Валюта биржасындағы мәмілелер кассалық (немесе «спот» мәмілесі) және мерзімдік («форвард» мәмілесі) болып бөлінеді (12.10. Сурет).
12.10. Сурет. Валюта биржасындағы мәміле түрлері
«Спот» мәмілесі бойынша мәмілені бекіту мен оны орындау мерзімдері сай келеді. Бұндай мәміледе валюта бірден, әдетте, мәмілені бекіткеннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді. Бұл мәміленің қызықтыратыны сатып алушы өзіне қажетті валютаны, ал сатушы ақшаны, яғни отандық валютаны қажет мерзімде ең аз тәуекелмен алады.
Валютамен мерзімдік мәміленің мәні бұндай мәміледе оны бекіту уақыты мен орындау мерзімі сай келмейді. Сондықтан сатушы сатып алушыға келісілген мерзімнен кейін (әдетте, бір жылда) валютаны беруге, ал сатып алушы ол үшін ақша төлеп және валютаны қабылдап алуға өзіне міндеттеме алады.
Валютамен мерзімдік мәміленің екі түрі бар: жай мерзімдік мәміле және «своп» мәмілесі. Жай мерзімдік мәміледе қатысушылар сатып алу (сату) бағамын алдын-ала белгілейді, оны форвард бағамы деп атайды. Оның негізін «спот» мәмілесінің бағамы құрайды. «Спот» бағамының репорт немесе ажио деп аталатын үстемесі немесе депорт немесе дизажио деп аталатын жеңілдігі бар. «Спот» мәмілесін жиі айырбастау мәмілесі деп те атайды. Себебі ол бір валютаны әрі сатып алу, әрі сатудың тәсілі. «Своп» мәмілесі әрі кассалық, әрі мерзімді мәмілелерді бірдей қамтуы мүмкін (яғни «своп» мәмілесінің негізінде сатып алу жүрсе, ал мерзімдік мәміле бойынша сату жүргізіледі) немесе әртүрлі уақытта орындалатын екі мерзімдік мәмілені бірдей қамтиды. Валюта биржасында мәмілеге келу жағдайын 12.11. Суреттегідей өрнектеуге болады.
Арнаулы шот ашу
Саудаға қатысушыны таңдау, Мәміленің нәтижесі
онымен келісім қатынастарына нәтижесі туралы
валютамен мәмілеге келу ақпарат
үшін мәлімдеме беру
Саудаға қатысу үшін
мәлімдеме беру
Достарыңызбен бөлісу: |