқылы
қыз бала тəрбиесі мен ер бала тəрбиесінің ерекшеліктеріне мəн беру,
қоғамдағы келеңсіз жағдайларға ұшыраудан қорғау,
өмірге бейімдеу, бала
бойындағы мейірімділік, ата-анаға деген сүйіспеншілік, құрмет, ізет көрсету
сияқты қасиеттерді дарыту мүмкіндігіне қол жетті.
Білім алушыларға кəсіби білім, құзыреттіліктерін дамыту үшін «Өзін-өзі
тану» пəнінің жəне интеграцияланған сабақ жоспарларын талапқа сай құру
үшін, ең алдымен, оның құрылымын меңгергені жөн. Сабақтың құрылымына
орай, жұмыс түрлерін жəне интеграция түрлерін жетілдіріп отыру
мұғалімнен шығармашылық ізденісті талап етеді. Сондықтан маман иесі
заманауи
талаптарды ескере отырып, озық үлгідегі сабақ жоспарларымен
танысып, өзінің əдістемелік деңгейін көтеру бағытында жұмыстануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: