12.9. Сурет. Биржа операцияларының түрлері
Сонымен биржадағы ойыншылар - «аю» бағалы қағаз бағамының төмендеуіне, ал «бұқа» - оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды.
Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағамы, мөлшері және қандай мерзімге, қашан сатылатыны көрсетіледі. Мерзімдік мәмілелер бекіту механизміне қарай үш түрге, яғни: тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және пролонгациялық (мерзімі ұзартылған) болып бөлінеді.
Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір
мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар (бағалы қағаздардың түрі, мөлшері және сату мерзімі) өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағамы туралы өзара келісіледі.
Тұрақты мәмілені фьючерстік мәміле деп те атайды. Себебі мәміледе көрсетілген шарттар белгілі бір мерзімге дейін өзгермейді, сондықтан мәміле құжаты стандартты (өзгермейтін) түрде болады.
Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық ақы беріп, өз міндеттемесін орындаудан бас тартуына құқығы бар. Олардың мақсаты - биржа операциясы кезінде бағалы қағаздардың курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың әрқайсысы және мәміленің шартынан бас тарту құқығын қалай пайдалануы жөнінен де төрт түрге:
Достарыңызбен бөлісу: |