Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет20/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Коммерциялық (немесе саудалық) вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта са­тып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда оның орнына сатушыға басқа төлем құралы - вексельді ұсынады. Ол өзінікі болумен қатар, басқанікі де, яғни индоссацияланған (басқаға аударылғаны туралы белгісі бар) болуы мүмкін. Әлбетте, вексель айналасының негізі - коммерциялық вексельдер.

Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржылық век­сельдер деп есептеледі. Оған банктік, қазынашылық, траст және басқа да банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің баска банкке берген тратталары дәлел бола алады.

Ал қазынашылық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойын­ша қарыз міндеттемелерін беруде. Әрине қазынашылык және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет