Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы


ТА-да екі фаза токтарының айырымы арқылы қосылған қорғаныс



бет13/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
4.6. ТА-да екі фаза токтарының айырымы арқылы қосылған қорғаныс

 

4.9  суретте ТА-да екі фаза токтарының айырымы арқылы қосылған қорғаныс көрсетілген.



4.9 Сурет - ТА-да екі фаза токтарының айырымы арқылы қосылған қорғаныс



 

Бұл сұлбада әртүрлі аттармен ТА қосылады, сондықтан реле арқылы келесі ток өтеді :



 осылайша Iв,Iс векторлары 1200 –қа жылжиды. Осыдан сұлба коэффициенті

.

Сұлбаның артықшылығы – қарапайымдылығы. Алайда кемшіліктері де бар:

а) қорғаныстың сезгіштігі, яғни қорғаныс аймағында зақымдалған  К(2)АС  фазалардағы ток қосындысы, К(2)АВ,ВС  токтарынан 2 есе көп;

б) Қорғаныс К(2)  трансформаторынан кейін істемейді, себебі Iр=Iа-Iс  нөлге тең болып қалады.

с) Қарастырылған сұлбалармен салыстырғанда кейбір К(2)  түрлерінде қорғаныс төменгі сезгішті болады.

 

Мұндай ТА қосылу сұлбасы мен реле 10кВ цехті желілерде кең және де электр қорғаныстың тұтынушылары үшін қолданылады.



ҚТ өлшемінде реле тогының векторлық диаграммасы 4.10 суретте көрсетілген.

 

 



        4.7. Симметриялы құрылымды фильтрлер арқылы қосылған релелік қорғанысы

 

Қорғаныс сезгіштігін жоғарылату мақсатымен белгілі бір құрылымдарда ток пайда болуын сипаттайтын реле тогы фаза тогына қосылмай, бөлек симметриялы құраушы токтың үш фаза жүйесіне немесе комбинациялық  құрылымдарға қосылады. 



Мұндай қосылулар үшін симметриялы құрылымды фильтрлер қолданылады.

Симметриялы ток құраушы реле тогы комбинация тогына қосылады 

                                        Iр=К1I12I20I0                                        ( 4.14)

Мұндағы К1 К2 К0-комплексті түрлендіргіш коэффициенттер фильтрі.



Симметриялы құраушы фильтрлер әртүрлі тәсілдермен орындалады.

 

4.10. Сурет - Әртүрлі ҚТ үшін реле тоқтарының векторлық диаграммалары



 

  Ең қарапайым нөлдік реттік токтар сүзгіші ТА-ның параллель жалғану сұлбасы болып табылады. Олар не үш ток трансформатор арқылы (4.11 сурет), не арнайы ток трансформатор, ТНП немесе ТНПШ (4.12 сурет) арқылы жасалады.



Сурет 4.11. ТА-ның сүзгіш ретінде параллель қосу сұлбасы



 

4.12. Сурет - Реленің арнайы ТНП немесе ТНПШ трансформаторлар арқылы сүзгіш ретінде қосу сұлбасы



 

Бұл жағдайда .



  Осындай сүзгіш арқылы қосылған ток релелердің векторлық диаграммалары 4.13 суретте көрсетілген.

  4.13 Сурет - Сүзгіш арқылы қосылған ток реленің векторлық диаграммасы

 

  Бұдан сұлбаның тек жерге тұйықталудан ғана қорғау үшін қолданатынын көруге болады.



Қорытындылар:

  а) ТА-ның толық жұлдызша (үшбұрыш) қорғаныс сұлбасы ҚТ –дың барлық түрін байқайды;

   б) толық емес жұлдызша сұлбасы және екі фазаның ток айырмасы фаза аралық ҚТ-ды және бірқатар жағдайларда жерге ҚТ-ды байқайды;

  в) жерге ҚТ кезінде реленің нөлдік сымға қосылған толық жұлдызша сұлбасы және ТА-ның параллель жалғану сұлбасы қолданылады. Себебі олар нөлдік реттік токтардың сүзгіші болып табылады.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет