Б. С. Саурбаева органикалық химия



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі1,28 Mb.
#81043
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
Органикалық химия (1-46 стр)




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК


ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Б.С. Саурбаева


ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛЕР

«Сәулет» және «Құрылыс» мамандықтарында күндізгі және


сырттай бөлімде оқитын студенттерге зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

Өскемен
2009


О ӘЖ 547




Саурбаева Б.С. Органикалық химия және полимерлер: «Сәулет» және «Құрылыс» мамандықтарында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттерге зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар. – Өскемен: ШҚМТУ, 2009. – 46 с.
Әдістемелік нұсқауда құрылыста ағаш өңдеуге қолданылатын ерітінділер, полимерлер, балауыздар ретінде қолданылуы мүмкін органикалық заттардың қасиеттері толық зерттелген.

Тау-кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Хаттама № 7 25.03.2009 ж.

 ШҚМТУ, 2009


МАЗМҰНЫ




Кіріспе

4

1 Органикалық химия зертханасындағы жұмыс ережелері.
Жұмыс жасаудың жалпы ережелері

5


1.1

Қопарылысқа қауіпті заттармен жұмыс жасау

5

1.2

Жанғыш заттармен жұмыс

6

1.3

Күйгенде және уланғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

6

1.4

Туындаған өртті және киімдегі жалынды өшіру

6

2 Зертханалық ыдыстар мен материалдар

7

3 Зертханалық жұмыс «Көмірсутектер.
Метанды алу және оның қасиеттері»

10

4 Зертханалық жұмыс «Көмірсутектердің галоген туындыларын алу»

14

5 Зертханалық жұмыс «Спирттер мен фенолдардың қасиеттерін зерттеу»

21

6 Зертханалық жұмыс «Альдегидтер мен кетондардың қасиеттерін зерттеу»

27

7 Зертханалық жұмыс «Карбон қышқылдарының қасиетін зерттеу.
Күрделі эфир синтезі»

34


8 Зертханалық жұмыс «Ақуыздарға (белок) сапалық реакциялар»

43

Әдебиеттер тізімі

46

КІРІСПЕ

Зертханалық жұмыстар теориялық курспен қатар жүре отырып, материалды терең және толығымен игеруге қажетті оқу процесінің негізгі этаптарының бірі болып саналады.
Зертханалық практикумның мақсаты студенттерді органикалық заттармен, олардың қасиеттерімен, оларға тән реакциялармен таныстыру болып табылады. Бұл практикумды қолдана отырып студент қарапайым синтезді жүзеге асыруды, реакциялық массадан негізгі өнімді бөліп алуды, өнімді тазалауды т.б. үйренеді
Практикум органикалық химия курсының программасына сәйкес металлургия мамандығы студенттеріне арналып құрастырылған.

1 ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ. ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


1. Зертханада жұмыс жасау барысында тазалық, тыныштық және тәртіп сақтау қажет. Тәртіпсіздік, асығыстық және салақтық келеңсіз жағдайларға әкеп соғады.


2. Зертханада су, тамақ ішуге және темекі шегуге болмайды.
3. Газды, токты және реактивтерді үнемдеу керек; реактивтерді белгі­ленген мөлшерден артық алмау керек. Қажет болмаса жанып тұрған спирт шамын өшіріп, қосылған электр аспаптарын токтан ажырату керек.
4. Раковиналарға қышқыл, сілті, отқа қауіпті және иіс шығаратын сұйық­тықтарды құймаңдар, оларды арнайы ыдыстарға құю керек.
5. Раковиналарға қағаз, құм және басқа да қатты заттарды тастамаңдар.
6. Жұмысты оқытушының рұқсатымен бастаңдар. Жұмыс жоспары жұ­мыс журналында жазылып, оқытушы қолымен бекітілген болуы керек.
7. Жұмыс барысындағы кездесуі мүмкін барлық операцияларды жіті тал­дап, содан соң ғана тәжірибені бастау керек.
9. Сұйық немесе қатты заттарды пробиркаларда (колбаларда) қыздырғанда, ыдыстың аузын өзіңізге немесе көрші студентке бағыттауға болмайды, пробиркаға (колбаға) жоғары жағынан үңіліп қараманыз, себебі қызған зат сыртқа қарап шашырап, сізді бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.
10. Жұмыс орнын таза, ұқыпты ұстау керек, оны ыдыстар, қағаз және материалдармен бөгеуге болмайды.
11. Органикалық препараттарды синтездеу барысындағы сәл ғана абай­сыз­дық, ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Сақтық шараларын сақтау тек қана жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, сонымен қатар қызметтес достарыңыздың алдындағы сіздің парызыңыз.
12. Көгерткіш қышқыл, калий немесе натрий цианиді, фосген, жай қыш­қылдардың хлорангидридтері, хлор, бром, көмір тотығы, азот оксидтері, фосфордың галоген туындылары сияқты заттармен жұмыс жасағанда ерекше абай болған дұрыс. Оларды көп мөлшерде қолданған жағдайда, арнайы бөлмелерде жұмыс жасаған абзал. Ал жалпы зертхана жағдайында жақсы соратын шкафтар астында олардың аз ғана мөлшерімен тәжірибені жүргізуге болады.
13. Май қатарының галогентуындылары-бромды этил, хлорофром, бормоформ және басқалары ерітіндіде болмаса, натрий немесе калиймен жанастырмау керек, нәтижесінде өте қатты қопарылыс болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет