6 Жерге тұйықталудан желілерді тоқтық қорғау
6.1 Оқшауланған бейтараптамасы бар тораптардағы жерге бір фазалық қысқа тұйықталу
Қалыптасқан жерге қысқа тұйықталу тоқтарының шамасы желінің бейтараптама режимімен анықталады. Оқшауланған бейтараптамасы бар тораптарда бір фазалы қысқа тұйықталу кезінде орнатылған тоқтардың мәні төмен болады. Доға сөндіретін катушка арқылы жерге қосылған бейтараптамасы бар тораптарда бір фазалы қысқа тұйықталу кезінде болатын тоқтарды едәуір төмендетуге болады.
Бір фазалы қысқа тұйықталулардан қорғайтын тоқтық қорғаныс осындай тораптарда қысқа тұйықталу тоғында пайда болатын жоғары гармоникаларға жауап қайтарады, сондай-ақ құрамында нөлдік реттілік фильтрлері бар бағытталған тоқтық қорғаныс қолданылады.
6.1 Сурет - Оқшауланған бейтараптамасы бар жерге бір фазалық тұйықталу кезіндегі тораптың сұлбасы және кернеулер мен тоқтардың векторлық диаграммалары
6.1.суретте көрсетілген желіде жерге бір фазалық қысқа тұйықталу жағдайында кернеулер мен тоқтардың векторлық диаграммасы орын алады (6.1.сурет), одан шығатыны
І(1)А=І(1)B+І(1)С=C(1)B=3CUB=3CUФ, (6.1.)
U(1)B=UB=Uф=UC(1). (6.2.)
I(1)A тоғының векторлық диаграммасы тура, нөлдік және кері реттіліктердің тоқтарының жүйесін көрсетіп береді, оған қоса
I(1)A =3I(1)0A=3I(1)0. (6.3.)
U(1)B, U(1)C (6.1.-сурет) кернеулерінің векторлық диаграммасы тура және нөлдік реттіліктің кернеулерінің жүйесін құрайды:
U(1)B= U(1)C =U(1)0=UФ. (6.4.)
Достарыңызбен бөлісу: |