«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм



бет20/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 – 25минут

25 – 28минут

28-33минут



33 -40 минут



Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның түюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану. 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар. 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері: Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Алғашқы көмек көрсету түрлері
Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет