Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы


Кернеуі 1000 В төмен және жоғары асинхронды және синхронды қозғалтқыштардың қорғанысы



бет22/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

8.2 Кернеуі 1000 В төмен және жоғары асинхронды және синхронды қозғалтқыштардың қорғанысы

 

Кернеуі 1000 В төмен ЭҚ фаза аралық ҚТ және асқын жүктемеден қорғау үшін балқымалы сақтандырғыштар, электромагнитті және жылулық ағытқышы бар автоматты ажыратқыштар қолданылады да соңғылары бір уақытта коммутация функциясын және қорғанысты жүзеге асырады.



8.1 суретте электр қозғалтқыштың қорғаныстық сұлбасы ҚТ қорғанысы үшін КА1, КА2, КА3 тоқтық релелері арқылы жүзеге асырылатын тоқ үзіндісі, фазаның біреуіне қосылған КТ4 уақыт ұстанымы бар тоқтық реле қорғанысы және уақыт релесі қолданылады.

Кез келген реленің істеуі тізбектегі КМ орауышының түйістіргішіне  сәйкес түйіспесі ажырайды және ЭҚ жүйеден ажыратылады.   



8.1 Сурет - Түйістіргіш арқылы қосылған электрқозғалтқыш қорғанысының принципиалды сұлбасы

 

Асқын жүктемеден қорғану КА4 және КТ релесін пайдалану арқылы жүзеге асады. Ұзақ асқын жүктеме немесе созылған іске қосу кезінде уақыт релесі іске қосылады және КТ түйіспесімен КМ орауышының тізбегін ажыратады.



Қозғалтқыш қорғанысы сақтандырғыштармен – 50 кВт-қа дейін, ал автоматтармен – 1000 кВт-қа дейін.

Сақтандырғыштармен қорғалу кезінде тоқ қыстырмасы:



 – жеңіл іске қосу,

 – ауыр іске қосу,

мұнда Іп – ЭҚ-нің іске қосылу тоғы.

Электромагнитті ағытқышы (ток үзіндісі) бар автоматтың ток тағайыншамасы:

Кернеуі 1000 В жоғары электр қозғалтқыштар қорғанысы үшін:

 көп фазалы ҚТ-дан тоқ үзіндісі және дифференциалды қорғаныс

    қолданылады;

 жерге тұйықталудан – МТҚ нөлдік тізбектелген сүзгісімен;

 асқын жүктелген тоқтардан – МТҚ.



Синхронды қозғалтқыштарда асинхронды режімнен қорғау үшін МТҚ қолданылады және ҚТ қатынасымен (ҚТҚ)  қозғалтқыштар үшін – МТҚ тәуелді сипаттамасымен, ал ҚТҚ ,6 – МТҚ тәуелсіз сипаттамасымен. Асинхронды режім кезінде соққы тоғынан сенімді қорғану үшін МТҚ қосымша ұстаным беруі тиіс.

8.2 Сурет - ҚТҚ электр қозғалтқыштың принципиалды сұлбасы



 

Өлшеу органы – ТА арқылы КА1, КА2 (РТ-40), КА3 (РТ-80) тоқ релелері кері сымда реле мен толық емес жұлдыз сұлбасы бойынша қосылған. Екі фазалы ҚТ кезінде КА1 (немесе КА2) іске қосылады және қорғаныс KL1 релесі тудыратын тәуелсіз уақыт ұстанымы бар МТҚ сияқты ажыратады. Үш фазалы ҚТ кезінде КА3 іске қосылады – тәуелді ұстанымы бар МТҚ сияқты. KL2 релесі арқылы қосымша баяулату жасалады. Бір фазалы ҚТ қорғанысы ТА3 нөлді тізбектелген тоқ трансформаторында орындалған және КН көрсеткіштік реле көмегімен сигналға жұмыс істейді.



 



















8.3 Сурет - ЭҚ статор орамасының ҚТ-дан екі фазалы, екі релелі орындалған бойлық қорғанысының принципиалды дифференциалдық сұлбасы

 

 



 




8.4 Сурет - Статор орамасының бір фазалы жерге ҚТ-дан нөлдік тізбектілік тоғы бойынша қорғаныстың принципиалды сұлбасы

 


 









 

 

Қуаты 5000 кВт жоғары ЭҚ статор орамасын ҚТ қорғау үшін міндетті түрде екі фазалы, екі релелі орындалған дифференциалды бойлық қорғанысын қолданады. Мұндай қорғаныстың мысалы 8.3 суретте көрсетілген. Реле ретінде аралық қанығатын трансформаторы бар жай тоқ релелерін (тоқ үзіндісін) немесе арнайы реле тежеуімен қолданады.



Қорғаныс реле тежеуімен қозғалтқыштың іске қосу тоғын, сыртқы ҚТ-ның қорғанысын автоматты тереңдету үшін және ішкі ҚТ кезінде жоғарғы сезімділікті сақтауға рұқсат етеді.

Статор орамасын бір фазалы жерге ҚТ-дан қорғау үшін ҚТ тоғы 10 А көп, қуаты 2000 кВт төмен қозғалтқыштар үшін ҚТ тоғы 5 А жоғары, қуаты 2000 кВт жоғары қозғалтқыштар үшін міндетті түрде, ТНП бір орамды трансформаторда сүзгі қолданатын тоғы нөлдік тізбектелген қорғанысы қолданылады. 

Синхронды қозғалтқыш үшін қорғаныс қозғалтқышты ажыратуға және өрісті сөндіру автоматына әрекет етеді. Қорғаныс екі фазалы жерге ҚТ кезінде уақыт ұстанымсыз (КА1 релесі) және бір фазалы ҚТ кезінде уақыт ұстанымы (КА релесі) арқылы жұмыс істейді.

Сезімталдық реленің бірінші сатысы (КА) ретінде тұрақты оперативті тоқ тізбегінен қоректенетін транзисторлық релесі қолданылады.



  Кернеуі 1000 В төмен асинхронды қозғалтқыштарды асқын жүктелуден қорғау тоқтық және жылулық релелердің (немесе олардың бірлескен қиыстыруларымен) қолдануымен іске асырылады және олар фаза үзілісінен тоқтық қорғаныс кезінде кернеу релесіне орындалатын сақтандырғыш көмегімен жиі бірлесіп қорғалады. 8.5суретте магниттік іске қосуының қолдануымен бірлескен қорғаныстың осындай сұлбасы келтірілген.

8.5 Сурет - Фаза үзілісінің қорғануымен бірлескен кернеуі 1000 В асинхронды қозғалтқыштың асқын жүктелуінің қорғанысының принципиалды сұлбасы

 

KST1, KST2 жылулық (әдетте биметалдық) релелері өзінің түйіспелерімен температураның артуы кезінде іске қосқыш КМ катушкасының тізбегін ажыратады және қозғалтқышты сөндіріп тастайды.



Жылулық реленің, оның қосылуының тәсіліне байланысты номиналды тоғын Ін.жр келесі формула бойынша таңдайды

мұндағы - Iд ном қозғалтқыш фазасындағы номиналды ток, Кт – ток трансформаторының номиналды тогы.

      Фаза үзіліс релесі – кернеу релелері КН1, КН2, КН3 сақтандырғыштың балқыма пластинасы күйгеннен кейін қосылып двигательді өшіреді.

  Кернеуі 1000В-тан жоғары асинхронды двигательдерді асқын жүктелуден әдетте жылу релелері емес, уақыт ұстанымы бар токты релелер қорғайды. Фаза үзілуден қорғауды арнайы кері тізбекті ток фильтр (КТТФ) арқылы қорғайды. 8.6суретте. кернеуі 1000В-тан жоғары асинхронды двигательді қорғау сұлбасы көрсетілген.



 

8.6 Сурет - Кернеуі 1000В жоғары асинхронды қозғалтқышты асқын жүктеуден қорғау сұлбасы



 

  Фазаның ток айырымдары және КА1 релеге қосылған ТА1 ток трансформаторы өзінің түйіспелерімен ажыратуға сигнал беру арқылы асқын жүктелуден қорғайды.



  Әртүрлі фазаларға  қосылған ТА2 ток трансформаторы фаза үзілуден қорғайды. Жүктеме ретінде КТТФ элементтері шығыс кернеуі теңескен кезде, трансформатордың нормальды режимдегі IС және IА фаза ауытқуларын, фаза үзілгенде  көрсетеді. Осының нәтижесінде поляризацияланған реленің токтары бірінші жағдайда I1 = I2 = 0, екінші жағдайда I1 = I2  0, КЛ1 релесі іске қосылып, уақыт ұстанымынсыз қозғалтқышты өшіреді.

  TL автотрансформаторы сезімталдылықты өзгертуге арналған. Бұл сұлба кернеудің синусоидалдығын қажет етіп, қоректену желісіндегі жоғары гармоникаларға сезімтал болады.



  8.7 суретте қозғалтқыштар қосылған қоректену желісіндегі шығындардан қорғаныс сұлбасы көрсетілген.

8.7 Сурет - Кернеу шығынынан топтастырылған қорғаныс

 

KV1, KV2, KV3 минималды кернеу релелері сезгіш органдар болып табылады. Қорғаныс 0,5 және 5 с. тәуелсіз екі сатылы уақыт ұстанымынсыз КТ релесіне қойылады. Зарядтау құрылғыларынан қайта зарядталатын конденсаторлар оперативті токтың көзі болып табылады. Барлық фазаларда кернеу төмендегенде қорғаныс қосылады, КТ қосылып, КТ контакт уақыт ұстанымы 0,5с КL1 қосады.



  Бұл тарауда электр қозғалтқышты қорғаудың негізгі сұлбалары көрсетілген. [1] жұмыста қорғаныстың одан да күрделі сұлбалары келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет