Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы


Қозғалтқыштардың қалыпсыз тәртібі және тұйықталу түрлері



бет21/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

8.1 Қозғалтқыштардың қалыпсыз тәртібі және тұйықталу түрлері

 

Зақымдалудың қауіпті түрі статор орамасының және шығысындағы фаза аралық ҚТ болып саналады. Олар кернеудің төмендеуіне, болаттың және ораманың қирауына алып келеді, соның салдарынан басқа электр қабылдағыштардың жұмысын бұзады, сондықтан олар уақыт ұстанымынсыз ажыратылуы керек.



   Зақымдалудың басқа түрі – статор орамының бір фазасының жерге қысқа тұйықталуы, олар 3-10 кВ жүйеде аз қауіпті . Мұнда қозғалтқыш қуатына және қ.т. тоғына тәуелді қорғаныс не сигналға, не ажыратуға әрекет етуі қажет. Кернеуі 1000 В төмен қозғалтқыштар үшін ажыратылуы міндетті.

Зақымдалудың үшінші түрі статор орамның тұйықталуы болады, орамда қ.т. тоғы көп болғандықтан, орамның зақымдалуына алып келуі мүмкін. Қиратылу әрекеті аз орам санының тұйықталуында азырақ, ал көп орамның қ.т. тоғы көбірек, байқағандай индуктивтік кедергі орам санының квадратына пропорционалды.

Қорғаныс фунциялары фаза аралық және бір фазалық жерге ҚТ көбінесе бір фазалық тұйықталу қорғанысы қолданылады. Егер бұл қорғаныста уақыт ұстанымы болса, онда фаза аралық тұйықталуды уақыт ұстанымсыз ажыратуды қамтамасыз ететін қосымша қосалқы тоқтық реле орнатылады. Бұл үшін дифференциалды үш фазалы тоқтық қорғаныс қолданылады.

Синхронды қозғалтқыштар қосымша қорғанысты талап етеді:

 қоздырылу тізбегінің үзілуі асинхронды тәртіпке алып келеді;

        қоздырылу тізбегінің жерге тұйықталуынан.

Электр қозғалтқыштардың негізгі қалыпсыз режимдері асқын жүктемемен шақырылған статордағы тоқтар болады. Асқын жүктемедегі тоқтар орамның температурасын өсіруі оқшауламаның тозуының артуына алып келеді. РҚ құрылғыларын таңдау үшін рұқсат етілетін асқын жүктеме уақыты жуықталған формуламен бағаланады

мұндағы, А – коэффициент, КП – іске қосылу тоғының еселігі.

Синхронды қозғалтқыштар үшін қосымша қалыпсыз режимі болып асинхронды режимі, демпферлік орамасы ұзақ ағу тоғына есептелмеген асқын жүктеме кезінде болады.  

Қалыпсыз режимнің басқа түрі - фаза үзілісі, жұмыс кезінде қалған фазасы асқын жүктеледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет