Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы


Релелік қорғаныс құралдарындағы ток трансформаторы



бет11/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
4.3 Релелік қорғаныс құралдарындағы ток трансформаторы

 

Ток трансформаторы токты өлшейтін орган ретінде  қолданылады. Қорғалатын тізбектің немесе объекттің кернеуінен релелік қорғаныс құралдарын оқшаулайды, дискретті өзгеретін трансформациялық коэффициенттерінің әртүрлілігіне байланысты 2-лік орамада токтың стандартты мәнін 5 немесе 1 А қамтамасыз етеді.



Магниттеу токты ескермесек, онда

                                                                                              (4.9)

                                                                                         (4.10)

                                                                                                  (4.11)

Мұндағы:  I1 – 2-лік ораманың орамдарына сәйкес келетін, біріншілік ток.

                 Kt – трансформация коэффициенті.

Ток трансформаторы w2>w1 2-лік өлшегіш ораманың қысқа тұйықталу тәртібінде жұмыс істейтін үлкейткіш трансформатор болып табылады.  Трансформатор орамасы желіні қамтыған кезде, 1-лік орама желі тармағына қосылады немесе біртұтас орамадан тұрады, яғни, ТА ток көзі ретінде қарастырылады. Жоғары кернеулік бос жүріс және ағын өсуінің пайда болуына, сол арқылы құрылғылардың қызып кетуіне байланысты 2-лік ораманы ажыратуға жол бермейді. Токтық қателік келесі формуламен анықталады

                                                      (4.12)

 

Токтық қателік 1-лік орамадағы токқа тікелей тәуелді: К=I1/I1ном 



мұндағы I1 – нақты ток мәні, I1ном- паспорттық (номиналды) мәні.  К<10% өсірсек, токтық қателік бірден артады.

Токтық қателік анықталуы келесідей болады:

                                                                                        (4.13)

Токтық қателік I2 және Iнам токтарындағы өзекшенің қанығуынан пайда болатын жоғарғы гармониканың бар екендігін көрсетеді. I1 және I2   фазалар ығысуын бұрыштық  қателік сипаттайды.



ТА сұлбаларды қолдану үшін бұрыш иық қателігі бірнеше градус, токтық қорғауы , нөлдік тізбекті фильтрді қолданатын токтық қорғанысы және дифференциалдық қорғанысы пайдаланылады.

Iнам  және ТА сәйкесінше қателігі жүктеменің кедергісіне тәуелді болғандықтан,  функциясын көрсететін қисық еселіктерді пайдалана отырып,  қамтамасыздандыру немесе кері есепті шешу арқылы ТА-ның жүктеме кедергісін таңдап алуға болады. 

 

        4.4 ТА-ды толық жұлдызға қосу арқылы қорғау



 

Сұлба коэффициенті . Қандай да болмасын қысқа тұйықталуда қорғаныс іске қосылады. Әдетте бұл қорғаныс  фаза арлық немесе бір фазалық қысқа тұйықталуда терең жерлендірілген бейтарабы бар желілерде қолданылады. Оқшауланған бейтарабы бар желілерде қолданылмайды, себебі мұнда тек фаза аралық ҚТ болатындықтан, фазада екі ТА жеткілікті болады.



4.5 Сурет - ТА-ды толық жұлдызға қосу арқылы қорғау



 

4.6 суретте осы сұлба үшін әртүрлі ҚТ кезіндегі реле токтарының векторлық диаграммасы көрсетілген.



4.6 Сурет - Әртүрлі ҚТ кезіндегі реле токтарының векторлық диаграммасы

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет