Бағалау принциптері



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,16 Kb.
#13758
1   2   3   4   5
Портфолио түрлері

Портфолио құрудың мәселелік – тақырыптық ұсыныстары: мәселелік тақырыптық портфолио, жаңа үлкен тақырыпты үйренудің барысында, бөлімде, оқу курсында, мәнжазба жазғанда, ғылыми жұмыста, конференцияға дайындалу кезінде және т.б. Олматериалдың білгілі бір мынадай тақырыптарға сай келеді:



  • мәнжазба тақырыптарының түрлері (баяндама, мақала);

  • оқуға керекті әдебиеттер;

  • кішкене тақырыпшалар, мәселелер, зерттеу жоспары;

  • пікірталастық көзқрастар;

  • фактілер, сандар, статистикалық мәліметтер;

  • цитаталар, афоризмдер;

  • пәндердің байланысы;

  • зерттеудің қорытындылары;

  • зерттеудің шешуші қортындысы;

  • зерттеу әдістері;

  • болжамдар мен перспективалар.

Жұмыс келесі үлгілер арқылы құрылады: Ең бірінші мұғалім оқытатын тақырыбын айтады, қорғайтын портфолионың формасын түсіндіреді, жұмыстың берілген тақырыпқа сай жиналған қорытындылары оқушыларға ең басында әртүрлі деңгейдегі жұмыстар беріледі, яғни таным мен ойлау процестерінің деңгейіне сәйкес беріледі.

Тапсырманың бірдей емес мақсаттары келесі түрлер бойынша ажыратылады:

* жаңа мәліметті енгізгенде (терминдер, фактілер, түсініктер, ережелер). Егер оқушылар оқытылған терминдерді сабақ барысында қолданса, фактілерді келтірсе, ережелерді айтса ғана ісіңіз нәтижелі болмақ;

* оқытылған материалдың танылуы, оның түсіндірілуі мен құрылу жолын;

* білімдерін практикада немесе жаңа нақты шарттарда қолдану (ережелер мен теориялар);

* материалды талдауда (анализде) жеке элементтердің өзара байланысы мен логикалық құрылымын көрсету.

Егер оқушы өзі көздеген мақсатын және өзара қатынасын айыра білсе, оның себебін ұғынса жұмыс нәтижелі болмақ;

*біріктіруде (синтезде), жекелеген элементтерді біртұтасқа біріктіру іскерлігі. Егер оқушылар әртүрлі тақырыптағы мәселелерді қозғай отырып шығармашылық табысқа жетсе, онда сіздің жұмысыңыз нәтижелі болды деген сөз. Мысалға : белгілі бір тақырыпқа жазылған мәнжазба, эксперименттің жоспарын құру, орындау және белгілі бір талаптарға сәйкес бағалау;

* егер оқушы талаптарды негізге ала отырып, осы талаптардың әртүрлі жақтарын салыстырып, берілгені бойынша қорытындыларды талқыласа және өзара фактілердің арасындағы айырмашылықтарды байқай білсе, онда тағы да сіздің жұмыыңыздың еш кетпегені.

Бұл тапсырмаларды белгілі американдық психолог Б.Блумның негізінде құрылды. Бұл тапсырмалар портфолиоың мазмұны мен жауаптарын құрайды. Тапсырманың әртүрлі деңгейіне қарай белгілі бір баллдармен бағаланады. Берілген тапсырмалардан оқушылар өздеріне керектісін ала алады, қалың қою жазумен немесе жұлдызша белгісі салынған тапсырмаларды орындау міндетті, яғни сынақтан өту қажет. Оқушылардың мүмкіндіктерінше тапсырмалар деңгейіне қарай орындалады. Тапсырмаларды орындауына қарай рейтингтік балл қойылады, рейтингтік балл оның алдыңғысындай немесе тапсырманы орындай алу қабілетіне байланысты. Ретингтік балл – оқу қорытындысының айнасы. Кейбір тапсырмаларда портфолионың талаптарына сай оқушының өзін-өзі бағалауы ұсынылды. Бұл тапсырмалар өте жоғарғы деген баллмен бағаланы, тексеріс көрсеткіштері бойынша оқушының рефлекстік даму қабілеті және ойлауының жоғарғы болғанддығын анықтайды. Оқушыларда портфолионы бағалау әдістерін ұсынды: тапсырманың санына, олардың қабілет деңгейіне, өзбетінше тапсырмаларды орындауы және қосымша әдебиеттер қолданылуына байланысты. Портфолионы тексергеннен кейін оқытушыға портфолио көрсетілімі (презентация) ұйымдастыру керек.

Портфолионы қалай бағалау керек?

Қорытынды баға 4 деңгейлік жүйе бойынша іске асады:



А. Ең жоғарғы деңгей. Берілген деңгейге оқу портфолиосы жан-жақты қаралып және бағалау талаптарына сәйкес бағаланады. Портфолионың мазмұны оқушының жұмысқа дайындығын, оның ойлауын мәселелерді шешу қабілетін оның өзгелермен қарым-қатынасын, өзін бағалауы мен проблемаларды шешудегі шығармашылық қарым-қатынасының іскерлігі қаралады.

В. Жоғарғы деңгей. Бұл деңгейдің талаптарына: біршама білім мен іскерлік талап етеді. Портфолио материалының маңызды емес элементтері жетіспеуі мүмкін. Портфолионың мазмұнының ерекшелігі, оригиналдығы мен безендірілуі осы деңгейге сай келеді.

С. Орташа деңгей. Бұл деңгейде оқушы оқу портфолиосына сәйкес материалды жалпылай қамтыса болғаны қарастырылады, егер оқушы іскерлігі мен ойлауындағы даму деңгейінің көрсеткіші орташа және ауызша, жазбаша қабілет талапқа сай келмесе осы деңгемен бағаланады.

D. Төменгі деңгей. Бұл деңгейдегі оқушының қабілетін деңгейін елестету қиын. Егер оқушы тапсырманы толық орындамаса, тек қысқаша бөліктермен орындалған болса осы деңгейге сай келгені.

Оқу портфолиосының қорытынды бағасын 3 деңгейлі жүйе бойынша:

А. Жоғарға деңгей. Рефлексивті дамудың қазіргісі және келешегіне сай, оқыту процесіндегі қалыптасқан нақты дағдыларына байланысты құрылған, жинақталған материал сыни тұрғыдан талдануы сәйкес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет